Қазіргі таңда мектебімізде мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар үйден оқытылуда. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалыс, өз қатарластарына қарағанда мүмкіндігтері шектелгенмен жандүние кеністігі аясында тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу, мүндай балалар мектеп психологы парызы, сонымен қатар мектеп әкімшілігінің назарында болу керек. Жарым жандар оң солын танып, білім алып толық қаңды азамат болу үшін мүмкіндігінше біліммен қарулануы қажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дені сау ұрпақ табиғаттың ең қымбат жемісі.»
Дені сау ұрпақ табиғаттың ең қымбат жемісі.
Қазіргі таңда мектебімізде мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар үйден оқытылуда. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалыс, өз қатарластарына қарағанда мүмкіндігтері шектелгенмен жандүние кеністігі аясында тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу, мүндай балалар мектеп психологы парызы, сонымен қатар мектеп әкімшілігінің назарында болу керек. Жарым жандар оң солын танып, білім алып толық қаңды азамат болу үшін мүмкіндігінше біліммен қарулануы қажет.
Мектеп психологы жарым жанды оқушылармен жұмыс жүргізу негізінде баланың жан дүниесін сезініп, кемшіліктерін түзетіп бала жүрегіңдегі мұнды аша білу керек деп ойлаймын, бала бойына сүйіспеншілікті сіңіре отырып, өзіне деген құштарлық, қанағаттылықты дарыту басты міндет. Қазіргі күні мектебімізде үш оқушы үйден оқытылады. Осы оқушылардың толықтай дамуына өз үлесімізді қосу деп есептеймін. Жаны жабырқаулы оқушылардың достарымен де қарым-қатынасы шектеулі. Өсіп келе жатқан жас өспірімнің өзіңдік бағалау деңгейі төмендеуде. Әрине, баланың толық дамып, күйзеліске түсіп кетпеуіне ата-ананың да тигізер әсері мол. Алайда бұндай отбасындағы ата-аналардың өзіне де психологиялық демеу қажет. Мұндай отбасымен және балалармен қарқынды терапиялық (кеңес беру, түзету-дамыту, ағартушылық, алдын алу) жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Қазіргі кезде қолданып келе жатқан әдістің бірі – біріктіре оқыту, яғни даму барысындағы ерте түзету және баланың өзіне деген сенімімен мүмкіндігі төмен бола тұрсада да «Сенің қолыңан келеді...», «Сен жеңіске жетесің...» деген т.б. еңсесін көтеру. Жалпы баланы қоғамға бейімделу мен оқытуда ерте зерттеулер мен түзету маңызды, соңдықтан әр психолог дер кезінде көмек беру тиіс. Мүгедек баланың қабілетіне қарай жұмыс жүргізсе бұл да түзету жұмысының бір қыры болары сөзсіз. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтары көптен ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Қоғамның осы зардабының түп тамырынан емдеу үшін ата-ана дұрыс денсаулығына көңіл бөлуі керек. Екі жас отау құрғаннан кейін дені сау ұрпақты өмірге әкелуге дайындалуы тиіс. Сондықтанда қазіргі жастарымыздың отбасы құрар алдындағы ойланбай істеген іс-әрекеттерінен (ішімдікке салыну, нашақорлыққа берілу, шылым шегу, түрлі жыныстық аурулар) зардабы нәтижесінде денісау ұрпағымыз туылуы күмәнді болып отыр. Мемлекетіміз әр жас отбасына психологиялық орталықтар ашу керек деген ойдамын. Сондықтан даму мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан қалдырмай, олардың қоғамда бейімделуіне ат салысу қай азаматтың болса да, қай елдің болса да басты парызы!