kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Изучаем общечеловеческие ценности

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аннотация

Казахские народные игры – являются ценным богатством,                           которые передаются от поколение к поколению. Народные игры казахского народа ничем не уступают популярным играм разных народов.                           Казахские народные игры занимают большое значение в общественной и социальной культурной жизни. Каждое поколение через нацинальные игры воспитывало молодежь вести здоровый образ жизни. Национальные игры способствовали развитию физических качеств, логического мышления, смекалки и находчивости развитию коммуникативных навыков, лидерских качеств. Национальные игры на уроках физической культуры и внеклассных мероприятиях являются одним из  стимулов ведения здорового образа жизни.

Summary

Kazakh folk games are valuable wealth that are conveyed from generation to generation. Kazakh folk games are not inferior to the popular games of other nations. Kazakh folk games are of great importance in the public, social and cultural life. Each generation has taught the youth to lead a healthy lifestyle through Kazakh national games. Kazakh folk games contributed to the development of physical abilities, logical thinking, wit, resourcefulness, communication skills, and skills of a leader. National games organized during physical education lessons as well as events outside of classes are one of the stimuli of leading a healthy way of life.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Изучаем общечеловеческие ценности»


Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Жалпы және этникалық кафедрасы







Тақырыбы: Әр – түрлі дәуірлердегі тәрбие теориясымен қоғамдық дамудың теориясының өзара байланыстылығы






Орындаған: Серікқалиева Д.С

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 2-курс

Тексерген: Қожахметова К. Ж








Алматы 2014ж

Жоспары:

  1. Кіріспе бөлім

  2. Негізгі бөлім

    1. Тәрбие - әлеуметтік құбылыс

    2. Әлеуметтік педагогиканың кезеңдері

    3. Әлеуметтік тәрбие

  3. Қорытынды бөлім

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




































Тәрбие - әлеуметтік құбылыс

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақ талған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Жалпы айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. 1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.






Әлеуметтік педагогиканың кезеңдері

«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады. Көптеген әлеуметтік-педагогикалық еңбектерде әлеуметтік педагогиканың дербес ғылым ретінде қалыптасуының бастауларына ертедегі дін мен қайырымдылық шараларының үлкен ықпалының болғандығы айтылады. Діни мекемелердің қай-қайсысы болмасын қашан да жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттап келген. Тарихи деректерге жүгінсек, тастанды балаларға арналған ең алғашқы тәрбие мекемесі IV ғасырда Кесария (Малайзия) қаласында орналасқан шіркеудің жанынан епископ Василия Кесарийскийдің бастамасымен ашылған. Мұндай мекемелер кейіннен 787 жылы Миландағы соборлар жанынан ашылды және ұзақ жылдар бойы Еуропадағы жалғыз балаларды қамқорлыққа алу мекемесі болып келді. Ал XIV ғасырға қарай олардың саны 30-ға жетті. Бұл мекемелерде тек балаларға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар профилактикалық жұмыстар да жүргізілді, атап айтқанда, ата-аналарға көмек көрсету, баласынан бас тартқан жағдайда оларды өзге отбасыларына асырап алуға беруді ескерту, олардың тәрбиесіне ұдайы бақылау жасап отыру секілді жұмыстар атқарылды.
Ресейде де қараусыз қалғандарға қолдау көрсету жолында шіркеулер маңызды рөл атқарып келген. Көне дәуірлерден монастырлар мен храмдар жанынан мұқтаждық көрген адамдарға ауруханалар мен қамқорлыққа алу мекемелері қызмет етіп келген. Ресейдегі мейірімділік жасау қызметтері мен мекемелерінің құрылу тарихы әлеуметтік педагогиканың дамуына ықпал етті. Ғасырлар бойы қайырымдылық пен мейірімділік көрсету шаралары қоғамдық сипат алып, тек қана руханилық пен дворяндық сипаттан шығып, өзге де таптарды қамтыды. Екатерина-2 тұсында қайырымдылық істер мемлекеттік сала ретінде қалыптасты, дәстүр бойынша императорлардың жұбайлары қамқорлығындағы ведомстволар (кейіннен министрліктер) құрылды. Бірінші «Қайырымдылық министрі» Павел І-дің жұбайы Мария Федоровна болды. Оның қамқорлығымен жетім балалар үйлері ашылып, онда музыка мұғалімдері мен тәрбиешілер даярлау кластары жұмыс істеді.
Бертін келе, қазақ қоғамында да адамды қоғамына лайықты қалыптастыру мен олардың тәрбиесіне қамқорлық жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру мәселелері басты назарға алынып, балалар мен ересектердің болашағына алаңдаушылық білдіру, сондықтан көпшілік болып қол ұшын беру, көмек қолын созу секілді дәстүрлер кеңінен насихатталған. Дінді тәрбие құралы ретінде берік ұстанған ата-бабаларымыз, жалпы түркі халқы қайырымдылық істерде ислам талаптары мен діни шарттарын ескеріп отырған. Осы тұста Хазiрет Али былай деген екен: «Балаларыңды өздерiң болмайтын уақыт үшiн тәрбиелеңдер, өйткенi олар сендер болмайтын уақыт үшiн жаратылған». Осылайша ұрпақтарын олардың заманы үшін тәрбиелеп, қоғамдық сұраныстарды ескеріп отырған. Мұндай көзқарастар қазақ халқының зиялылары көзқарастарында да жалғасын тауып келді. Атап айтқанда, зиялы тұлғалардың бірі М. Жұмабаевтың педагогикалық еңбегiнде ата-аналарға бала тәрбиесiнде былай кеңес береді: «Ата-аналар балаларын дәл өзiндей етiп тәрбиелемеуi керек, одан да мықты етiп тәрбиелеуi тиiс, себебi олардың өмiр сүретiн заманы ата-аналардың заманына қарағанда әлдеқайда талапшаң болмақ», - деп айтқан болатын. Мұның өзi баланы әлеуметтендіру идеясының халқымыз болмысында арнайы тәлімдік ғылыми теориялар мен мекемелер қызметнің жүйесінсіз-ақ, от басы - ошақ қасында жүріп-ақ іске асырылғандығынан дерекa береді. Осылайша, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі талаптары да әлеуметтендіру міндеттерімен байланыстылығын дәлелдей түседі.
Кейіннен әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова, А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып жіберді. Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген классик педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. қарастырған. Олардың педагогикалық көзқарастарының ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие нәтижесінің қайырымдылықпен, мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой-пікірлер тұжырымдалады. Ресей педагогтары тәрбиедегі маңызды міндеттердің бірі жаппай білім алуға бұқара халықтың қол жетімділігі болуын ұсынған еді. Өйткені адам өмір сүретін ортада қоршаған әлеуметтік жағдайлар міндетті түрде ықпал ететіндігін түсінді. Олардың дүниетанымы, қарым-қатынасында көрініс беретін мінез-құлқы мен іс-әрекеті, жалпы рухани деңгейінің маңыздылығын ұқты. Ең алғаш тәрбиенің халықтық сипат алуын ұсынған Ресей педагогы К. Д. Ушинский халықтық мектептердің құрылуын насихаттады. Әйтсе де, ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің бұл идеясы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында ғана жүзеге асты, сөйтіп, ересектерге арналған қайырымдылық істерді жүзеге асыратын оқу орындарының тізбегі қалыптасты. Оған зайырлы және шіркеу-приход мектептері, бастауыш училищелер, алғашқы сауаты бар адамдар үшін қайталау мектептері және т.б. енді. Әлеуметтiк педагогика адамның әлеуметтiк тәрбиесiн, яғни бүкiл өмiрi барысындағы әлеуметтiк ортаның тәрбиелiк ықпалының нәтижесiн қарастыратындықтан, бүгiнгi педагогикалық еңбектерде «тәрбие» ұғымының өзi «әлеуметтендiру» ұғымымен қатар өзара сабақттастықта қарастырылып жүр. Адамның әлеуметтiк тәрбиесiнiң қоғамдағы орны мен рөлiн анықтау оның «даму», «әлеуметтендiру» процестерi арқылы анықталады.

Әлеуметтік тәрбие дегеніміз –адамдардың қоғаммен, қоршаған ортамен және тәрбиенің бір мақсатқа бағытталған талаптарымен адамның стихиялық әрекеттестік процесін бір жүйеге келтірудің нәтижесі, әлеуметтік көрініс үлгілеріне , нормативті нұсқауларға және белгілі рөлдерге адамның белсенді бейімделу процесі. Қазіргі кезде әлеуметтік тәрбие адамдарды материалдық, әлеуметтік тұрғыдан қолдау жүйесіндегі ең қажетті факторлардың бірі болып отыр. Әлеуметтік педагогика пәні - әлеуметтік қажеттілікке, емдеуге, әлеуметтендіруге байланысты біріккен жеке адамды, топты оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. «Әлеуметтік педагогика» терминін ХІХ ғасырдың ортасында неміс педагогы Карл Магер енгізді, бірақ бұл термин ХХ ғасырдың басында ғана жаппай қолданыла бастады. Педагогика оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие теориясы мен әдістемесі ретінде пайда болып, дамыды. ХVІІІ ғасырдың аяғында жеке тұлғаның дамуының бір кезеңі ретінде ерте жеткіншектік шақ бӛлініп қарастырылып, жеткіншек ұл балалар мен қыздар педагогиканың зерттеу объектісіне айналды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамдық тәрбие жүйесі мен педагогиканың мазмұндық ауқымы кеңейе түсті.

- біріншіден жастар мен ересек жастағы адамдардың тәрбиесі;

- екіншіден әр түрлі жастағы (барлық жас қамтылған ) адамдарды қайта

тәрбиелеу және бейімдеу; Бұл тапсырыс Европа мен Америкадағы социомәдениет үрдісіне байланысты болды. Осы кезеңде жаңадан пайда болған вакумды толтыру қажеттігі туындап, кейбір педагогтар әлеуметтік педагогика сұрақтарымен айналысыпты. Бұл жерде неліктен педагогика ғылымының жаңа бөлімі қажет болды? деген сұрақ туындауы мүмкін. Енді бұл сұраққа жауап беріп кӛрейік: біріншіден үлкендер педагогикасы – андрогогика әлі күнге дейін үлкендерге білім беру мәселесімен айналысады. Кейінгі онжылдықтары андрогогикадан қарттарға білім беру мәселесінің түрлерімен айналысатын герогогика бөлініп шықты.

Екіншіден қиын балалар мен үлкендердің мәселесімен айналысқан, ХІХ ғасырдың аяғында балаларды және жас жеткіншектерді қайта тәрбиелеу, сол сияқты түзету педагогикасы пайда болып, ХХ ғасыр бойына қалыптасты.

Дегенмен дәстүрлі педагогика әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыра алмады, себебі, педагогиканың әрбір санасының өз зерттеу объектісі бар. Неміс ғалымы Пауль Наторп әлеуметтік педагогика халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбие күшінің бірлігі мәселесін зерттейді деп есептейді. Ресейде әлеуметтік педагогика ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, ХХ ғасырдың 20 жылдары мектеп пен ӛмірді және әлеуметтік ортамен байланыстыру негізінде жүзеге асырылып отырады. Бұл идеяны Ресей педагогы С.Т.Шацкий теориялық тұрғыдан негіздеп практикалық тұрғыдан жүзеге асырды. Дегенмен жалпылай тәжірибеде қарапайым түрде қарастырылады. Кейінірек тәрбие қоғамның әлеуметтік қызметі ретінде бөлек бөлініп шықты. Египетте тәрбие мемлекеттің қажеттілігіне сай дамыды, ал білім елдің саяси жүйесін көрсету құралы ретінде болды. Ертедегі Египетте дәстүрлі отбасы тәрбиесінің негізінде чиновниктерді даярлау тәжірибесі алынды. Тәжірибелі әкімшілік қызметкер өзіне «ұл» қылып бірнеше жас жеткіншектерді алып, басқару технологиясына, құжаттарды толтыруға үйретіп, адамгершілік және діни танымдармен таныстырды. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі, бай адамдардың балалары тақ мұрагерімен бірге хан сарайында тәрбиеленді. Балаларға көбіне дене тәрбиесі және әскери жаттығулар және сарай тәртібі мен мінез – құлық ережелері үйретілді. Б.э.д. ХVІ ғасырдың орта хандық дәуірінде Египетте жаңа мемлекеттер пайда болды. Онда оқушылар білім деңгейі мен жас кезеңіне қарай топтарға бӛлінді. Осы кезеңнен бастап Египетте білім берудің негізгі мақсаты: әлеуметтік жоғары деңгейге жету болды

Әлеуметтік тәрбие – бұл «адам – адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер тарапынан жүргізілетін жұмыс мазмұны. Әлеуметтік тәрбие проблемаларын әлеуметтік педагогика зерттейді. Оның пәні - тұлғаны қалыптастыруға ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни руханият мекемелерінің қоғам мүшелерін жасайтын әсерлері сарапталады.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Әлеуметтік педагогика

Қ. Т. Әтемова ,Алматы, 2012ж

2. Педагогика

Г. К. Ахметова, З.А. Исаева, Н.С. Әлқожаева, Алматы, 2006ж






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Изучаем общечеловеческие ценности

Автор: Серікқалиева Дидар Серікқалиқызы

Дата: 23.11.2017

Номер свидетельства: 440417

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Урок по самопознанию в 3 классе "Изучаем общечеловеческие ценности""
    ["seo_title"] => string(73) "urokposamopoznaniiuv3klassieizuchaiemobshchiechieloviechieskiietsiennosti"
    ["file_id"] => string(6) "317084"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460273309"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Самопознание, урок в 3 классе по теме: "Изучаем общечеловеческие ценности"."
    ["seo_title"] => string(77) "samopoznanie_urok_v_3_klasse_po_teme_izuchaem_obshchechelovecheskie_tsennosti"
    ["file_id"] => string(6) "478391"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1537514699"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Диспут "Жизненные ценности или ключ к успеху" "
    ["seo_title"] => string(52) "disput-zhizniennyie-tsiennosti-ili-kliuch-k-uspiekhu"
    ["file_id"] => string(6) "234696"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443510829"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "«Что изучает орфоэпия? Произношение ударных и безударных гласных звуков»"
    ["seo_title"] => string(73) "chtoizuchaietorfoepiiaproiznoshieniieudarnykhibiezudarnykhghlasnykhzvukov"
    ["file_id"] => string(6) "258990"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448625870"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Язык как ключ к пониманию культуры. "
    ["seo_title"] => string(38) "iazyk-kak-kliuch-k-ponimaniiu-kul-tury"
    ["file_id"] => string(6) "123490"
    ["category_seo"] => string(8) "nemeckiy"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1414507644"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства