Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буын?а к?шуді? ал?аш?ы кезе?і болып табылады. Бесінші сыныпта о?ушыларды? бейімделу кезе?і ж?реді. Балада кіші мектеп жасынан ?туде психологиялы? ?згерістер болады. ?йткені бастауыш сынып о?ушысы бір ?ана м??алімге, бір кабинетке , я?ни т?ра?ты ?алып?а ?йренген. Ал орта сынып?а к?шкен кезде олар?а бірнеше м??алім саба? береді. Саба? кестесіні? ауысуы, жа?а сыныптастарымен, жа?а ?стаздарымен ?арым – ?атынас жасау, м?ны? барлы?ы о?ушыны? о?у мотивациясына ?сер етеді. Балада мазасызды? пайда болады, сенімсіздік ?алыптасады. Бастауышпен салыстыр?анда саба? ?лгерімі нашарлайды. Баланы? п?ндік о?у?а бейімделу кезе?і с?тті ?ту ?шін о?ушыларды? білімге деген ?ызы?ушылы?ын оятумен ?атар, жа?а сыныптастарымен, м??алімдерімен ?арым – ?атынасына к?мектесу керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Біз 5- сынып?а барамыз »
Тақырыбы: « Біз 5 – сыныпқа барамыз»
Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.
Сабақтың түрі : ойын сабақ
Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.
II . Психологтың кіріспе сөзі.
5- сынып дегеніміз не ?
Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.
5 сынып - сынып жетекші, әртүрлі кабинет, әртүрлі пәндер
4 сынып – бір мұғалім, бір кабинет, санаулы пәндер
Оқушыларға сұрақтар:
- 5 сынып дегеніміз не ?
- 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?
- 5 сыныптан не күтесіз ?
- Мен бастауыш түлегі болғандықтан ...
- 5 сыныпта мұғалім маған ...
III. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек».
Барысы : әр оқушы орта буында оқып жүргенде қандай ерекше жағдайдың болғанын арманын қағаздан қиылған көбелекке жазып, тақта алдындағы гүлге апарып қондырады.
ІV. «Менің жұлдызым».
Нұсқау: Енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және әлсіз жарық. Біреулер үшін бұл бірнеше жұлдыз, біреулер үшін сансыз ұсақ, небір жарық, жымыңдаған нүктелер болуы мүмкін. Қол созғанда жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі мүмкін. Жұлдыздарға көңіл қойып қарап, ішінен өзіңізге ұнаған тамаша жұлдызды таңдаңыз. Өз жұлдызыңызға қарап, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізбен ұмтылыңыз, сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жете аласыз. Оны аспаннан алыңыз да, алдыңызға жайлап қойыңыз. Жақынырақ қараңыз, оның қандай екенін есте сақтаңыз. Тізеңізді сипап, қолыңызды екі жанға созыңыз да, көзіңізді ашыңыз. Жұлдызыңыз сізге достық, қайырымдылық , шұғыласын шашады. Білім жолында, өмір жолында қолдау көрсетеді. Түнгі жұлдыздарды қарасаңыз олардың әртүрлі екенін көресіз. Олар әртүрлі біз бен сіз сияқты.
Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
VІІ. Қорытынды:
5 сынып оқушыларының дамуы , одан әрі қалыптасуы, үнемі дамып отырады. Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуының , ұстаздарға жеңіл бейімделуге , оңай тіл табысуға үйрете білуіміз керек. Сондықтанда оқушыларды дамыта түсуіміз керек. Ерекшеліктерін ескере білуіміз керек.
Өміршеңдік ережесі
Басымызға қиындық түскенде немесе алдымызға қойған мақсатқа жету үшін өміршеңдік ережесін есіңе ала отырып , өз өміріңіз қолыңызда екеніне сеніңіз. Оны білеміз және солай жасаймыз. Орнымыздан тұрып шеңбер жасап, иығымызды тіктеп, жарқын көңіл – күймен, табысқа жетуге талпынайық :