Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болуға бастар жол»
Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болуға бастар жол
Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез – келген мемлекеттің экономикалық даму жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне, біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігіне байланысты екендігі бәрімізге мәлім. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның даму капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.
Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы айқын түсінік беріледі. Қоғамның рухани жаңғыруы, әр адам санасының жаңғыруына қатысты бәсекелестік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, революциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың ашықтығы бағыттары туралы айтылады. Қазіргі кезеңде бәсекеге қабілетті болу үшін, сапалы білім қажет деп ойлаймын.
Қазіргі таңда табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін жастар түсініп келеді. Ұлттық салт – дәстүрлеріміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен діліміз бойымызға сіңіп жүрегімізде жаңғыру керек екенін Елбасымыз да баса айтады.
Осыны ескере отырып, еліміз ұстаздары біліммен қатар, рухани сананы жаңғыру үшін туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімді балаға ерте бастан сіңіру мақсаты тұр.
Сонымен бірге ұстаздар қауымы Президент нақты жобалар ретінде ұсынған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша жүргізілетін жұмыстарға көңіл бөліп, белсенділік танытуымыз, әрі сол бағытта жұмыс жасауымыз керек.
Елбасы міндеттерін жүзеге асыруда білім беру саласында ауқымды Өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсарту мен елді мекендерді абаттандыруғаміндеттеміз. Ұстаздар қауымы білім саласындағы жаhандық бәсекеге әр кез дайын болуы қажет.
Тарихымыз тереңнен тамыр алатын бабаларымыздан қалған рухани бай мұрамызды шәкірттер бойына сіңіру әрбір ұстаз алдында тұрған мығымы терең, жауапкершілікті – міндет. Қазіргі қоғамда әрбір ұстазда компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, өз пәнін терең меңгерген, білімді, белсенділікті қажет етеді. Санамызды жаңғыртатын жаңа көлемді міндеттер – халқымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ащып, елімізді дамудың жаңа сатысына көтеретіндігіне сеніміміз зор.