18. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады. 19. ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдаланатын болады. 20. ОЖСБ жүргізілетін жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 21. ОЖСБ өткізу үшін МЖМБС-ның базалық және бейінді пәндерінің циклдары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады. 22. ОЖСБ кешенді тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) нысанында 4 пән бойынша уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі. 23. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, ал 4 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 150 минут (2,5 сағат) бөлінеді. 24. Тестілеу оқыту тілінде, тиісінше қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. 25. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары және базалық жоғары оқу орындарына жіберілген Министрліктің өкілдері жүзеге асырады. 26. Тестілеудің нәтижелері студенттердің назарына тестілеу аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жеткізіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ОЖСБ дегеніміз не?»
ОЖСБ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
2011-2012 оқу жылы (ОЖСБ) оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу енгізілді, оған қарамастан оқу сапасының деңгейін бағалау бойынша мониторингілеу мақсатында іске асырылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.
ОЖСБ-ны уәкілетті орган жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте (9 сыныптан кейін), жоғары оқу орындарында (4-курста) – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылады.
ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі.
Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек. 9 сыныптарда ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі. Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ОЖСБ-ны өткізу үшін ММББС-ның базалық және бейіндік пәндерінгің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары пайдаланылады.
ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.
ОЖСБ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
МАБ пен ОЖСБ-ның арасындағы ерекше айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдарлардың болмауы болып табылады. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, студенттерді, ата-аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нұсқаулығын бекіту туралы
Күшін жойған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 151 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7553 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен
Мәтін
Ресми жарияланым
Ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Көшіру
Басқа
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 94 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 55-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу қағидасы бекітілсін. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады. 3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері: 1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру; 2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады. 4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.
2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу
5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін: негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында; жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі. 6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі. 7. ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады. 8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі. 9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс. 10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі. 11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20. 12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі. 13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады. 14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі. 15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі. 16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін. 17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады. Оқушыларға: 1) бір орыннан екінші орынға ауысуға; 2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға; 3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға; 4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға; 5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға; 6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.