Просмотр содержимого документа
«Бізді? ?жым (тренинг)»
Біздің ұжым (тренинг)
Мақсаты: Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, ынта-жігерін, қабілетін, шығармашылығын, біліктілік дағдыларын арттыру. Міндеті: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.
Кіріспе сөз. Сәлеметсіздер ме? Құрметті тренингке қатысушы әріптестестерім, сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы формасы- ұжым. Ұжым – ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С. Макаренко анық та толық айтып берді. «Ұжым дегеніміз- жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар кешен».
Тренинг құрылымы:
Кіріспе сөз І. «Сәлемдесу» жаттығуы ІІ. «Топтық жұмыс»
ІІІ. «Зейінді зерттеп зерделе»жаттығуы
IV. « Ситуациядан шығу»
V. «Хи – ха – хо» жаттығуы
VІ. «Тілек тілеу»
V ІІ. Қорытынды
І. «Сәлемдесу» жаттығуы. Мақсаты: Әрбір қатысушы сол топтың бір мүшесі екендігін сезініп, бір-біріне жылулық сыйлау.
Шарты: Оң және сол жақ көршілеріңізбен амандасу арқаларыңызды тигізу арқылы. Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді, сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып.Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, сол жақтағы көршіңе бір жымиып.
Талдау:
Көңіл күйлеріңіз қалай өзгерді?
ІІ. «Топтық жұмыс» (қатысушылар екі топқа бөлінеді)
Мақсаты: ұйымшылдыққа, біртұтастыққа тәрбиелеп, мәселені бірлесе шешуге көмектесу.
1-топ – «Жаңашыл мұғалім» тақырыбы
2-топ – «Шығармашыл мұғалім» тақырыбы
Шарты:
1.Берілген тақырыпты ғылыми тұрғыда қорғайды, мағынасын ашуы керек.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғап, таныстырады.
2.Практикада қолдану түрлерін көрсету.
3.Өлең шығару немесе сурет салу.
Талдау:
Берілген міндетті шешуге не көмектесті?
Тез орындауға не кедергі болды?
ІІІ. «Зейінді зерттеп зерделе»жаттығуы. Бұл әдістеме зейінді анықтауға бағытталады. Уақыты-2 минут. Шарты: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Талдау:
Кімге қиын болды?
IV. « Ситуациядан шығу»
Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез - келген жағдайдан шыға білу.
Шарты: Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.
Ойынның мәні : үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіруі керек. Уақыты : 10 минут
Талдау:
Ситуациядан шығу оңай болды ма? Өздеріңізге қандай жаңалық аштыңыздар?
V. «Хи – ха – хо» жаттығуы.
Мақсаты: бойдағы жағымсыз эмоциядан арылу.
Шарты: шеңбер бойы бір-бірінің белдерінен ұстап тұрады. «ХИ» дегенде алға еңкейіп, «ХА»дегенде артқа шалқайып, «ХО»дегенде алға қарай еңкею керек.
Талдау:
Айқайлаған кезде не сезіндіңіз?
Өзіңізді еркін ұстап айқайлай алдыңыз ба?
VІ. «Тілек тілеу» Шарты: күннің бөлшектерін қолдарына алып, тілектерін айтып, тақтаға жапсырып, күннің суретін құрау.