kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Артикуляциялық жаттығулар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Түсініктеме


«Жас бала жас- шыбық,                                                          жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,

өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»

                                    М.Жұмабаев

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме  балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі  мекемеде қазақ  тілін  оқыту  жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі  мекемеде  білім  беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды  оқыту  мәселесі  алдымен  балабақшада  жүзеге  асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының  дамуында  тіл  маңызды  рөл  атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан  қалған  салт-дәстүрге,адамгершілікке  баули отырып,жаңа  технологияны  меңгерту. Осы мақсатымыз  жүзеге асуы  үшін біз ең  алдымен  өзіміздің  ана  тілімізді  меңгеруіміз  қажет. Бүгінгі таңда  тіл  туралы  көп  айтылады.Тіл білген  адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның  ойы  тілден  көрінеді.Сондықтан  балабақша  қабырғасынан  бастап  тіл  үйретудің  маңызы зор.

Балалабақшада  қазақ тілін үйретуде  сөздік  жұмысты  қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен  тығыз  байланыстыра  жүргізу,жаңа  сөздер  қамтылатындай  түрлі  ойындар  арқылы  тіл  ұстарту,көру,есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау  қабілеттерін  жетілдіріп  отыру,балаларды  сөйлесе  білуге,сөйлемдерді  дұрыс айтуға,тәрбиешінің  сұрағын  түсініп,дұрыс  жауап  беруге  баулу  мақсаттары  көзделеді.Ересек  балалар   тобында  бұрынғы  топтарда  үйренгендерін  тереңдете  түседі. Ауызша  сөйлеу  тілін  дамытуға  көп  көңіл  бөлінеді. Әр  оқу  іс-әрекеті  сайын  тақырыпқа  сай  түрлі  суреттер,кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар  бойынша  электронды  кітаптармен  көркемдеп  отырса,балалардың  сөздік  қоры  біршама  толығады деп  санамін.Заман  өзгерген  сайын  әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып  отырады.Әр түрлі  жаңа  технологияларды  өз  тәжірибемізде  қолданып  отырамыз. Соның  бірі  «Ойын»  технологиясы.Балалның  танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытуда,оқыту мен  тәрбиелеудің  негізін  қалыптастырудың  құралы-ойын  әрекеті. Ойын  дегеніміз-жас  ерекшелігіне қарамайтын,адамның  көңіл  күйін  көтеретін,ойландыратын  үрдіс.Ойын  арқылы  балалар  өзінің  психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастырады.Әр бала  ойнау  үшін  алдымен  ойланады,ойлана  отырып  ойнайды.Кез  келген  бала  еш  уақытты  жалғыз  ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе  жүріп,пікірлесіп әсер  алысады,ойынның  мазмұнын  анықтайды.Балалар ойын  шығарушылар, ойынды  жасаушылар  болып  табылады. Бала жалғыз  ойнағанның  өзінде  ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы  қатысушылармен  әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу  әрекеті  ойлау  қабілеті  болып  табылады.Түрлі  заттарды  пайдалана  отырып, қоршаған  ортамен, адамдармен  қарым-қатынас  жасайды,тәжірибе  жинақтайды.Ойын баланы  ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да  алға жетелеп  дамытады,баланың  ойын  өрбітіп,тілін  дамытып, бойын өсіреді.

    Мақсаттылық жаттығулар, артикуляциялық аппаратты керек дыбыстарды дұрыс айтуына дайындауына көмектеседі. Бұл жаттығулар, дыбыстың дұрыс артикуляциясынан таңдалып алынған, сондықтан оларды комплекстерге бірлестіру қажет. Әрбір комплекс еріннін, тілдің белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауа үрлеуін шығаруды дағдыландырады, яғни дыбыстың дұрыс шығаруына керектісін дайындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Артикуляциялық жаттығулар»














Дайындаған :А.Манапова










Көкшетау қаласы -2017жыл


Түсініктеме


«Жас бала жас- шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,

өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»

М.Жұмабаев


Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме  балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі  мекемеде қазақ  тілін  оқыту  жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі  мекемеде  білім  беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды  оқыту  мәселесі  алдымен  балабақшада  жүзеге  асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының  дамуында  тіл  маңызды  рөл  атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан  қалған  салт-дәстүрге,адамгершілікке  баули отырып,жаңа  технологияны  меңгерту. Осы мақсатымыз  жүзеге асуы  үшін біз ең  алдымен  өзіміздің  ана  тілімізді  меңгеруіміз  қажет. Бүгінгі таңда  тіл  туралы  көп  айтылады.Тіл білген  адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның  ойы  тілден  көрінеді.Сондықтан  балабақша  қабырғасынан  бастап  тіл  үйретудің  маңызы зор.

Балалабақшада  қазақ тілін үйретуде  сөздік  жұмысты  қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен  тығыз  байланыстыра  жүргізу,жаңа  сөздер  қамтылатындай  түрлі  ойындар  арқылы  тіл  ұстарту,көру,есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау  қабілеттерін  жетілдіріп  отыру,балаларды  сөйлесе  білуге,сөйлемдерді  дұрыс айтуға,тәрбиешінің  сұрағын  түсініп,дұрыс  жауап  беруге  баулу  мақсаттары  көзделеді.Ересек  балалар   тобында  бұрынғы  топтарда  үйренгендерін  тереңдете  түседі. Ауызша  сөйлеу  тілін  дамытуға  көп  көңіл  бөлінеді . Әр  оқу  іс-әрекеті  сайын  тақырыпқа  сай  түрлі  суреттер,кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар  бойынша  электронды  кітаптармен  көркемдеп  отырса,балалардың  сөздік  қоры  біршама  толығады деп  санамін.Заман  өзгерген  сайын  әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып  отырады.Әр түрлі  жаңа  технологияларды  өз  тәжірибемізде  қолданып  отырамыз. Соның  бірі  «Ойын»  технологиясы.Балалның  танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытуда,оқыту мен  тәрбиелеудің  негізін  қалыптастырудың  құралы-ойын  әрекеті. Ойын  дегеніміз-жас  ерекшелігіне қарамайтын,адамның  көңіл  күйін  көтеретін,ойландыратын  үрдіс.Ойын  арқылы  балалар  өзінің  психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастырады.Әр бала  ойнау  үшін  алдымен  ойланады,ойлана  отырып  ойнайды.Кез  келген  бала  еш  уақытты  жалғыз  ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе  жүріп,пікірлесіп әсер  алысады,ойынның  мазмұнын  анықтайды.Балалар ойын  шығарушылар, ойынды  жасаушылар  болып  табылады. Бала жалғыз  ойнағанның  өзінде  ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы  қатысушылармен  әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу  әрекеті  ойлау  қабілеті  болып  табылады.Түрлі  заттарды  пайдалана  отырып, қоршаған  ортамен, адамдармен  қарым-қатынас  жасайды,тәжірибе  жинақтайды.Ойын баланы  ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да  алға жетелеп  дамытады,баланың  ойын  өрбітіп,тілін  дамытып, бойын өсіреді.









Мақсаттылық жаттығулар, артикуляциялық аппаратты керек дыбыстарды дұрыс айтуына дайындауына көмектеседі. Бұл жаттығулар, дыбыстың дұрыс артикуляциясынан таңдалып алынған, сондықтан оларды комплекстерге бірлестіру қажет. Әрбір комплекс еріннін, тілдің белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауа үрлеуін шығаруды дағдыландырады, яғни дыбыстың дұрыс шығаруына керектісін дайындайды.

  • Артикуляциялық гимнастикасын еріннің және тілдің негізгі, барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуына қажетті, қозғалыстарынан және қалыптарынан бастау керек.

  • I комплекске осы негізгі жаттығулар енгізілген.

  • Ерінді күлімсіретіп үстау, алдыңғы жоғарғы және астыңғы тістер көрініп тұрады.

  • Ерінді алға қарай созу. («Керней»)

  • Еріннін қалыптарын кезектесу: ерінді күлімсірету-керней

  • Ауызды жайбырақат ашып-жұму, ерін күлімсіреп тұрады.

  • Тілді жалпыйтып ұстау.

  • Тілді жіңішкертіп ұстау.

  • Тілдің қалыптарын кезектеп жасау: жалпақ-жіңішке.

  • Тілді жоғарғы тістердің артына көтеріп ұстау.

  • Тілді кезекпен: жоғарыға көтеріп-астына түсіру.

  • Тілдің мынадай қалыптарын кезектеу (тілдің ұшы төменде): тілді ауыздың ішіне қарай (түбіне қарай) ысырып сосын алдыңғы астыңғы тістерге тигізіп қою.

Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты талабы жүйелілік.

  • Бірінші комплекстін қозғалыстарын дағдыландырғаннан кейін логопед, баланың қандай дыбыстарды айталмағаннан тәуелдіге сәйкес (лайық) комплекстерді таңдап алып өткізеді.

  • II комплекс. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - С, З, Ц –дыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.

  • III комплекс. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - Ш, Ж, Щ, Ч- дыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.

  • IV комплекс. Артикуляциялық аппаратты –Л- дыбысын дұрыс айтуына дайындайтын жаттығулар.

  • V комплекс. Артикуляциялық аппаратты –Р- дыбысын дұрыс айтуға дайындайтын жаттығулар.

  • Барлық жастағы топтарда бірдей комплекстерді қолдануға болады, бірақ артикуляциялық гимнастика жұргізу тұріне және жасы бірдей емес балалар жасайтын жаттығулардың қоятын міндеттері әртүрлі.

  • Жаттығуларды жасай алмайтын балалармен жеке жұмыс өткізіледі немесе ата-аналарына осы қозғалыстарды үйде балаға жасатсын деген тапсырма беріледі ( күніне 2 рет, тәңертен-кешке 2-5 минуттан).

  • Екінші кішкентайлар тобының балаларымен жаттығулар ойын түрінде өткізіледі. Қозғалыстарды дағдыландыру көлеміне қойылатын міндеттер аз. Балалар жәй дағдыларды ұғып алып, кейін артикуляциялық аппаратынын қозғалыстарын әрі қарай жетілдіру үшін.

  • Естиярлар тобында артикуляциялық гимнастикасында ойын тәсілдері қолданылады. Балалардың ұйренген жәй қозғалыстар әрі қарай дамып жетілдіреді. Артикуляциялық гимнастикасына қойылатын талаптар да көтеріледі.

  • Ересектер тобында қозғалыстардың орындалуы ырғақты, жеңілтек және анық болуын қадағалау керек; артикуляциялық аппаратынын мүшелерін бір қозғалыстан және қалыптан, басқасына тез және ырғақты көшуін қадағалайды. Қорытындысын дәл және тұрақты болуын қадағалап, шыққан қалыптарын біраз уақыт өзгертпей ұстап тұру керек. Қозғалыстар жеңіл, дұрыс және үйреншікті , оларды кез келген екпінде өткізуге болады. Керекті дыбыстарға арналған комплексті жасап ұйренгеннен кейін артикуляциялық гимнастикасына дыбыс еліктеулерін қосуға болады.

  • Ересектер және мектепалды даярлық тобында балалар дыбыстарды дұрыс айтып үйренгенде, артикуляциялық гимнастикасына әртүрлі дыбыстардың жіктеуіне арналған жаттығулар алынады:

  • А) дауысты дыбыстар: И-У, Э-О, И-О, Э-У, И-Э, У-О;

  • Б) сонор және ұян дауыссыздар: М-Б, Н-Г;

  • В) үнді дауыссыздар: М-Л, Н-Л;

  • Г) ұян және қатан дыбыссыздар: Б-Д, Ф-Х;

  • Д) ұян және қатан дыбыссыздар: Б-В, К-Х;

  • Е) ұян және қатан дыбыссыздар: С-Х, Д-Г;


Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен

міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек.

Жаттығулар 15 минуттан аспау керек.

Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар рындалу керек.

  Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсыманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.

   Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек.

“Айнаға қарап жаттығу жасау”

1 комплекс (С, З, Ц дыбыстарына арналған)

С, З, Ц дыбыстарын айтуына, тілдің қүрделі және нақты қозғалыстары қажет, оларда тілдің ұшы қатысады (ол астыңғы тістердің артында жатады), тілдің қыры (олар жоғарғы түпкі тістерге тиіп тұрады), тілдің ортасы (алдыңғы жағы альвеолаға қарай көтеріліп, онымен саңылау жасайды. Ал Ц дыбысын айтқанда альвеолға тиіп сосын саңылау жасайды.), еріннін қозғалыстары (күлімсіреп тұрады), астыңғы жақ сүйектері (сәл төмен түсіп тұрады) және ауа үрлеуі қажет (тілдің ортасынан шығатын қатты болу керек). Тілдің қажетті қозғалыстарын және ауа үрлеун дағдылануға мүмкіндік жасайтын келесі жаттығулар:

Допты қақпаға кіргіз.

Мақсаты: ұзақ бағытталған ауа ағының істеп шығару.

Қысқа бейнелеу: ерінді алға қарай шошайта созып, мақта шаригін ұзақ үргізіп екі кубиктін арасына кіргізеді ( шарик үстелде баланың алдында жатады).

Әдістемелік нұсқау:

Бетке жел толтырмауды қадағалау, ол үшін сәл саусақтармен ұстап тұруға болады.

Шарикті бір деммен кіргізу, ауа ағыны үзілмеу керек;

 

Бағынбайтын тілді жазала.

Мақсаты: Тіл еттерін бағынышты етіп, кең түрде жалпийтып ұстауға үйрету;

Бейнелеуі: Ауызды кішкене ашып, тілді астынғы ерінге салу керек. Ерінді еппен қимылдатып, мынадай дыбысты шығару керек: «пя-пя-пя». Жалпақ тілді қалыпты жағдайда ұстай отырып, ауызды ашып, 1-10 дейін санау.

Әдістемелік нұсқау:

Төменгі ерінді бұрап, астынғы тістерге тартпау керек;

Тіл жалпақ болып , қырлары ауыздың бұрыштарына тимеу керек;

Тілді ерінмен бірнеше рет, бір дем шығаруда шапалақтау керек. Бала демді бөгемеу керек. Жаттығудын орындауын былай бақылауға болады: мақтаны баланың аузына қарай әкеліп ұстау. Бала жаттығуды дұрыс істеп отырса, мақта ауытқып кетеді. Бұл жаттығу басқасымен қатар, бағытталған ауа ағынын істеп шығаруына мұмкіндік жасайды.

Тілді жалпақ қыл.

Мақсаты: тілді сабыр, бос қалыпта ұстау икемділігіне дағдыландыру.

Бейнелеуі: күлімдеп, ауызды ашыңқырап, тілдің алдыңғы жалпақ шетін төменгі ерінге салып қоямыз. Тілді осы қалыпта 5-10ға дейін санағанша ұстау керек.

Әдістемелік нұсқау:

Ерінді қатты, күш салып созбау керек.

Астынғы ерінді қайырмау керек.

Тілді артық шығармай, астыңғы ерінді жауып тұратындай ұстау керек.

Тілдің қырларын ауыздың бұрыштарына тигізіп ұстау.

Бұл жаттығуды жасай алмаса, «Бағынбайтын тілді жазала» деген жаттығуға қайтып оралу керек.

  Допты кім әрі кіргізеді?

Мақсаты: ұзақ , ырғақты, үздіксіз, ауа ағынын тіл ортасымен шығару.

Бейнелеуі: Күлімдеп, тілдің алдыңғы жалпақ жағын астыңғы ерінге салып, «Ф» дыбысын ұзақ айтқандай болып, мақта шаригін үстөлдің қарама-қарсы жағына қарай, ұрлеп шығару керек.

Әдістемелік нұсқау:

Астыңғы ерінді тістерге тартпау керек.

Бетке ауа толтырмау керек.

Балаларға «Ф» дыбыстың орнына «Х» дыбысын айтқызбау , ауа ағыны енсіз болуын қадағалау керек.

 

Тісті тазалау

Мақсаты: балаларға тілдің ұшын астыңғы тістердің артында үстап тұруын үйрету.

Бейнелеуі: күлімдеп, тістерді көрсету, ауызды ашынқырап тілдің ұшымен астыңғы тістерді «тазала». Әуелі тілді оңнан солға қарай, содан соң астынан үстіне қарай қозғау керек.

Әдістемелік нұсқау:

1. Ерін қозғалмай, күлімдеп тұру керек.

2. Тілдің ұшын оңнан солға қарай қозғағанда тістің қызыл шетінде болу керек.

3. Тілді астынан үстіне қарай қозғағанда тілдің ұшы жалпақ болып, қозғалуын астыңғы тістердің түптерінен бастау керек.

  2 комплекс (Ш, Ж, Ч, Щ дыбыстарына арналған).

  Ш, Ж, Ч, Щ дыбыстарын айту үшін тілдің күрделі және нәзік қимылдары керек: жалпақ алдыңғы тілдің шеті қатты таңдайдың алдыңғы жағына қарай көтеріледі, сол кезде тілдің ұшы және таңдайдың арасында саңылау пайда болады (Ч дыбысын айтқанда тілдің ұшы таңдайға тийіп сосын саңылау пада болады); тілдің шеттері үстіңгі азу тістерге тиіп тұрады; ерін алға қарай созылып және дөнгеленіп тұрады; астыңғы жақ сүйегі сәл түсіп тұрады; ауа ағыны тілдің ортасымен шығады. Тілдің керекті қимылдарын істеп шығару үшін мынадай жаттығулар мүмкіндік жасайды.

 «Бағынбайтын тілді жазала»

«Тілді жалпақ қыл»

«Допты кім әрі кіргізеді?»

Кәмпитті жапсыр

Мақсаты: тілдің бұлшық ететін күшейту және жоғарыға көтерулуін жаттықтыру.

Бейнелеуі: тілдің жалпақ ұшын астынғы ерінге салып қояды. Тілдің ең шетіне жіңішке иристің бөлігін салып қойып, кәмпитті таңдайға үстінгі тістердің артына жапсырып қою.

Әдістемелік нұсқау:

Тіл ғана жұміс істеп , астыңғы жақ сүйегі қозғалмай тұру керек.

Ауызды 1,5-2 см ден кең ашпау керек.

Егер астыңғы жақ сүйегі қозғалып тұрса, баланың таза саусағын азу тістердің арасына салып қоюға болады (сонда ол аузын жаппайды).

Жаттығуды асықпай жасау керек.


Саңырауқұлақ..

Мақсаты: тілді жоғарі көтеріп, тіл астындағы қызыл еттің созуына дағдыландыру.

Бейнелеуі:тістерін көрсетіп күлімдеп, ауызды ашыңқырап жалпақ тілді тіңдайға қатты жапсыру, сонан соң ауызды кеңірек ашу (тіл саңырауқұлақтың жіңішке қалпақшасына , ал тілдің астыңғы қызыл еті – тібіртекке ұқсайды).

Әдістемелік нұсқау:

Ерін күлімсіреп тұру керек.

Тілдің шеттері таңдайға бірдей жабысып тұру керек.

Жаттығуды қайталап жасағанда ауызды кеңірек ашады.

  Тәтті тосап.

Мақсаты: тілдің алдыңғы жалпақ жағын жоғары қарай көтеріп және тілдің формасын кесе ғылып, Ш дыбысын айтқанда тұратындай, қозғалысын дағдыландыру.

Бейнелеуі: ауызды сәл ашынқырап тілдің алдыңғы жалпақ жағымен ұстіңгі ерінді ұстінен астына қарай қозғап жалау.

Әдістемелік нұсқау:

Тіл ғана жұмыс істеп, астыңғы жақ сүйегі қозғамау керек (саусақпен ұстап тұруға болады).

Тіл жалпақ болу керек, жақтары ауыздың бұрыштарына тиіп тұрады.

Бала жаттығуды жасай алмаса, «Бағынбайтын тілді жазала» деген жаттығуды жасату керек. Тілді жалпақ қылып ұстап тұрғанда шпательмен жоғарыға көтеріп ерінге салып қою керек.

 

  Гармошка.

Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін нығайтып, тіл астындағы қызыл етті созу.

Бейнелеуі: күлімдеп, ауызды ашыңқырап, тілді таңдайға жапсырып қою. Тілді жібермей ауызды ашып-жабу керек ( тіл астындағы қызыл ет гармонь сияқты созылады). Ерін күлімдеген қалыпта тұрады. Жаттығуды қайталаған сайын ауызды кеңірек ашып, тілді ұстінде көбірек ұстау керек.

Әдістемелік нұсқау:

Ауызды ашқанда ерін қозғалмау керек.

Ауызды ашып жапқанда, бір қалыпта 3-10ға дейін санағанша ұстау керек.

Ауызды ашқанда тілдін шеттері түспеу керек

Сиқыр.

Мақсаты: тілді ұстіне көтеру қозғалысын және тілді ожауға ұқсатып істей білу , ауа ағынын тілдің ортасынан жіберуін дағдыландыру.

Бейнелеуі: күлімсіреп, ауызды ашыңқырап, тілдің алдыңғы жалпақ шетін ұстінгі ерінге салып қою, тілдің шеттері үстінгі ерінге тиіп тұру керек ал тілдің ортасы науа болып тұрады. Сол қалыпта мұрынның ұшында тұрған мақтаны ұшырып жеру керек. Ауа тілдің ортасымен шығып мақтаны жоғары қарай ұшырады.

Әдістемелік нұсқау:

Ауыздың астыңғы жақ сүйегі қозғалмай тұру керек.

Тілдің шеттері үстінгі ерінге тиіп тұрып, тілдің ортасында ауа ағыны шығатын науа жасап шығады.

Астыңғы ерін тістерді жауып қайырылмау керек.

3 комплекс (Л дыбысына арналған).

 

Л дыбысын дұрыс айту үшін тілдің әртүрлі мүшелерінің күрделі және жіктелген жұмысы қажет: тілдің ұшын жоғары көтеріп үстінгі тістердің артына тигізу, тілдің арғы жағын сәл көтеріп ауыздың түбіне қарай тарту; тілдің шеттері төмен түсіп, шыққан ауа ағынын өткізеді. Тілдің қажетті қозғалыстарын келесі жаттығулар дағдыландырады:

 

«Бағынбайтын тілді жазала»

 

«Тәтті тосап»

 

Пароход гуулдейді.

Мақсаты: тілдің ортасын жоғары көтеру қозғалысын дағдыландыру.

Бейнелеуі: ауызды ашынқырап Ы дыбысын созып айту (пароход гуулдеген тәрізді).

Әдістемелік нұсқау:

Тілдің ұшы төмен түсіп, ортасы таңдайға көтеріліп, ауыздың түкпірінде тұрады.

 

Күркетауық.

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп, алдыңғы шетінің қозғалымын дағдыландыру.

Бейнелеуі: ауызды ашып, тілді үстінгі ерінге салып қойып, тілдің алдыңғы жалпақ шетімен үстінгі ерінді жоғары-төмен қарай, тілді еріннен алмай, сипап тұрғандай, қозғау керек. әуелі ақырын, содан кейін екпінді жылдамратып дауысты қосып, «бл-бл» деген дыбыс шыққанша (күркетауықтын дыбысы тәрізді) жасау керек.

Әдістемелік нұсқау:

Тілді жалпақ қылып жіңішкертпей ұстау керек.

Тілді жанжаққа емес, жоғары-төмен қозғап тұру керек.

Тіл үстінгі ерінді «жалап» тұрғандай қозғалу керек.

 

Әткеншек.

Мақсаты: Л дыбысын дауысты А, О, У, Ы дыбыстарымен қосқанда, тілдің қалыптарын тез ауыстыру икемділігін дағдыландыру.

Бейнелеуі: ауызды ашып, күлімсіреп, тістерді көрсету. Жалпақ тілді астыңғы тістердің артына салып койып (ішкі жағынан), сол қалыпта 1-5ке дейін санағанша ұстау керек. Содан кейін жалпақ тілді үстінгі тістердің артына көтеріп койып (ішкі жағынан), сол қалыпта 1-5ке дейін санағанша ұстау керек. Солай тілдің қалыптарын кезекпен 4-6 рет ауытыру керек.

Әдістемелік нұсқау:

Тіл ғана қозғалып тұрып, ал ауыздың астыңғы жақ сүйегімен ерін қозғалмай тұру керек.


Тілдің ұшымен қағу. (Құлыншақ)

Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін нығайту және тілді жоғары көтеру.

Бейнелеуі: күлімсіреп, тісті көрсетіп ауызды ашып тілдің ұшымен қағу (аттың тұяғының дыбысындай).

Әдістемелік нұсқау:

Жаттығу ең алдымен жәй екпінмен содан соң жылдам жасалады.

Ауыздың астыңғы жақ сүйегі қозғалмай, тіл ғана жұмыс жасау керек.

Бала таңдайын қағалмаса, «Кәмпитті жапсыр» деген жаттығуды жасатып, кейін тағы таңдайын қағып үйрету керек.

Тілдің ұшын ішке қарай қайырмау керек, сонда бала тілін сормайды.

 

 Тілдің ұшын дыбыс шығармай қағу.

Мақсаты: тілді жоғары көтеру қозғалысын дағдыландырып, балаға Л дыбысын дұрыс айтқанда, тілдің тұратын жерін анықтауына көмектесу.

Бейнелеуі: ауызды тістерін көрсетіп, күлімсіретіп ашып тілмен таңдайын дыбыс шағармай қағу керек.

Әдістемелік нұсқау:

Ауыздың астыңғы жақ сүйегі және ерін қозғалмай, тіл ғана жұмыс жасау керек.

Тілдің ұшын ішке қарай қайырмау керек.

Тілдің ұшы үстінгі тістердің артына таңдайға тіреп қойып, ауыздан шығармау керек

4 комплекс (Р дыбысына арналған).

 

Р дыбысын дұрыс айту үшін тілдің бұкіл бұлшық еттерінің құрделі жұмысы қажет: тілдің ұшы және алдыңғы шеті альвеолға қарай көтереліп, қатайып тұрады, тілдің ұшы өтіп жатқан ауа ағынынан дірілдеп тұрады. Тілдің ортасы төмен түсіп, шеттері үстінгі азу тістерге тиіп тұрады; шығып жатқан ауа ағыны қатты және бағытталған болу керек. Тілдің қажетті қозғалыстарын және керекті ауа ағынын келесі жаттығулар дағдыландырады

Кімнің тісі таза?

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп және тілді пайдалана білу икемділігін дағдыландыру.

Бейнелеуі: ауызды ашып тілдің ұшымен үстінгі тістерді ішкі жағынан «тазалау», тілді оңнан-солға солдан-оңға қарай қозғау.

Әдістемелік нұсқау:

Ерін күлімсіреп, астыңғы және үстінгі тістер көрініп тұрады.

Тілдің ұшын ауыздан шығармай, ішке қарай қайырмай үстінгі тістердің тұптеріне қарай ұстау керек.

Ауыздың астыңғы жақ сүйегі қозғалмай, тіл ғана жұмыс істеу керек.

 

Сырлаушы.

Мақсаты: тілді жоғары көтеру қимылын және қозғалмалдылығын дағдыландыру.

Бейнелеуі: ауызды күлімсіреп ашып тілдің ұшымен таңдайды алдынан-артқа қарай жалап «сырлау».

Әдістемелік нұсқау:

Ерінмен ауыздың астыңғы жақ сүйегі қозғалмай тұру керек.

Тілдің ұшыалдына қарай қозғалғанда үстінгі тістердің ішкі жағына тиіп, ауыздан шықпау керек.

 

Барабаншы.

Мақсаты: тіл ұшының бұлшық етін нығайту, тілді жоғары көтеріп және тілдің ұшын қатайтып үстау бейімділігін дағдыландыру.

Бейнелеуі: ауызды күлімсіреп ашып тілдің ұшымен үстінгі тістердің артын, д-д-д деген дыбысты қайта-қайта және анық айтып соғу. Ең алдымен Д дыбысын ақырын айтып, сонан соң екпінін жылдамдату.

Әдістемелік нұсқау:

Ауыз ашық тұрып, ерін күлімсіреп, ауыздың астыңғы жақ сүйегі қозғалмай, тіл ғана жұмыс жасау керек.

Д дыбысын анық айтып тұру керек.

Тілдің ұшын қайырмау керек.

Д дыбысын айтқанда ауыздан шыққан ауа ағынын сезіп тұру керек. Ол үшін ауыздың алдында қағаздын жолағын ұстап тұру керек. Бала жаттығуды дұрыс жасап отырса жолақ қозғалып (ауытқып) тұрады.

«Допты кім әрі кіргізеді?»

 «Тілдің ұшымен қағу»

 «Тәтті тосап»

 «Күркетауық»

 1. Тәрбиешілерді екі топқа бөліп тапсырма беріледі:

- топтын атын қойып ребус немесе жұмбақ, тақпақ арқылы екінші топқа жасырып беріңіздер;

-содан кейін қағазға жазып үстөлдің ортасына қояды;

 

2.Сабақта пайдалынатын дидактикалық ойындар көп, соның ішінен екі «Гүлді жина» және «Аударыспақ» деген ойындарды тәрбиешілерге беріп, топтың арасында өткізу. Ойындарды ойнап біткеннен кейін топтарға тапсырма беріледі:

-осы өткізген ойындардың мақсаттарын белгілеп беріндерші;

 

«Гүлді жина»

Мақсаты: -балалардың сөздік қорын молайту;

-үйренген дыбыстарды дұрыс және анық айтып жаттықтыру;

-балаларға сөз тіркестерді, сөйлемдерді құрастырып айтқызу;

-заттардың түрін, пішінін, түсін, дәмінін қандай екенін қайталату;

-үйренген дыбыстың сөздегі орынын тауып айту;

-балалардың еске сақтау, ойлау, есту қабілеттерін, зейіндерін дамыту;

-қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

-эстетикасын тәрбиелеу;

«Аударыспақ».

Мақсаты: -әр түрлі түстерді қайталап бекіту;

-сөздік қорын байыту;

-дыбыстарды дұрыс және анық айтып бекіту;

-балаларды : «Қандай?», «Не істейді?» т.б. сұрақтарға толық, сөйлеммен жауап

беруді үйрету;

-заттардың түрін, түсін, дәмін, пішінін дұрыс айтып қайталау;

-дыбыстың сөздегі орынын тауып айту;

-балаларға сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрастырып айтып үйрету;

-балалардың еске сақтау, есту, ойлау қабілеттерін және зейіндерін дамыту;

-қолдың ұсақ моторикасын дамыту;


 а) «Сағат» денені жан-жаққа ию.

Иілген кезде «ту-у-у-у-ух»дыбыстап терең тыныс шығару

б ) «Доптар ұшады» кеудесінен алдына қарай лақтыру

Дем шығарған  кезде ұзақ  «ух-х-х-х» деп, айту.

в)  «Поезд» бір демде айту «Ту-ту-ту-ту»

г) Дем алып С-с-с   Ш-ш-ш  Ф-ф-ф

д) Машинаның  дөңгелегі жарылды ш-ш-ш

е) «Ұлпа қарды  үрлеу»     

Мақтаны үрлеу арқылы дем шығару.





«Терезе». Балаға аузын кең ашып «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкені жауып «суық» деп айтқызыңыз.

«Окошко» - Попросите ребенка широко открыв рот сказать: «жаааарко», а затем, максимально сжав губы сказать: «хоооолодно». 



«Пілдің тұмсығы» - еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады

«Хобот слона» - вытянув вперёд губы трубочкой, образовать "хобот слоника",
"набирать водичку.



«Тізімізді тазалаймыз» - Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан,  сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.

 Чистим, зубки« - улыбнуться, открыть рот. Кончиком языка с внутренней стороны "почистить" поочередно нижние и верхние зубы



«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару.

"Вкусное варенье« - улыбнуться, открыть рот широким языком в форме "чашечки", облизать верхнюю губу.


«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

"Часики« - улыбнуться, открыть рот, кончик языка (как часовую стрелку) переводить из одного уголка рта в другой.


«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.

«Качели» - улыбнуться, открыть рот - кончик языка поместить за верхние зубы, за нижние зубы.



«Кесе» - ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Чашечка» - улыбнуться, широко открыть рот, высунуть широкий язык и придать ему форму "чашечки" (т.е. слегка приподнять кончик языка)


«Жаңғақ» - ауызды жауып, оңға - солға тілдің ұшымен беттің бұлшық етін итеру.

«Орешки» - рот закрыт, кончик языка с напряжением поочередно упирается в щеки;
на щеках образуются твердые шарики - "орешки"



«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

«Лошадка» - вытянуть губы, приоткрыть рот, процокать "узким" языком (как цокают копытами лошадки)



«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Грибочек» - улыбнуться поцокать языком, будто едешь на лошадке, присосать широкий язык к нёбу


«Кеме» - ауызды кішкене ашып  [ы] дыбысын ұзақ айту. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.

«Пароход гудит» - губы в улыбке, открыть рот с напряжением произнести долгое "ы-ы-ы..."



«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

«Блинчик» - улыбнуться, приоткрыть рот положить широкий язык на нижнюю губу .


«Мысық (төбешік)» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Киска (горка)» - губы в улыбке, рот открыт, кончик языка упирается в нижние зубы;
выгнуть язык горкой, упираясь кончиком языка в нижние зубы.



Күркетауық» - ауызды аздап  ашып, тілді жоғарғы ерінге, қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек. Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.   

«Индюк». Рот открываем, язычок делаем широким. Кончиком широкого языка «скользим» по верхней губе с работающими голосовыми связками. Получается как говорит индюк: «бл-бл-бл-бл».


«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек – дэ-дэ-дэ

Дятел – улыбнись, открой рот, подними язык вверх. Кончиком языка с силой ударяй по бугоркам за верхними зубами: Д-Д-Д... Старайся стучать сильно, следи, чтобы работал только кончик языка, а сам язык не прыгал.

«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

«Гармошка» - улыбнуться, сделать "грибочек" (т.е. присосать широкий язык к нёбу), не отрывая языка, открывать и закрывать рот (зубы не смыкать) .


Бояушы» - ауызыңды жартылай ашып. Тілмен таңдай бояу.

«Маляр» - приоткрыть рот, кончиком языка погладить ("покрасить") нёбо.





Тіл дамыту сабағына арналған дидактикалық ойындар






  1. «Қатты-ақырын-сыбырлап»


Мақсаты: Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 бала қатысады: тәрбиеші балаларға бір сөзді айтады: оны балалар қатты дауыспен,ақырын дауыспен және сыбырлап айтуы керек


2.«Тез-ақырын»


Мақсаты:Балаларға тақпақтарды,жаңылтпаштарды тез жән ақырын айтуға үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бір сөзді,тақпақты немесе жаңылтпашты айтады. Балалар соны тез және ақырын қайталап айтуы керек.


3.«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»


Мақсаты:Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту. Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «р» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Аттар суреті және ойыншығы.

Ойын барысы: Тәрбиеші « аттар жолда жүргенде тұяқтарымен тарсылдатады» (тілмен таңдайын қағып көрсетеді) балаларға да тілдерімен таңдайларын тақылдатып қағуды ұсынады. Балалар тілдерімен таңдайларын қағып дәл аттардың жүргенде тұяқтарымен тарсылдатып жүргенін салады « аттар тұяқтарымен тарсылдатады»


4.«Шарды үрле»


Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: шарлар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға шар таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.


5.«Сабын көбіктері»


Мақсаты: Балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал жабдықтары: сабын көпіршіктері.

Ойын барысы: тәрбиешә балаларға сабын көбіктерін таратып береді. Ойынға

4-5 бала қатысады.модан балалар дұрыс тыныс алып көбіктер шығаруы керек. Ойын осылай жалғасады.


6.«Құс мамығын үрле»


Мақсаты: балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: құс мамығы.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға құс мамығын таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.



7.«Шар жарылды»


Мақсаты: Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «ш» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Ойын барысы: балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:

Көпіре гөр көбік шар,

Көпіре бер кеңіп-шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өленді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші «шар жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: «ш-ш-ш»-дейді тізерлеп отыра кетеді.

8.«Ақшақарлар ұшады»


Мақсаты: Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: ақшақарлар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға қағаздан жасалған ақшақарларды таратып береді. Балалар ауыздарын демге толтырып, дем шығарғанда ақшақарларды үрлеп ұшырады..



9.«Жаңылтпаштар»


Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: жаңылтпаштар

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.


10.«Не дыбыстайды?»


Мақсаты: балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.

Ойын барысы: топта не дыбыстайтынын айтып беру. Сипаттау арқылы балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.


11.«Әртүрлі сөздерді жинақта»


Ойынның мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: Заттық суреттер 

Ойынның мазмұны: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан…



12.«Берілген дыбыспен сөздерді ата»


Ойынның мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап табу үйрету. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Ойын барысы:тәрбиеші кез келген дыбысты айтады. Балалар сол дыбыстан басталатын сөздерді айтады.

Мысалы:А – болса:

Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.



13.«Тазша балаға дыбыстарды айтып жібер»


Ойынның мақсаты: «ж», «з» дыбыстарын айтып жіберу.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға «ж», «з» дыбысынан басталатын сөздерді табуға сұрайды.



14.«Сөздер ұқсас дыбыс шығарады ма?»


Ойынның мақсаты: ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға ұқсас дыбыстарды айтады және сол ұқсас дыбыстарды балалар сөздерден табуы керек. Ойын сонында балалар сөздер ұқсас дыбыс шығара алады деген қорытындыға келеді.



15.«Міне, осылай дыбыстарды атайды»


Ойынның мақсаты: дыбыстарды дұрыс әрі нақты айтуға үйрету

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген дыбыстарды айтады. Ойынға қатысқан балалар сол дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуы керек.



16.«Дыбысталатын сағат»


Ойынның мақсаты: дыбысталатын сағаттарды тілмен дұрыс көрсете білуге үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға дыбысталатын сағаттың дыбысын естіртеді, балалар оны қайталайды.



17.«Жаңғырық»


Ойынның мақсаты: Жаңғырықты ауызбен айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші екі затты соғып жаңғырықты балаларға естіртеді, соны ауыздарымен жасап қайталайды.


18.«Таза айту»


Ойынның мақсаты: Сөздерді таза айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға қиын, тілі келмейтін сөздерді айтады,балалар соны қайталайды.

Мысалы:ракета,шкаф...



19.«Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз»


Ойынның мақсаты: Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші өзінің тілегін айтады,балалардан өз тілектерін айтуларын сұрайды.



20.«Кімнің үйі?»


Ойынның мақсаты:Кімнің қайда тұратынын ажырата білу

Ойынның құрал-жабдықтары:үйдің,апанның, ұяның,тиіннің інінің суреті

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға сурет арқылы кімнің үйі екенін тауып көрсетуін сұрайды.



21.«Кімде не бар?»


Ойынның мақсаты:Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:қолдарында заттары бар жануарлардың суреттері

Ойынның мазмұны:Суретте бейнеленген жануарлардың немесе ойыншықтардың қолында қандай зат бар екенін атайды және сол затты сипаттайды.

Мысалы:қоянның қолында сәбіз бар,ол көкөніске жатады. т.б.


22.«Біреу және көп»


Ойынның мақсаты: Бір және көп заттарды ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:бір және көп заттар бейнеленген суреттер

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші бір және бірнеше заттар бейнеленген суреттер береді. Балалар бір зат бейнеленген суреттерді жеке, көп зат бейнеленген суретті жеке топтастырады.



23.«Не қайда жатыр?»


Ойынның мақсаты: Баланың ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту,зейінділігін арттыру.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген затты айтады. Ойынға қатысқан балалар сол заттың қайда жатқанын анықтап,сипаттайды.

24.«Дүкен»


Ойынның мақсаты:Балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету.

Ойынның мазмұны:Бір баланы сатушы етіп,қалған балалар сатып алушы болып ойнайды.

(Мысалы, Сатушы «Келіңіз,сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рахмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету).



25.«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»


Ойынның мақсаты: Жыл мезгілдеріне сай киімдерді ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреті

Ойынның мазмұны:Әр балаға қуыршақтар беріледі. Балалар ол қуыршақтарды жыл мезгілдеріне сай киіндіру керек. Бір балаға қыс мезгіліне сай, ал келесі балаға күз мезгіліне сай және тағы сол сияқты.



26.«Сиқырлы қалта»


Ойынның мақсаты: Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету(мысалы: ақырын сөйлеу)

Ойынның құрал-жабдықтары:суреттер,доп,шар,қуыршақ)

Ойынның мазмұны:5-6 бала қатысады. Тәрбиеші сиқырлы қалтаны ортаға қойып балаларды кезекпен шақырып,сол қалтадағы заттарды алғызады. Балалар алған заттарын сипаттайды.



27.«Нені қайда салады?» (қантты – қант салғышқа және т.б.)


Ойынның мақсаты: Ыдыс аяқ түрлерін ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:ыдыс аяқтың суреті

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші ыдыс аяқтың суретін береді. Балалар ол ыдыс аяққа не салатынын айтады мысалы: қантты қант салғышқа және т.б.




28.«Кім? Не?» (зат есімдер)


Ойынның мақсаты: Жанды жансыз заттарды айыра білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:әр-түрлі суреттер

Ойынның мазмұны:Балаларға суреттер беріледі. Балалар ол суреттерде не бейнеленгенін және оның жанды не жансыз екенін айтады. Жанды болса кім?,жансыз болса не? Сұрағы қойылады.


29.«Кім не істейді?» (етістіктер)


Ойынның мақсаты: Балаларға есімдерді дұрыс атауды үйрету, мамандықтардың атауларын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әр-түрлі мамандықтардың суреттері

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға суреттерді қарауды ұсынады. Ол кімдердің суреті, олар қайда кетіп жатқандарын, не жұмыс істейтіндерін айтады. Мысалы: суретте көкөніс сатушысы өзінің дүңгіршігіне кетіп бара жатыр, сатып алушыларға қызмет көрсету үшін.



30.«Бұл қай кезде болады?» (үстеу)


Ойынның мақсаты: Балалармен тәулік бөліктерін бекіту (таңертең,күндіз,кеш,түн)

Ойынның құрал-жабдықтары:Тәулік бөліктері суреті.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балалармен бірге, тәулік неше бөліктен тұратынын,және тәулік бөліктерін атауды сұрайды.

Тәулік бөліктері бар суреттерді қарап,соған сәйкес келетін суреттерді тауып орналастырады.(таңертең,күндіз,кеш,түн)



31.«Қай жерде не бар?»


Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:Топтағы ойыншықтар.

Ойынның мазмұны:Балаларға кеңістік туралы суреттер беріледі. Кеңістік бейнеленген суреттерді қайда не тұрғанын атайды. Мысалы: қуыршақ шкафтың үстінде.




32.«Бір сөзбен айт»


Ойынның мақсаты:Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:Ыдыстардың,ойыншықтардың,жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны:Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.



33.«Сөзді айтуға көмектес»


Ойынның мақсаты:Сөздерді толық әрі дұрыс айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші сөздің бірінші буынын айтады, ал балалар сол буынға қатысты сөзді тауып жалғастырады. Мысалы: Қа-қалам, әй-әйнек...



34.«Бұл қай кезде болады?»


Ойынның мақсаты: жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы түсініктерін арттыру

Ойынның құрал-жабдықтары:жыл мезгілдерінің суреттері

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға жыл мезгілдерінің және табиғат құбылыстарының суреттерін таратып береді. Содан кейін әр баладан бұл құбылыстар қай кезде болатынын сұрайды. Мысалы: қар жауып жатқан суретті алған бала бұл қыс мезгілінде болады деп жауап береді.


35.«Керісінше айт»


Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:доп

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...


36.«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»


Ойынның мақсаты: өлшемдердіңқасиеттерін қабылдауға үйрету;тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары:ұзын және қысқа жолақшалар,биік,кең жуан ұғымдарына байланысты суреттер.

Ойынның мазмұны: ұзын және қысқа жолақшаланы көрсету. Жолақшаларды таратып беру. Берілген суреттерден немесе топтан биік және аласа, жуан және жіңішке, кең және тар заттарды табу



37.«Сипаттамасы бойынша таны»


Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа,кең-тар,биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары:жануарлардың,құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны:балалар аю,түлкі,қасқыр,қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді,басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады.


38.«Сөзді өзгерт»


Ойынның мақсаты: Әріптерді ауыстыру немесе алып тастау арқылы сөздерді өзгертуге үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген сөзді айтады мысалы: баға сөзінен (б)әріпін алып тастасақ қандай сөз шығады-аға сөзі шығады, дала-қала т.б.



39. «Сөз қос»


Ойынның мақсаты: сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары:Шар,алма ойыншықтар.

Ойынның мазмұны:балаларды екі топқа бөлік өткізуге болады.Тәрбиеші сөз айтады,балалар сөзге сөз қосып,сөйлем құрайды.



40. «Сиқырлы суреттер»


Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту

Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.






















Тіл ұстарту жаттығулары

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Қыс туралы
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.

Ар – ар – ар,
Жауады қар.

Яз – яз – яз
Сақылдаған сары аяз.

Ран – ран – ран,
Соғады боран.

На – на – на,
Зулайды шана.

Күз туралы
Үз – үз – үз,
Жаңбырлы Күз.

Рақ – рақ – рақ,
Саулайды жапырақ.

Ел – ел – ел,
Соғады жел.

Іс – іс – іс,
Піседі жеміс.

Дай – дай – дай,
Жинаймыз бидай.

Көктем туралы
Тем – тем – тем,
Көңілді көктем.

Ыр – ыр – ыр,
Жауады жаңбыр.

Ғай – ғай – ғай,
Жарқылдайды найзағай.

Шек – шек – шек,
Шығады бәйшешек.

Ал –ал –ал,
Төлдейді мал.

Жаз туралы.
Аз – аз – аз,
Жайдары жаз.

Үн – үн – үн
Ыстық күн.

Ға – ға – ға,
Шомыламыз суға.

Яқ – яқ – яқ,
Жүреміз жалаң аяқ.

Иын – иын – иын,
Болады көп ой







Қорытынды


Тілдерінде артикуляциялық кемістігі бар балалармен үзбей күнделікті жасау арқылы біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз. Сабақ үстінде, ойын кезінде қадағалап балалардың тілін дұрыс дамуына бағыт беру.

Ата – аналармен бірлесе қарым – қатынас жасай отырып ортақ мақсатымызға жетеміз.








1 «Күрекше».

Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше с екунд ұстап тұру керек.


2 «Чашечка» «Шәшке».

Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді. 


3 «Иголочка» «Инеше» 

  • «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

4 «Горка» «Төбешік» 

  • «Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.



5 «Трубочка» «Түтікше».

Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.


6 «Часы» «Сағат» 

  • «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

  • «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

7 «Дәмді тосап»


Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.

    Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін  жалпақ қалпына келтірген  сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.


8 «Ат шауып келеді» 

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады


9 «Грибок» «Саңырауқұлақ» 

  • «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

10« Гармошка»

Ауызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек.







11 «Әткеншек»


Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

    Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек.Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.

    Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.

12 «Жылан»

«Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу.

13 «Сылақшы»

ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау.

14 «Параход»

    Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын жетілдіру.

    Қысқаша сипаттамасы:ауызды кішкене ашып    ы дыбысын ұзақ айту.

    Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.















15 «Күркетауық»

        Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру

       Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап  ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.

       Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.







































 Еріннің қозғалу қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:

С/р

Жаттығу атауы

Орындалу әдістемесі

16

қаша

Тістер біріктірілген, ерін күлімдейд

17

тоқаш

Еріндер біріктірілмеген, дөңгеленіп тұрады

18

керней

Біріктірілмеген еріндер алға қарай созылады

19

пілдің тұмсығы

Еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады

20

үйректің тұмсығы

Еріндер біріктірілген, алға қарай созылады – жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген, ал төменгі төмен қарай түсірілген

21

терезе

«Ыстық» — ауыз үлкен болып ашылады, ауызды жабу – «суық»

22

шар

Ұртты толтыру, ауаның бәрін шығарып ұртты жинау





Тілдің қозғалғыштық қабілетін дамытуға

арналған жаттығулар:

С/р

Жаттығу атауы

Орындалу әдістемесі

23

құймақ пісіреміз

Жымиып, ауызды ашамыз, тілдің алдыңғы бөлігін төменгі ерінге саламыз. Тілді бірқалыпты,жағдайда санау арқылы 1-ден 5-ке дейін, дан кейін 1-ден 10-ға дейін ұстап тұру керек.

24

ұн илейміз

Жымиып, «пя-пя-пя…» деп тілмен еріндер арасында шалпылдату.

25

тісімізді тазалаймыз

Жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан-жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.

26

тіліміздің күші көп

Тістер біріктірілген, тіл төменгі, одан кейін жоғарғы тістерге күшпен басады.

27

баспалдақтар

Тілдің ұшы кезек-кезек біресе жоғарғы, біресе төменгі тістерге тиеді.

28

тарақ

Жоғарғы тістер тілді «тарайды».

29

дәмді тосап

Жымиып, ауызды ашып, «кесе» түрдегі жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау.

30

құлыншақ

Еріндерді созып, ауызды ашып, жіңішке тілмен тырсылдату.

31

саңырауқұлақ

Жымиып, ауызды ашып, тілдің жалпақ бөлігін көтеріп, таңдайға керіп, ұстап тұру.

32

кеме келе жатыр

Жымиып, ауызды ашу, күшпен «ы-ы-ы…» деп айту.




 


Дыбыс артикуляциясын дамытуға

арналған әзіл-жаңылтпаштар.


33

аз-аз-аз        

Құдықты каз.

Қаңқылдайды қаз.

Келіп қалды жаз.

Болып қапты жаз.

Атаңа хат жаз.

34

ақ-ақ-ақ       

Астында болсын тақ!

Алла болсын жақ!

Басыңа қонсын бақ!

Атам маған жақ.

Гүлденіп кетті бақ

Әжем маған жақ.

Боларсың өркез сақ.

Секіреді лақ.

Шұнандайды лақ.

Сылдырайды бұлақ.


35

ер-ер-ер         

Қасиетті жер.

Төгілді көп тер.

Жемістерді тер.

Аға соңынан ер.

Сұрағанын бер.

лау-лау-лау  

Желбірейді жалау

Лапылдайды алау.


36

ән-ән-ән        

Қамба толы дән.

Әжем айтқан ән.

Құрып жүргін сән.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Артикуляциялық жаттығулар

Автор: Манапова Алтын Оразовна

Дата: 06.06.2017

Номер свидетельства: 420691

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "«Дыбысты? жатты?улар»"
    ["seo_title"] => string(21) "dybystyk-zhattyg-ular"
    ["file_id"] => string(6) "274974"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452502965"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Презентация "Артикуляциялы? жатты?улар""
    ["seo_title"] => string(43) "priezientatsiiaartikuliatsiialykzhattygular"
    ["file_id"] => string(6) "283451"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453827943"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Дыбыстарды д?рыс айтуын ?алыптастыру?а арнал?ан жатты?улар"
    ["seo_title"] => string(54) "dybystardydurysaituynkalyptastyrugaarnalganzhattygular"
    ["file_id"] => string(6) "310520"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459053748"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Арикуляциялы? жатты?улар "
    ["seo_title"] => string(29) "arikuliatsiialyk-zhattyg-ular"
    ["file_id"] => string(6) "204101"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429610012"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Артикуляциялық жаттығуларды қолдану қажеттілігі"
    ["seo_title"] => string(57) "artikuliatsiialyk_zhattyg_ulardy_k_oldanu_k_azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "465793"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1523433543"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства