Мен Н?рымжан Н?рпейсов На?ашыбай?лы 1992 жылы ?ызылорда облысы, ?арма?шы ауданында д?ниеге келдім. 1999 - 2010 жылдар аралы?ында ?арма?шы ауданында?ы №30 О.Шорая??лы атында?ы ?аза? орта мектебінде білім алдым. 2010 жылы ?ызылорда облысында?ы "Болаша?" университетіні? "Психология - педагогика" маманды?ына о?у?а кабылдандым. 2014 жылы о?уды бітіріп ?арма?шы ауданы, Жа?а?ала ауылында?ы №185 мектепке псхолог маманды?ы бойынша ж?мыс?а ?абылдандым. 2015 жылы ауысу т?ртібімен ?арма?шы ауданында?ы О?ушылар ?йіндегі "Руханият" ?йірмесіне жетекші ?ызметіне ауыстым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кел, ойнайы?, балалар!»
Аудандық оқушылар үйі
Ойын сабақ
“ Руханият ” үйірмесінің жетекшісі: Н.Нұрпейсов
2015-2016 оқу жылы
“ Бекітемін”
Аудандық оқушылар үйінің
директоры Н.Наурызбаева
« » « » 2016 жыл
“ Руханият ” үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін “Кел, ойнайық, балалар!” атты
ойын сабақтың
Ж о с п а р ы
Мақсаты: оқушылардың ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.Көңіл-күйді көтеру және жағымды сезіммен эмоцияны қалыптастыру.
Өтетін орны : Аудандық оқушылар үйі
Өтетін уақыты:20.01.2016 жыл, сағат 10.00-де.
Сабақтың түрі: Ойын
Сабақтың әдісі: түсіндіру. ойын жаттығуы. талдау
Көрнектілігі: Жұмсақ ойыншықтар, А4 қағазы, әр түрі стикерлер,түрлі түсті қарандаштар мен қағаздар.
Сабақтың өтілу барысы
Кіріспе бөлімі
А) Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу
Б) Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру
Негізгі бөлім
1. “ Мен ” бейнесі
2. “ Кел, ойнайық” сергіту сәті
3. “ Менің қасиетім”
4 “ Жан жүрек сыры”
5. “ Қара күйе көбелекті аулау” ойыны
6. “ Жан жүрек сыры”
Қортындылау
А) Мұғалімнің қортынды сөзі.
“ Руханият ” үйірмесінің жетекшісі: Н.Нұрпейсов
“ Руханият ” үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін “ Кел, ойнайық, балалар!”атты
ойын сабақтың жүргізілу
сценарийі
Сәлеметсіздер ме балалар? Қалдарыңыз, көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгін күн қандай тамаша. Балалар сіздердің көңіл-күйлерің жақсы болса бүгінгі сабағымызды бастайық. Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Балалар сіздер ойын ойнағанды жақсы көресіздер ме?
Балалардың пікірін тыңдау. Олай болса балалар бүгінгі біздің ойын сабағымыздың тақырыбы «Кел, ойнайық, балалар!» деп аталады.
Ойынережесі: Тақтаға үлкен ақ жүрек ілінеді.
1-жаттығу: «Мен»бейнесі. Әрбір қатысушыға «Мен» әр балаға А4 ақ қағазы беріледі. Балалар ақ қағазға өзін қалай бейнелейді, солай қағаз бетіне түсіреді. Балалар салған суреттерімен алмасып,өз пікірлерін көршілерінің суреттеріне жазады (сен әдемісің, әдептісің, мейрімдісің, ақылдысың т.б.).
«Келойнайық»сергітусәті 1.Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық. 2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық. 3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық. 4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, аяқты еденге соғайық. 5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық. 6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар. 7. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық. 8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер бір-біріміздің қолымызды алысайық.
2-жаттығу «Менің қасиетім»
Мен сіздерге өзіңізді мақтауды ұсынымын. Қазіргі кезде біреудің мақтағаны өте қажет, бірақ ол өте жиі болады. Қазір сіздерде өзіңізді мақтау мүмкіндігі бар. Сонымен мына сөйлемді аяқтаңыз: «Мен өзімді осы ........... қасиетім үшін мақтаймын» деп сөйлемді аяқтайды.
Талдау: өз-өзіңізді мақтау қиын болды ма?
Осы сәтте қандай сезімде болдыңыз?
3-жаттығу: «Жан жүрек сыры». Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.
4-жаттығу:«Қара күйе көбелегін аулау» жаттығуы. Қазір біз сіздермен адамгершілікке жат қасиеттерді жоямыз. Әрқайсыларыңыз 10 жаман қасиетті жоюларыңыз керек. Ол қасиеттер қара күйе көбелегіндей қаптап ұшып жүр.Оны қалай өлтіру керек екендігін көрсетемін. Сіздер қайталаңыздар.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады: -Менің қайрымды жүрегіме рақмет! -Менің мейрімді жүрегіме рақмет! -Менің жылы жүрегіме рақмет! -Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет! -Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет! -Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет! -Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!
Қорытынды: балаларға әр түрлі смайликтер ұсынылады, балалар сол смайликтерден тренингтен қандай әсер, көңіл-күйлері қандай болды сондай смайлик таңдап алып, конақтарға көрсетеді.