kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жастық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Э.Фромм «беру» дегенді өзіңде бардан айырылу, бір нәрсеңді құрбан ету деп түсіну адасушылыққа әкелетінін атады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жастық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері»

Жастық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері


Жастық шаққа қашан да оптимизм тән. «жастық шақтың бақыты оның алдында үлкен болашақтың барында,» - деп жазады Н.В.Гоголь. бұл кезеңде адам өзінің өмірлік мұраттарына қол созады, оның бойында күш-қуат тасқындап, алға қойған мақсаты мен идеалдарын жүзеге асыруға асығады. Жастықта ең күрделі деген кәсіби мамандықтардың өзін меңгеру қиынға соқпайды, адамдармен қарым-қатынас та барынша кеңейеді, достық қатынас пен махаббатта да олардың жолы жеңіл әрі ұтқыр келетіні кәміл. Жастық шақ адамның өзін-өзі танытуына ең қолайлы кезең деп саналады. Ал қиындықтар кездесе қалғанның өзінде олар барынша өтпелі сиптта болады, жастардың өзіне деген күдігі мен сенімсіздігі ұзаққа бармайды, тез ыдырап кетеді, олар өз мақсатына жетудің жаңа мүмкіндіктерін асыға іздеп, шарқ ұрады.

А.В.Толстых қазіргі заманда өмір сүру мерзімінің ұзаруына және білім алу мен кәсіби дайындық уақытының шектелмеуіне байланысты жастардың қоғамдағы рөлінің арта түскенін атап көрсетеді. «жастық кезең өзінің талғамымен, құндылықтарымен, әрекеттерімен қоғамға айрықша ықпал ететін адам өміріндегі аса бір бағалы шақ, - деп жазады ол, - соған орай жастықтың сапында болуға балалр қалай асық болса, үлкендер де оның қатарында ұзағырақ қалуды тілейді.

Кәсіби қызмет. «Адамның парызы – күші жеткенше еңбек ету, жерді жұмаққа айналдыру», - деп жазды ағылшын ақыны Роберт Браунинг.

Қарастырылып отырған жас кезеңдері арасындағы жастық шақтың қайталанбас ерекшелігі, осы кезде өмірлік серік таңдау, отбасын құру, жақын достар табу секілді мәселердің шешілуімен ғана шектелмейді. Бұл кезеңдегі адам дамуының әлеуметтік қырының бірі – таңдаған мамандықты меғгеру. Бозбалалық кезеңде адам өз болашағына қажетті тұлғалық және мамандық жолын анықтайды. Ал жастық шақта адам өзі таңдаған сол іске қабілеттілігін дәләлдейді, кәсіби шеберліктің сырын меңгереді. Жастық шақта кәсіби дайындық кезеңі аяқталады. Ғылыми – техникалық прогрестің әсерінен қазіргі заманда кәсіби даындыққа арналған уақыт аясы кеңейіп отыр. Дәл осы кезеңде адамның еңбекке қабілеттілігі зор болады, физиологиялық та, психикалықта ауырлықтарға шыдамды келеді, ақыл – ой қызметін талап ететін күрделі тәсілдерді меңгеруге де бейімділік танытады.

Егер адам өз жолын дұрыс таңда білсе, өзінің жастық шағында ол болашақ мамандығының қыр- сырын құштарлықпен игеріп шығады. Қай уақытта болсын кез келген кәсіби қызмет адамның өз еңбегіне шығармашылықпен қарауын талап етеді. Ал жастық шақта ғана адам шығармашылық қабілетін толық аша алады, жаңа идеяларды қозғаушысы бола алады, уақыттың сұранымын дәл басып тани алады. Кез келген іске

Шығармашылықпен қарау адамның өзінің жн дүниесін ашуға септігін тигізеді, айналасындағы адамдарды тануға, «өзіндік» бір дүниелерді басқаларға беруге мүмкіндік тудырады.

Э.Фромм «беру» дегенді өзіңде бардан айырылу, бір нәрсеңді құрбан ету деп түсіну адасушылыққа әкелетінін атады. Шығармашыл адам үшін «беру» мүлде бөлек мәнге ие. «әрбір «беру» актісіне мен өзімнің күшімді, рухани балығымды, өзімді билеу қабілетімді саламын. Мұндай кезде мен өзімді үлкен қадамдарға бара алатын, сенімді әрі қажыр – қаратым толық жеткілікті адаммын деп санағандықтан,өте бақытты екенімді сезінемін». Біреуден алғаннан гөрі бергеннің қуанышы басым болады, себебі мұнда беруші адамның өмір қабілеті жоғары көрініс табады. «Көп дүниеге ие адамнан гөрі, көп бере алатын адам баырақ. Психологиялық тұрғыдан қарағанда біреуге бір нәрсе беру үшін қалтырайтын сараң адам қаша дәулетті болса да – кедей жан. Ал барын өзгеге бере білетін адамның барлығы бай адамдар. Олар өзін басқаларға жақсылық силай алатын жан ретінде сезіне біледі». Берудің маңыздылығы, кәсіби қызметтің құраушы бір элементі қызметін атқаруында емес, ең бастысы, достық пен махаббаттың тірегі болуында. Бұл идея орыстың көрнекті ақыны Анна Ахматованың өлеңінде былай өрілген:

« ... Тәңір берген дүниеңді

Боға матап қамама.

Өзгелермен бәрін бөліс,

Өзіңді шын бағала ...»

Шығармашылықпен – қазіргі психологиядағы негізгі мәселенің бірі. Ол қазіргі стандартты дүниелердің ауқымындағы жаңаның тууы мен пада болуының барлық түрлерін қамтиды. Шығармашылықтың жалпы заңдары адам сана – сезімінің есігін ашатын кілтпен тең.

«Ақыл – ой шығармашылығының» күші шексіз, ол табиғаттың өзіндегі шығармашылықтың көшірмесі және соның жалғасы секілді мәнге ие. Шығармашылық қабілет әр адамға беріледі. Ол, әсіресе, балалардың бойында ерекше көрінеді. әлемдік статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ересек адамдардың тек 5 пайызында ғана шығармашылық қызмет етуге қажеттілік бақалады екен, ал басқалар өзінің шығармашылық арналарын іздеумен шектелетін көрінеді.

Шығармашылыққа оятатын күш ретінде қалыптан тыс стимул мен жағдаяттардың тууын, күштердің өзара әрекеттесуін, әлдебір қозғаушының қатысымен атауға болады. Шығармашылық барлық түрі әлдебір «басқа нәрселерге», адам игілігіне, оның тәндік және рухани өмірін сақтауға, жетілдіруге бағытталады. Әйтсе де сырттай айқын танылатын қажеттіліктерден бөлік, адамның өзін - өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттіктері де болады. Адамның жетілуі оның генофонына салынған әлеуметтік мүмкіндіктерді белсендіруді керек етеді. Бұл мәселе бүгінгі күннің ең көкекесті мәселесінің бірі, ол, әсіресе, ғылым, білім, өнер салаларында өзектілігін таныта түсуде. Білім беру жүйесінде адамның шығармашылық қабілетін кеңетуге басқа пәндермен қатар «Өзін - өзі тану» курсы да ат салысатын болады.

Шығармашылық пен креативтіліктің жетекші психологиялық негізін қажеттілік құрайды. Адамдардың игілігі үшін әлдебір жаңа дүниелерді құру, жасау тілегі мен қажттіліктердің пада болуы нәтижесінде адамның шығармашылық қабілеті де дами бастайды. Адам болйында мұндай жаңаны жасауға деген қажеттіліктердің оянуы креактивтіліктің басы деп саналады.

Шығармашылық – адамның аса маңызды рухани қажеттіліктерінің бірі. Рухани қажеттіліктерді «тәннен тыс», «тән қажеттілігінің бұғуынан азат және жалпыға ортақ мәселелерге ұласып жатқан ішкі нәрсе деп қараған ләзім. Мұнда қосылыс ғылым мен өнердегі дайын өнімдердің негізінде және жасампаздық арқылы жүреді.

Рухани қажеттіліктер - әрбір адамның жан дүниесінің тереңінде жатқан, оны түрлі әрекеттерге ұмтылдыратын өмірдің идеалды формасы. Бұл өмірге, сұлулуыққа іңкәрліктен, тұрмыс қуанышынан, адамдар арасындағы қайырымдылық пен өзара тусіністіктің мәнін және өзінің өзгелерге керектігін сезінуден туындайды.

Танымдағы рухани қажеттіліктер сана – сезімнің формалық жағынан кеңеюімен, мазмұны жағынан тереңдеуімен байланысты туады. Бұл социумда болып жатқан түрлі құбылыстардың табиғатын, себептерін, мәнін тануға деген ішкі мүдделіліктен басталады. Мұндай танымға жүрек пен ақыл, сол құбылыстың жалпы мәнін түсінуге ұмтылған абстрактылы – жинақтаушы ойлау мен нақты эмоционалдық күй тең дәрежеде қатысады. Формасы жағынан танымдық қажеттік сырттан ақпараттарды өздігінен ой елегінен қата өткізіп барып қабылдауға сүйенеді, «ешнәрсені де құрғақ сенімге иек артып қабылдамауға» бейім болады, есесіне субъектіні жалпы тұжырымдардың әлділігіне көз жеткізуге, құбылыстың мәнін өз бетінше ашуға ұмтылдырады. Сұлулыққа іңкәрлік өмір сүру мен оған бейімделудің тиімді жағдайларымен сабақтасатын биіктерге қол жеткізу жолындағы мұраттарға табан тірейді. Санада қалыптасқан сұлулуық эталонында этномәдени ерекшелік айқын көрініс береді. Сұлулық атаулы эстетикалық көңіл – күй тудыратындықтан, оның мәнін күңгірттендіруі кәміл. Көне замандардан-ақ адамдар өз бойын, тұрмысын әшекейлеуге, ғимараттар мен құрал – жабдықтарды әдемілеуге бейім болған. Сұлулыққа деген ішкі құштарлықоны жасауға ұмтылдырады.

Тағы бір мәңгілік мәнін жоймайтын рухани қажеттіліктің бірі – шығармашылық арқылы өзгелерге қызмет ету (деяние). Өйткені шығармашылық адамдардан үйрене жүріп алынатын тәрбие негізіндегі басты рухани қажеттіліктің бірінен саналады.

Рухани қажеттіліктер адамның интеллектуалдық және эмоциялдық сапалық ерекшеліктеріне де табан тірейді. Ойлау мен сана – сезімінің ауқымы да кеңейіп келеді, сонымен қатар олардың сыртқы дүниедегі мәніне, себептеріне тереңдеу өріс ала бастады, өмір сүру заңдылықтарындағы жаңаруларға орай құндылықтар да өзгеруде. Рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру қуаныш, рухани тояттау сезімдерімен қатар жүреді және оларды қайталауға деген тілекті де оятады. Рухани қажеттіктер адамды «күнделікті тіршіліктің» күйбеңінен алыстатады, олардың түкке тұрғысыз ұсақ-түйек нәрселер екендігін сезіндіретін биіктерге көтереді.

Рухани қажеттіктер (танымға, шығармашылыққа, сұлулыққа, адамдарға пайдалы болуға деген қажеттіктер) саналы адамға тән болуы заңды. Сондықтан бұл қажеттіктерді ояту мен қалыптастыру мәселесіне дәл студенттік жастық кезеңде ерекше көңіл бөлінеді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жастық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері

Автор: Асанова Дина Казыбаевна

Дата: 02.03.2018

Номер свидетельства: 460403

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) ""БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ" мақала"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh_synyp_ok_ushylarynyn_psikhologiialyk_ieriekshieliktieri_mak_ala"
    ["file_id"] => string(6) "437886"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510209077"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(54) "zhasospirimdierdin_psikhologhiialyk_ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "435917"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509520631"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Жеткіншек кезе?індегілерді? психикалы? дамуы "
    ["seo_title"] => string(55) "zhietkinshiek-kiezien-indieghilierdin-psikhikalyk-damuy"
    ["file_id"] => string(6) "204945"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429772866"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Адаптациялы? кезе?ні? маныздылы?ы"
    ["seo_title"] => string(39) "adaptatsiialyk-kiezien-nin-manyzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "254242"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447731637"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Адаптациялы? кезе?ні? маныздылы?ы"
    ["seo_title"] => string(41) "adaptatsiialyk-kiezien-nin-manyzdylyg-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "254243"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447731644"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства