Психологиялы? ойындар адамдар арасында?ы ?арым-?атынас психологиясын ме?геруіне,іскерлік сапаларын шы?дау?а,?жым м?шелеріні? арасында бірін-бірі т?сіну ар?ылы жа?ымды психологиялы? ахуалды ??ру?а к?мектеседі. Тренинг саба?тары мен жатты?улары т?рлі келе?сіз жа?дайларды же?е білуге, ?стамдылы? пен а?ылдылы? таныту?а, ?зіні? ?рекетіне есеп беруге,бойын кернеген жа?ымсыз сезімдерді тежеуге,жалпы жеке т?л?а ретінде ?алыптасуына к?мегі мол.
?мір талабына с?йкес білім беру оша?тарында бейіндік о?ытуды ?йымдастыру мен о?ан іріктеу ж?мыстарын ж?ргізу ж?мыстары к?ннен-к?нге ?рістеуде. Бейіндік о?ыту- жалпы білім беруді? жо?ары сатысында?ы о?ушыларды? дара білім алу ба?ыттарын ж?зеге асыруды? негізгі т?сілі ретінде ?арастырылады. Жина?тал?ан тесттер,сауалнамалар,тренингтер о?ушы бейінін, маманды? та?дау?а психологиялы? т?р?ыдан к?мек береді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Психологиялы? бой жазу ойындары" »
Балалардың сабырлануына қажетті импульсивтілік пен қозуды бәсеңдететін бой жазу ойындары.
«Шапалық» ойыны.
Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші таңдап алынады да, ол сағат тілі бойынша ойынды бастауға дайындалып тұрады. Содан соң жүргізуші алақанымен бір шапалақ жасайды, ал оның жанында тұрған ойыншы шапалақты қайталайды. Келесі балалар барлығы кезекпен осы шапалақты қайталайды. Осыдан кейін жүргізуші шеңбердің кез келген жеріне барып алақанымен шапалақтаған кезде осы жерден бастап сағат тілімен, шеңбер бойынша шапалақты қайталау басталады. Орынды әрқашан жүргізуші таңдайды.
«Ән» ойыны.
Балалар шеңбер құрып отырады. Шеңбердің ортасына жүргізуші шығады да былай дейді:- «Қазір барлығымыз бірге қандай да болмасын бір әнді орындаймыз (балалар өздеріне таныс жақсы өлеңді таңдап алады)». Бұл өлең 2 шумақтан аспауы керек. Егер керек болған жағдайда өлеңнің сөздерін еске түсіруімізге болады.
Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. «Менің бірінші шапалағым бойынша осы өлеңді айта бастайсыңдар да, екінші шапалағым бойынша өлеңді дауыстап емес тек ішімізден айтып жалғасытра бересіңдер, ал үшінші шапалағым бойынша- өлеңді қайта дауыстап жалғастырып айта бересіңдер».
«Сезімді тап» ойыны.
Ойынның басында балалардан адам баласында қандай сезімдер болатынын сұраймыз (қуаныш, қорқыныш, үрей, жиіркеніш т.б.) Содан соң балаларды бірнеше минут ойландырып алып, ым-ишара көмегімен белгілі бір сезімді бейнелеуін сұраймыз. Қалған балалар ол қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табулары қажет.
«Доп» ойыны.
Балалар шеңбер құрып тұрады.Жүргізуші ойын шартын былай деп түсіндіреді: «Допты қолдарыңа алып, шеңбер, бойынша бір-бірлеріңнің қолдарыңа беріңдер. Әуе арқылы берсе немесе қолынан түсіріп алса,сол ойыншы ойыннан шығады».
«Имек» ойыны.
Бірінші ойыншы қарандаш пен қағаз алады да, оның бетіне үлкен имектің суретін салады. Содан соң ол қағазды келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншының мақсаты мынау болмақ: имекті жалғастырғанда қандай да бір мәні бар зат немесе жануар пайда болуы қажет. Әрі қарай осы ойыншы келесі ойыншыға жаңа имек салып беріп, оған ұсынады.Ойын соңында жеңімпаз іріктеліп алынады.
«Соңғы әріп» ойыны.
Соңғы ойыншы бір сөзді айтады (жекеше түрдегі зат есім болуы қажет). Келесі ойыншы бірінші ойыншы айтқан сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді есіне түсіріп айтуы қажет.
«Затты қалай қолдануға болады?» ойыны.
Қандай болмасын зат алынады (қалам,шырақ т.б.).Бұл затты шеңбер бойынша әр бала қолдарына ала отырып оны тағы қандай зат ретінде пайдалануға болатындығы жайынжа айтады.
«Сноскоп» ойыны.
Балалар көздерін жұмып шеңбер құрып отырады. Жүргізуші қандай да болмасын бір затты қаламмен ұрып көреді. Осы кезде балалар жүргізушінің қандай затты ұрғанын табулары қажет.