Қазіргі заманда бейбіт өмір сүру – адамзат үшін ең маңызды құндылықтардың бірі болып отыр. Бейбіт әлем – тек соғыс пен қақтығыстардың болмауы ғана емес, ол адамдар арасындағы өзара сыйластық, әділдік пен келісімнің орнығуы. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, соғыс жылдары адамзатқа орасан зор шығын әкеліп, миллиондаған адамдардың тағдырына кері әсерін тигізгенін байқаймыз. Сондықтан бейбітшілікті сақтау – кез келген қоғамның басты мақсаты болуы тиіс
