kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қарым-қатынас тренингі

Нажмите, чтобы узнать подробности

қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мәдени сөйлей білуді үйрету, өзара жағымды қарым-қатынас шеңберін арттыру, парасатты, ұйымшыл тұлға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қарым-қатынас тренингі»

Тренинг сабақ

Тақырыбы: «Қарым-қатынас және тыңдай білу»

Мақсаты: қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мәдени сөйлей білуді үйрету, өзара жағымды қарым-қатынас шеңберін арттыру, парасатты, ұйымшыл тұлға тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,өз-өзіне деген сенімін арттыру, үрей мен қобалжуын кеміту, өз ойын еркін жеткізу, көңіл-күйін көтеру.

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер , қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

Тренинг ережесі:

1. Өз ойын ашық ату

2. Өзгелердің пікірін құрметтеу

3. Белсенді әрекет ету

4. Шынайылық

5. Топтасып жұмыс жасау

1-жаттығу : Сәлемдесу . «Дәстүрлі емес сәлем»

Шарты: Бүгінгі біздің сәлемдесуіміздің дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Мандаймен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен.

Орындалу уақыты: 7 минут

Жаттығыды талкылау:

  • Өз сәлемдемеңізді қайтып алғанда қандай күйде болдыңыз?

  • Жіберген сәлемдемеңіз сол күйінде қайтты ма?

  • Олардың өзгеріске ұшырауына қандай әсер болды деп ойлайсыз?

  • Ақпарат өзгеріске ұшырамай қайтуы үшін не әрекет жасауға болады?

2-жаттығу. «Жағымды тілек». Қатысушылар шеңбер құрып отырады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күні бір-бірімізге тілектер айтуымен бастайық: Бірінші қатысуша өзіңе қарама-қарсы отырған оқушыға берілген жүрекшенің ішіне жылы сөздермен жағымды тілектер жазып, ал ол өз кезегінде келесі адамға жазып, өз тілегің білдіреді, осылай әрқайсымыз бір-бірімізге тілек айтып шығамыз».

Жаттығудың нәтижесі «Сіз өзінізді қалай сезінесіз?» деген сұрақ арқылы қысқаша талқылауға болғандықтаң болады немесе «Сіз біреуге тілек тілеген кезде қандай сезімде болғаныңызды және сізге біреу тілек тілегінде қандай хәлде, сезімде болғаныңызды әнгімелеп беріңіз?» деп ұзың деп сұрақ қоюға болады. Толқылау барысында әріптестік қатынас, қызметтестік іскерлік келіссөздер жүргізу тренингіне маныздысы-адам бойындағы қолайсыздық, оның қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескермей қатынас жасағанда орын алады деген пікір туындауы мүмкін.

  • Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы топ мүшелерінің бойынан қандай да бір қиналу сезімін байқаса, жаттығу соңынан не мазалағанын анықтау үшін « Тапсырманы орындау барысында сізді не мазалады?» деген сұрақ қоюына болады.

Орындалу уақыты: 5 минут.

3-жаттығу: «Эмоциялық күйді бейнеле».

Ойын шарты: Жетекші карточканың ішіне адамның эмоциялық күйін жазып дайындайды. Мысалға (қуаныш, қорқыныш, жеркеніш, достық,ыза, махаббат, тілектестік, менсінбеушілік). Ойынға 4 оқушы шығып осы күйлерді бір-біріне мимикамен, сипау арқылы жеткізулері тиіс. Мақсаты: вербалды емес қарым-қатынастың, жанасушылықтың дағдысының дамуы.

Орындалу уақыты: 7 минут.

4-жаттығу: «Сиқырлы қобдиша».

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиеткетсізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

5-жаттығу: Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қане, барлығымыз біріге сурет салайық. Мен үлкен парақты алып, оның бетіне бірнәрсе саламын, одан соң кенепті Торғынға беремін ( жаттықтырушының сол жағында отырған топ мүшесі). Ол оның бетіне ойына келген заттың суретін салады да, бізге не салғанның айтып, ары қарай береді».

Жаттықтырушы топ мүшелерінің қиялдағы суретті қалай салатындығын түсінгеннен кейін, суретті салуға кіріседі, ол елестеткен парақты алып. «Мен парақты алып, оған көкжиектің шетін саламын» дейді, одан кейін болашақ суретті сол жағында отырған адамға береді. Жаттықтырушы әрбір қатысушы ненің суретін салғанын мұқият тыңдап, есіне сақтайды, әрқайсының қолында болып қайтқан сурет жаттықтырушының қолына тиеді ол: «Енді мен қолыма парақты ұстап тұрмын және оның бетінен өзім салған көкжиектің шетін көріп тұрмын...» - қандай сурет салғанын сол адамға назар аудара айтады. Мысалы, «...мен оның бетінен өзім салған көкжиектің шетін, Торғын, сен салған теңізді, Берік, сен салған жағалауды, және Айдың сен салған алауды және т.с.с көріп тұрмын».

Мақсаты: Бұл жаттығуды орындау нәтижесінде топта жақсы эмоциялардың бірігуі байқалады. Кейде, тіпті, сезімдер, эмоциялар мен бейнелердің әсер етуі соншалық, нақты жұмысқа ауысуда қиындықтар туады. Мұндай кезде топ мүшелеріне «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Мүмкін сіз өз сезімдеріңіз, уайымыңызбен, ойларыңызбен бөлісерсіз?» деген сұрақтар қою арқылы сезімдері мен эмоцияларын жинақтауға мүмкіндік беру қажет.

Бұл жаттығуды топ мүшелері бір-бірін жақсы сезініп, жұмысы барысында топтық құндылықтарды аша түсетін топ жұмысының 3-4 күндерінде өткізгенде жақсы нәтиже береді.

6-жаттығу: «Жұмылған көзбен қол беріп амандас».

Бір қатысушының көзін байлайды және бөлменің орталығына отырғызады. Қалғандары кезекке өзінің алақандарын оның қолдарына қояды. Жүргізуші бір адамды таңдап осы бірінші қатысушының алақанын беріп амандасуы керек, ал ол болса кімнің қолы екенін анықтауы қажет. Кейін ойыншылар орындарымен ауысады. Мақсат: қатысушылардың арасындағы ара қатынасты байланыстырып, өз ойын дамыту.

Қоштасу

Нұсқаулық: Құрметті оқушылар отырысымызды қоштасу рәсімімен аяқтайық. Менің қолымда үзілген мойыншақтар жиыны тұр. Осы моншақтарды кезекпен бір жиынға жинай отырып, бір-бірлеріңізге жылы лебіздеріңізді білдірулеріңізді сұраймыз.

Рефлексия: Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікірлерін алма формасындағы стикерлерге жазып, қасиетті талға жабыстырады.























ХАТТАМА

Өткізілген күні: 18.01.2020 жыл

Сынып: 4

Тренинг: Қарым-қатынас

Мақсаты:қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мәдени сөйлей білуді үйрету, өзара жағымды қарым-қатынас шеңберін арттыру, парасатты, ұйымшыл тұлға тәрбиелеу.

Зерттеу барысында

анықталғаны: Қарым-қатынас тренингіне 11 бала қатысты. Оқушылар тренингке қызығушылықпен ынта-ықыластарымен қатысты. Біз оқушылардың сыныптағы қарым-қатынасын одан әрі күшейтуге үлес қостық. Тренинг 40 минутқа созылды. 11 минут қорытынды шығардық және балалардың ойларын сұрадық. Тренинг оқушыларға да, мұғалімдергеде ұнады.



Сынып жетекшіге нұсқау: Балалармен көп жұмыс жасау керек.

Ата-анаға нұсқау: Балаларына көп көңіл бөлуі керек.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қарым-қатынас тренингі

Автор: Есимбекова Куралай Тлеутаевна

Дата: 23.01.2020

Номер свидетельства: 537076

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Жарасымды қарым – қатынас» тренингі."
    ["seo_title"] => string(37) "zharasymdy_k_arym_k_atynas_trieninghi"
    ["file_id"] => string(6) "460558"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520081211"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Қарым- қатынас" тренинг"
    ["seo_title"] => string(25) "k_arym_k_atynas_trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "471684"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1527740097"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""?ріптестік ?арым-?атынас" тренинг"
    ["seo_title"] => string(36) "riptiestik-k-arym-k-atynas-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "270152"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1451022786"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«?арым – ?атынас» тренинг "
    ["seo_title"] => string(25) "k-arym-k-atynas-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "167652"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423126050"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Сенімді же?іл ?арым-?атынас» тренингі "
    ["seo_title"] => string(44) "sienimdi-zhien-il-k-arym-k-atynas-trieninghi"
    ["file_id"] => string(6) "203589"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429520311"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства