Просмотр содержимого документа
«Адаптациялық сабақ 5 сыныпқа»
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Адаптациялық сабақ 5 «б»сыныпта
Мектеп педагог-психолог:Токжанова.А.Б
Адаптациялық сабақ 5 сыныпта
Мақсаты: Бір-бірін қарым-қатынасқа үйрету,жаңа дәрежелі оқушылар болғанын көрсету.
Сыныбы: 5 «б»
Уақыты: 16. 11.16 ж
“Сәлемдесу”
Мақсаты:қатысушылар сәлемдесу,сыныптастарына көңіл бөлу.
Қатысушылар шеңбер болып тұрады әр елдің амандасу тәсілі бойынша амандасамыз:
“Европалықтар” қолдарын қысады.
“Жапондықтар” бастарын иеді
“Африкандықтар” мұрындарымен
“Италиандықтар” құшақтасады
Әрбір қатысушылар әр түрлі рольдерді болу үшін,жаттығуды қайталауға болады.
« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал .
« Менің көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .
1.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).