Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІ. Танысу «Менің Анам...» .
Мақсаты: Оқушылардың әрқайсының өз ата-аналарын таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір оқушы осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз, Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз? (1-2 ата-анадан пікір сұрау)
ІІІ. «Алма ағашы » сұрақ –жауап бөлімі.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты сапалы екенін байқап көрелік.
1.Балаңыздың өмірге келуі сізді қандай күйге бөледі? Балаңызды қаладыңыз ба?
Оған күн сайын мейірімді сөздер айтып, әзілдесіп, бетінен сүйесіз бе? Кешкілікте онымен бүгінгі күн туралы сырласасыз ба?
Сіз онымен отбасының проблемалары, жағдаяттар, жоспарлар жөнінде пікірлесесіз бе?
4. Оның достарымен таныссыз ба? (олар немен айналысады, қайда тұрады?) Бос уақытында кімдермен жүретінін, немен айналысатынын білесіз бе?
5. Өзгеге деген сезімі, сүйіспеншілігі туралы не білесіз?Оның жек көретін адамдары, дұшпаны бар деп ойлайсыз ба?
Балаңыздың ең сүйікті пәні мен ең сүйікті ұстазы кім білесіз бе?
7. Егер араларыңызда келіспеушілік жағдай орын алса, Сіз өз балаңызды орынсыз кіналап,жекіріп, арына тиетін сөздерді айтпайсыз ба? Келісімге келуге кім бірінші қадам жасайд
Көздері байлаулы ата-аналары балаларын тауып алулары керек.
Талдау :
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда қандай сезімде болдыңыз?
V.«Ынтымақ аралы» жаттығуы.
Қажетті құралдар: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы аралдан өздерін келесі аралға көшулері керек.( ата-ана, оқушы, мұғалім ) 3сыныптан 3ата-ана,3сынып жетекшісі.)
ҮІ. «Тілекке толы көктем».(Музыка)
Шарты: Әр топ (мұғалім, ата-ана, оқушы) түрлі жапсырмаларды қолдана отырып өз қиялымен «Көктем» бейнесін құрастырады
-Қазір сіздерге жапсырмалар беріледі.Сіздер сол жапсырмаларды пайдалана отырып, «көктем» мезгілінің бейнесін құрастырып шығарасыз.Әр жапсырманың бетіне бір-бірімізге арнаған тілектерімізді жазамыз
«
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
VІ. «Сиқырлы қамшы» жаттығуы.
Қазақ өмірінде қамшы -өнер туындысы,Қамшы рухани күш қуат, қамшы сый-сыяпат, қамшы- жігіт пен қыздың сән-салтанаты., азамат айбыны, алса қару, қалса –мұра.. Демек қамшы- тек ат айдайтын құрал ғана емес, айта алсақ сөйлете білсек мақтанарлық қасиетті, әрі қастерлі қазына., әмбебап дүние.
(ата –ана баласына қамшыны баре отырын өз тілегін айтады)