kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен, жоқ деп айтамын!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігімен зиянды жақтары туралы дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен, жоқ деп айтамын!"»

«Мен, жоқ деп айтамын!»


Әлеуметтік-психологиялық тренинг.

Мақсаты:

  • Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

жыныстық қатынасқа ерте түсудің алдын алу.

Көрнекелік: ватман қағазы, маркер, стикерлер, слайд, бейнеролик


Тренинг барысы:

Психолог: Сәлеметсіздерме сүйкімді де әдемі қыздар! Сіздерді бүгін көргеніме өте қуаныштымын. Біз бүгін тағыда көзбе-көз ең өзекті мәселе туралы сөйлесуге, сіздердің пікірлеріңізді естуге ,олармен бөлісуге және жай осы өмірде бар екеніне қуанып кездесіп отырмыз. Өйткені біз бір отбасымыз және мен ана ретінде сіздерге тек бақыт тілеймін. Бақыт –сіздердің өмірлеріңізде, отбасыларыңызда, өзара қарым-қатынаста, және махаббатта. Ал махаббат сіздерде міндетті түрде болады. Өйткені сендер әлі жассыңдар! Сіздердің өмірлеріңізде бәрі әлі алда!

Топтағы жұмыс ережесі:

Бүгінгі осы шеңбер, біздің топтың кеңістігі.

Ол кеңістікте біздең басқа және өзіңібен бірге әкелген ойларынан басқа еш нәрсе жоқ. Ол өте маңызды. Біздің өзара қарым-қатынасымыз бір бірімізбен түсіністік, мәселелерді шешу үшін көмектесу.

Қыздар жұмыс істер алдында сіздерге Абайдың бір өлеңінен үзінді оқып берейін:

Өзінді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды құып кетпе ...

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіне сүнгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме!


Қалай ойлайсыңдар. Ақын осы сөздермен не айтқысы келді?

Есейген сайін өздеріңізді, шынайы болмасада үлкенмін деп санайсыз.

Жас кезінде көп қателер жасалынады, ол қателер үшін өмір бойы жүрегінде сызат қалады. Бүгін біз бір өте маңызды мәселені талқылаймыз. Ол мәселе осында отырған әр қыздың алдында кездеседі. Ол ұлмен қыздың арасындағы қарым-қатынас, яғни жыныстық тәрбие туралы, жыныстық қатынастың этикасы туралы.

Бүгінгі күннін трагедиясы тәрбиеден басталып жатқан жайы бар. Біз көз жұма қарап жүрген бұл өзекті мәселені мән-жайынан қалып көпшілік хабардар. Ірімдей жас қыздардың басына түскен қасірет олардың өмірінде сызат қалдырды. Ашығын айтар болсақ, бұл күні жеткіншек қыздардың оң жақта отырып-ақ құрсақ көтеруі¬ жиіледі. Бұрындары қысылғанда қуыс таппайтын құбылыс енді бір-екі жел сөзге ұласып, жабулы қазан жабулы күйінде қалатын болды.

- Қалай ойлайсындар, неше жастан тұрмыс құруды болады?

- Ерте жыныстық қатынасқа түсудің қандай қатерлері бар?

Қорытынды:

Ерте жыныстық қатынасқа түсуі әр түрлі қауіп қатерлерге әкеледі, әлі жетілмеген ағзаға ғана емес және жасөспірімдердің психикасына әсер етеді. Бірінші орында ерте жүктілік тұрады. Жас қыздардың ағзасы ерте жыныстық қатынасқа дайын болғанмен, дүниеге бала әкелуге мүлдем дайын емес.

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,гормондық қайта құрылу жүреді. Медицинада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

- Қалай ойлайсындар ерте жыныстық қатынасқа түсуі қандай қатерлерге

әкеледі? (Жауаптар)

Ал енді сөзді мектеп медбикесіне берейік.(Ахметова З.) Медбике ерте жыныстық қатынас туралы айтады.

Психолог: Қыздар, мен сіздерге бір хат оқып берейін.

Айнур. (16 ж) « Біз Сакен екеуіміз саяжайда таныстық. Мен өмірімде бірінші рет адамды сүйдим. Жаз бойы біздің арамызда қиялшыл қарым-қатынас болды. Ал қалаға кетер алдында, біз сүйіскеннен басқа еш сақтанбай жыныстық қатынаста болдық. Ол біздің бірінші жыныстық тәжірибеміз болған сон ,бір бірімізге ол туралы айтуға ұялдық.

Бір жыл өткеннен кейін менің денсаулығым төмендеп жиі ауыра бастадым.Суық тиіп, лимфалық түйінділер ұлғайды. Тексерілген кезде менде ВИЧ ауруын тапты.

Артынан Сакен бұрын бір туган күнде бірақ рет есірткіні қолданғанын айтты. Осылай мені сүйген адам маған ауру жұқтырды.Ал Сакенде маған дейін ешкіммен жыныстық қатынас болған емес.»

  • Айнұр не туралы ойлады. Осындай жағдай болмауы мүмкін бе?

Қорытынды: Жұқпалы ауру жұқпасада, ерте жыныстық қатынасқа түсуі ізссіз өтіп кетпейді. Ол адамның жаның арамдайды,ар-ұяттан құр қалдырады.

Ғалымдар айтуынша 18 жасқа дейін жиі жыныстық қатынасқа түскен жасөспірімдердің ағзасы физикалық тежелеуіне және ақыл-ой тежелеуіне әкеледі. Өйткені жыныстық қатынас – ол және жетіліп келе жатқан ағзаны, психикалық, эндокринді, жүйке жүйесін үлкен стреске түсіреді. Ал ағза үшін ол үлкен ауыртпашылық. Стрессті женілту үшін жастар ішімдікті, есірткіні пайдалана бастайды, жыныстық серіктестерін жиі ауыстырады. Осының бәрі нәтиже бермегеннен кейін депрессияға ұшырайды, ары қарай суицидке әкеледі.

Психолог: келесі біздің жаттығу: стикерлерге бозбала мен бойжеткенді жыныстық қатынасқа ұрындыратын жағдайларды жазып беріңіздер.

(Қыздар жазғанша әуен ойнап турады).

Жауаптары:

- ұзақ уақыт оңаша қалу;

- бірлесіп саяжайға, табиғатқа түнеуге бару;

- ересек адамдардың жүріс- тұрысына нақыштау;

- ашық киім кию;

- порнографиялық өнімдерді көру;

- сексуалды тақырыпқа ашық әңгіме айту;

- ата-аналар жоқ кезде сауықтыру кештерді өткізу.

Психолог: Қыздар , мен сіздерге бір хаттан үзінді оқып берейін.......

«– Мен әкесіз өскенмін. Отбасында ауыртпалықтың бәрі анама түскендіктен, ол кісінің менімен сырласуға уақыты бола бермейді. Бірақ, мен анаммен сырласпадым екен деп, көше кезіп, жеңіл жүріске салынып кеткенім жоқ. Бұл жерде әр қыздың өз санасына байланысты деймін. Қателескен қыздың бетіне үнемі қара күйе жаға бермей, оны тығырықтан алып шығатын жолды қарастыру керек деген оймен келісемін. Мұндай қыздарға қоғамда жанашырлық танытып, ерік-жігер берсек екен. Тым болмаса, алдағы уақытта одан сайын қателікке бой алдырмауына жағдай жасау қажет.

Әйел ретінде айтарым, қандай ортада болмасын, қызбаласы мәдениеттілікті, әдептілікті, сыпайылықты сақтағаны жөн. Сонда айналасындағы жігіттер де әдепті болуға тырысады. Жігіттерден соны талап ету керек. Өзіңізге деген сый-құрметтің бағасын түсірмеңіздер. Сөйлегенде де, әдептілікті сақтай білсеңіз, сол арқылы сіз де жігіттерді, қоғамды тәрбиелей аласыз.»

Осы хатты тыңдағаннан кейін қандай ой түйдіңіз? (Жауаптар)

Психолог: алдын ала қыздардан жыныстық тәрбие бойынша сауалнама алынды. Қорытынды бойынша(анкетаның жауаптары)

Психолог: Қалай ойлайсындар, «қыздың ары», «жигіттің намысы» деген ұғымдар қазіргі кезде ескіріп кетті ме?

Қыздың ары- ол қандай көріністерден білінеді?

(пәктік,тәккапарлық,намыс,т.б.)

–Психолог: Бүгінде біз жоғары ақпараттық технологиялар заманында өмір сүрудеміз деп мақтанамыз. Сондықтан, өсіп келе жатқан ұрпақты сауатсыз деп те айтуға болмайды. Өйткені, олар осы жаңа технологияларды еркін меңгеріп, түрлі ақпараттармен алмаса алады. Иә, заман өзгергенімен, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз өзгерген жоқ. Адам өмірінде ешқандай қиындық болмайды деген кепілдік ешкімде жоқ. Ешкім де алдында қандай қиыншылық күтіп тұрғанын болжай алмайды. Әр адамның басында қуаныш пен қайғысы қатар жүретіні рас. Ол Алланың сыны деп айтуымызға болады. Алайда, осындай қиындықтардан шығудың да түрлі жолдары бар. Көбі сол қиындықтан алып шығатын жолды таппай қатыгездікке, қателікке бой алдырып жатады.

Психолог: сіздерге келесі сұраққа жауап беруіңізді сұраймын

  • Жасөспірімдер жыныстық қатынасқа қандай себептермен түседі?

( жалғыздықты сезбеу үшін,өзін кенінен сезіну үшін, өзін еркін ұстау, ата-анадан тәуелсіз болуын көрсету, махаббатты жоғалтпау үшін, оны бәрі жасайды)т

Жаттығу: «Қызға 40 үйден тыйым». Стикерлерге қандай тыйым білесіндер жазып ілесіздер.

1. Жарыса сөйлеуге 2. Жалғыз қыдыруға

3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге 4. Орынсыз ұрынуға

5. Басқаларға қол тигізуге 6. Өтірік, өсекке

7. Суық жүріс, сумаң қылыққа 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге

9. Талтайып отыруға 10.Шалқайып жатуға

11.Тамақты обырлана асауға 12.Ұрлық-қарлыққа

13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге 14.Бұраңдап, қылымысуға

15.Қызыл іңірде жатуға 16.Түске дейін ұйықтауға

17.Кісі алдында киім ауыстыруға 18.Салт-дәстүрден аттауға

19.Елді ғайбаттауға 20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

21.Ішімдік пен шегімдікке 22.Ұрыс-керіске

23.Беттен алып, бет жыртысуға 24.Қараулыққа, ысырапқа

25.Рахымсыздық пен қатыгездікке 26.Түнде суға жалғыз баруға

27.Жат жыныстылармен арласып жатуға 28.Күйеуге қашып тиюге

29.Әдепсіз сөзге 30.Тарс-тұрс етуге

31.Адам мен жануарларды тебуге 32.Кісіні қорлап, жәбірлеуге

33.Тәкәппарлық пен сайқымазақтыққа 34.Айғай сүреңге

35.Шектен тыс сыланып жасануға 36.Қызғаншақтық пен күншілдікке

37.Менмендік пен өзімшілдікке 38.Алдап-арбауға

39.Көрсеқызарлыққа 40.Нәпсіқұмарлыққа тыйым

Жаттығу: «Жоқ! деп айтамын»

Сіздердің алдарыңызда карточкалар жатыр. Ішінен сіздің ойыңызша ең маңызды, әбден ойланған сөздерді таңдаңыз.

«Мен, жоқ деп айтамын- ерте жыныстық қатынасқа»

«Мен ,жоқ деп айтамын – венерологиялық ауруларға»

« Мен, жоқ деп айтамын –біздің өмірді ұлайтын есірткіге»

«Мен, жоқ деп айтамын – темекі шегуге араққұмарлыққа»

«Мен ,жоқ деп айтамын – порнографиялық өнімдерді көруге»

«Мен, жоқ деп айтамын – СПИД-ке, жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларға»

« Мен, жоқ деп айтамын – азаттық махаббатқа»

«Мен, жоқ деп айтамын – ерте жастағы жүктілікке»



Психолог: Өкінішке орай қазіргі уақытта жастар пәктікті сақтау модаға жатпайды деп есептейді. Ал енді келесі сұрақ туындайды: әлемдегі барлық діндер әр уақытта пәктікті неге жоғары бағалаған. Ғасырлар бойы пәктік –тұрмысқа шыққанға дейін, қыздың ең бірінші байлығы деп есептелген. Қазіргі уақытта қыздар пәктік болғаннан ұялады,кейбір қыздар одан құтылуға асығады. Қалай ойлайсындар, ол дұрыс қөзқарас па?

Бүгінгі оңай емес әңгімені аяқтап, сіздерге ингуш притчасын оқып берейін.

«Бұрынғы заманда Су, От, Жел және Ар дос болыпты. Олар үнемі бірге жүрген. Бір жолы олар әркім өз жұмыстар бойынша ажырасатын болды. Ажырасар алдында бір бірін қалай кездестіреді екенін талқылады.

Су айтты: мені қамыс өсетін жерде іздеп табасыңдар.

Жел айтты: мені жапырақтар сусылдайтын жерде іздеп табасындар.

От айтты: мені түтін шығып тұратын жерде іздеп табасындар.

Тек ар ғана үндемей қарап тұрды. Сен неге үндемейсін деп сұрады одан?

Ар былай жауап берді: сеңдер ажырасасындар, сосон қайта кездесесіндер. Ал маған ондай рұқсат жоқ. Менен бір рет айырылған адам, мәңгілікке айырылады. Және мені қайта ешқашан кездестірмейді.»

Психолог: Әр нарсенін уақыты болады . Әр нәрсенін уақыты болады құрметті менің қыздарым. Егер де осы сөздің мағынасын ұқсандар сендер өз балалық шақтарынды ұзарта аласындар.Шын мәнде балалық шақ сондай қысқа және өте тез өтеді. Ересек өмір бір басталғаннан кейін, ұзақ уақытқа дейін жалғыз шынайы өмір болып қалады. Қыздар, асығуға қажет бар ма?

Бүгінгі тақырыбымызға пікір білдіріп, атсалысқан өздеріңізге алғыс айтамыз.

Жыныстық өмірді қай уақытта бастауды шешу – әр адамның жеке басының шаруасы. Әр адамның өз қалауы бар. Мен сендерге дұрыс қалау жасағанды тілеймін! Сендерге жақсылық тілеймін!


Назарларыңызға рахмет!






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Мен, жоқ деп айтамын!"

Автор: Кожамбетова Сара Токтарбаевна

Дата: 09.03.2017

Номер свидетельства: 398553

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "?аза? тілі п?ні бойынша ашы? саба? "Мені? отбасым""
    ["seo_title"] => string(43) "kazaktilipniboiynshaashyksabakmieninotbasym"
    ["file_id"] => string(6) "334283"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465822369"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Отбасы д?ст?рлері мен мейрамдары. "
    ["seo_title"] => string(35) "otbasy-d-sturlieri-mien-mieiramdary"
    ["file_id"] => string(6) "130592"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1415948535"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Мен таңдаған жол!" тренинг"
    ["seo_title"] => string(30) "mien_tan_dag_an_zhol_trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "409652"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492413540"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Білімді мен талапты?а н?р жауар"
    ["seo_title"] => string(29) "bilimdimientalaptyganurzhauar"
    ["file_id"] => string(6) "272126"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451910214"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Білімді мен талапты?а н?р жауар"
    ["seo_title"] => string(30) "bilimdimientalaptyganurzhauar1"
    ["file_id"] => string(6) "272127"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451910221"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства