kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Советы родителям и учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

   М??алім ш?кірттерін шын ж?рекпен с?йе білуі керек ж?не о?ушыларды? ?дептілігін, ?ділеттілігін, а?ыл парасаттылы?ын, жан-жа?тылы?ын, ?стамдылы?ын, сезімталды?ын ба?алау ?ажет.

       Сонымен ?атар мынандай кемшіліктермен келе?сіздіктерге ?арсы т?рып, оларды же?е білуі керек: шаршап шалды?ушылы? ?й?ысызды?, беймазалы?, ауруша?ды?, бас?а адамдар туралы жиі теріс ой-пікірлер айту, ?зіні? ж?мысына сала?ты?, нем??райлы?, ісіне жауапсызды?, ?зін орынсыз т?мен ?стау, ашуланша?ты?, орынсыз ?ялша?ты?, к?дікшілдік т.б.

       М??алім сырт?ы келбетін, ?зін-?зі бас?ару шеберлігін, мимика ж?не поптомимика м?нерлерін, с?йлеу шеберлігін, шешендік ?асиетін, дауыс дикциясын са?тауы керек.

       Баланы? мінез-??л?ын ?алыптастыруда мада?тау т?сілдерін ?олдан?ан тиімді. Біра? баланы? мінез ерекшелігін жете білмей арты? ма?тау?а да болмайды. Н?тижесінде бала бойында жа?ымсыз мінез-??лы?тар толы болады. Мысалы: т?каппарлы?, дандайсы?анды? т.б.теріс ?асиеттер ?алыптасады. Ш?кірті?ізді? мінезін жа?сы т?сіну ?шін е? алдымен оны? дамуына не н?рсені? ?ажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, кіммен ойнайды, не о?иды, о?ы?андарын ?алай ?абылдайтынын ?рбір м??алім білуге тиіс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Советы родителям и учителям»

Мұғалімдерге психологиялық кеңес

 

       Мұғалім шәкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі керек және оқушылардың әдептілігін, әділеттілігін, ақыл парасаттылығын, жан-жақтылығын, ұстамдылығын, сезімталдығын бағалау қажет.

       Сонымен қатар мынандай кемшіліктермен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі керек: шаршап шалдығушылық ұйқысыздық, беймазалық, аурушаңдық, басқа адамдар туралы жиі теріс ой-пікірлер айту, өзінің жұмысына салақтық, немқұрайлық, ісіне жауапсыздық, өзін орынсыз төмен ұстау, ашуланшақтық, орынсыз ұялшақтық, күдікшілдік т.б.

       Мұғалім сыртқы келбетін, өзін-өзі басқару шеберлігін, мимика және поптомимика мәнерлерін, сөйлеу шеберлігін, шешендік қасиетін, дауыс дикциясын сақтауы керек.

       Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Бірақ баланың мінез ерекшелігін жете білмей артық мақтауға да болмайды. Нәтижесінде бала бойында жағымсыз мінез-құлықтар толы болады. Мысалы: тәкаппарлық, дандайсығандық т.б.теріс қасиеттер қалыптасады. Шәкіртіңіздің мінезін жақсы түсіну үшін ең алдымен оның дамуына не нәрсенің қажет екенін білуіміз керек. Ол кіммен дос, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір мұғалім білуге тиіс.

       Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»деп айтып кеткен.

Қазіргі біздің заманымыздың, ХХI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

- біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;

- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;

- үшіншіден, мұғалім - білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;

- төртіншіден, мұғалім-педагогикалық ағымда баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болу керек;

- бесіншіден, педагог әр уақытта өз бөлімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға міндетті.

Қорыта келе, ұлы педагог К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім -өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстасақ, мұғалім де тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.

 



(Д.Карнеги бойынша) 

  1. Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық – жабырқаудың бірден бір емі.

  2. Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.

  3. Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.

  4. Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздің өміріміз – біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!

Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ының өздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.

Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.

Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз. Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз,онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.

Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздің өз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.

Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек.




  1. Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз. Мәселен: «Жарайсың, соңғы уақыттарда сен маған әжептәуір көмек жасап жүрсің», «Сен жасаған мына дүние ерекше екен», «Ұсынысың керемет» деген сияқты қолдануға болады.

  2. Балаңыздың өмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оның өзі атқара алатын ісіне араласудың қажеті жоқ. Шамаңыз келгенше, балаңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асуға тырысыңыз. Мұндай кездерде: «Сен керемет тамаша баласың», «Сендей баламыздың болғанына қуаныштымыз» деген сөздерді қолдануға болады.

  3. Ерлі-зайыпты адамдар баланың көзінше бір-бірлеріне өкпе-наз айтып, реніш білдіруге тырыспауы керек. Әсіресе, бала бар жерде «Басымды қатырмашы», «Өзің бәле болдың ғой», «Осыны саған күніне мың рет қайталаймын» деген сияқты дөрекі сөзден ата-ана өздерін мейлінше тыйып ұстаған абзал.

  4. Балаңызға бұйрықты түрде қатты сөйлеуден, бір нәрсені күштеп істетуден, намысына тиетін сөздерден аулақ болыңыз.

  5. Балаңызбен жиі бірге болуға тырысыңыз. Сіздің жан жылуыңыз бен аймалауыңызды қажетсінген кездерде сырт айналмаңыз.

  6. Балаңыздың қате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Шын мағынасында, жазалау- бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал.

  7. Балаңыздың ішкі жан-дүниесі өте нәзік те сезімтал екендігін есіңізден әсте шығармаңыз. Ішкі жан-дүниедегі құбылыстар, талпыныстар, түрлі өзгерістер оның болашақта тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл ойнайтынын ұмытпаңыз.

    

Біріншіден, мұның өзі негізгі нәрсе – «тыйым салу» деген ата-аналық құқықты теріс пайдаланбаңыз. Ең алдымен сәбиді түсініп, оның қиқарлығының көзін табыңыз, «жарайды» деуге болатын жерде «жарайды» деңіз.

 Екіншіден, сіздің балаға деген нұсқауларыңыз бен талаптарыңыз дәлелді, ақылға қонымды болуға тиіс.

          Үш-төрт жастан бастап сәби сізді тыңдап, сөзге құлақ аса бастайды. Егер бала қиқарлық көрсетсе, жанжалға жеткізбей, көңілін басқаға аударыңыз, баланы тыныштандырыңыз. «Баланы жастан» деген осы болады. Қиқарлықты болдырмау үшін, оған сабырмен қол жеткізіңіз. Жанұядағы жылы шырайлы жағдай, балаға құрметпен қарау, сізге әрі ақылды, әрі дені сау бала өсіруге көмектеседі.

         Бұл шарт орындалмағанда қиқар бала тәрбиесі қиын балаға айналады.Тәрбиесі қиын балалар көбіне берекесіз жанұяда қалыптасады. Осындай жағдайда сынып оқушыларының,мектеп ұжымының, сынып жетекшісінің рөлі зор. Бұндай оқушыға өмір жайлы көп айту қажет.

        Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. Макаренко Н. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын.

        Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б.тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады.

Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.

          Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микроұжым.

Әрбір адамға кейде мынадай жағдайлар мазасыздандыру мүмкін, егерде осы жағдайларды жасаса, онда ол: 1) дене аурудың салдары, дәрігерлік көмек керек, немесе 2) жүйкенің тозуы – депрессияның салдары.

Депрессия – көңіл-күйдің төмендеуі, жағымды эмоциялардың болмауы. Депрессия кезінде белсенділік төмендейді.


Ешнәрсе қуантпайды. Бұрын қуантатын нәрселер, қазір қуантпайды. Барлығы түс сияқты, сен жай ғана, қызықсыз өмір сүрудесін.

Ешкімге керек жоқсын. Өмір бос өтіп, сенен ешкімге пайда жоқ. Барлық жағдайда өзінді кінәлі етіп сезіну.

Көңіл-күйдің тез арада ауысуы. Бұрын қарым-қатынасты жақсы көретінсін, ал қазір тұйықсын, немесе керісінше. Мүмкін, жиі жылайсын.

Мұқтаждың жоқтығы. Айналада барлығы да жаман, бірақ сен ештене өзгерте алмайсын, ешқашанда жақсы болмайтын сияқты.

Өмір сүргін келмейді. Қатты күйзеліп, шыдамын біткендей болғанда өмір сүргін келмейді.

Бір нәрсеге назарынды аудара алмайсын. Бір мәселе ойынан кетпейді, немесе оқыған кезде мағынасын түсінбейсін.

Тамақтану әдетінің өзгеруі. Ішек құрылысы жұмысының бұзылуы. Тәбеттін жоғалуы немесе тойымсыздық пайда болуы.

Ұйқының бұзылуы. Ұйқысыздық немесе көп ұйықтау. Қорқынышты түстер жиі кіреді.

Әр түрлі сырқаттар. Бас ауруы, іш және кеуде ауруы, т.б. себепсіз шаршау.

  1. Деміңізді шығарып 10- ға дейін санаңыз.

  2. Ашуландырған адамнан алшақ тұрыңыз. Уақыт ғана емес қашықтық да емдейді. Жаяу жүріп немесе жеңіл- желпі жаттығу істеңіз, қимыл да көмектеседі.

  3. Егерде ештенені өзгертуге келмесе, болған істі өзгерпей қалдырыңыз

  4. Аса сыншыл болмаңыз, дауласқан кезде мынандай сөздерді айтпаңыз «ешқашан» немесе «әрқашан».

  5. Тыңдай біліңіз, мүмкін сіздің де қатеңіз бар, ал оны сіз тек қана тыңдасаңыз түсінесіз.

  6. Егер де сіз сүйетін адамға ашулансаңыз, оны қушақтап, оған тек қана жағымды сезімді көрсетіңіз. Егерде оны істегіңіз келмесе де, өзіңізді солай істеуге мұқтаж етіңіз.

  7. Кешірім сұрай біліңіз. Қателер - бұл өмірдің бір бөлігі. Егерде сіз өзіңіз дұрыс істемегенді түсініп, «мен кешірім сұраймын» деп айтсаңыз, ашуыңыз басылады.

  8. Алдын – ала көріп, біліңіз. Өзіңізден сұраңыз «осы жағдайдан мен қандай жамандық тосамын?».

  9. Өзіңіздің ашуыңызды бейнелей біліңіз, ашуланған барлық жағдайларды есте сақтап, бейнелеңіз, сол кезде өзіңізді қалай сезіндіңіз, 3-4 апта ішінде бақылап, байқаңыз.

10.Көмек сұрай біліңіз. Егерде сіз ашуға жақын тұрсаңыз, туысқан мен жолдастардың көмегі керек болады. Көмек сұраған, адамның әлсіздігін емес, оның қуаттылығы мен есейгенің көрсетеді.




  1. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.яғни, тамағын ішпей жатып, ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

  2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «бол да болдың» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

  3. Баланы сабаққа ашқұрсақ түрінде жібермеңіз.

  4. «Бұзық болма», «қисалаңдамай тыныш жүр», «бүгін «2» алсаң,құртамын» ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісіңше,оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз.

  5. Есіктен кірмей жатып «бүгін қандай баға алдын?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз.

  6. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенің ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп тыңдаңыз.

  7. Бала бірнәрсеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жағдайды өзі-ақ айтады.

  8. Балаңыздың қалаға үшін мұғалім шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыздар.

  9. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тыныққаны жөн. Бесін мезгілі – сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

  10. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Сабақты әзірлеу арасында үзіліс болған жөн.

  11. Сабақ қарап жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да бірлесіп дайындалыңыз.

  12. «Егер осы сабақты орыңдамасаң» - деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді.одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

  13. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз

  14. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

  15. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психологпен,дәрігермен кеңесіңіз.



Балаңды 5-ке дейін патшадай көтер,

15-ке дейін құлындай жұмса,

15-тен кейін досындай сыйла.

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатын балаларыңыз

Үлкен азамат болып өссін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Советы родителям и учителям

Автор: Рахимбаева Жанар Женисбековна

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 256020

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Советы родителям по адаптации первоклассников "
    ["seo_title"] => string(50) "soviety-roditieliam-po-adaptatsii-piervoklassnikov"
    ["file_id"] => string(6) "233189"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443021871"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "«Психологическое сопровождение родителей,  учителей и учащихся   в период подготовки к ЕНТ» "
    ["seo_title"] => string(107) "psikhologhichieskoie-soprovozhdieniie-roditieliei-uchitieliei-i-uchashchikhsia-v-pieriod-podghotovki-k-ient"
    ["file_id"] => string(6) "141631"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418144826"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Советы родителям по подготовке к ГИА по русскому языку"
    ["seo_title"] => string(52) "sovietyroditieliampopodghotovkiekgiaporusskomuiazyku"
    ["file_id"] => string(6) "294964"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455769093"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Советы родителям, которые хотят помочь своим детям в выполнении домашних заданий "
    ["seo_title"] => string(90) "soviety-roditieliam-kotoryie-khotiat-pomoch-svoim-dietiam-v-vypolnienii-domashnikh-zadanii"
    ["file_id"] => string(6) "245678"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446186318"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Школа для дошкольников. Советы родителям "
    ["seo_title"] => string(45) "shkola-dlia-doshkol-nikov-soviety-roditieliam"
    ["file_id"] => string(6) "141673"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418147535"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства