kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жағымсыз эмоция кезінде балаға көмек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Студентерге эмоциялардың түрлері туралы түсінік беру, күрделі эмоциялар туралы білім беру.Студентерге эмоциялардың түрлері туралы түсінік беру, күрделі эмоциялар туралы білім беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жағымсыз эмоция кезінде балаға көмек»

Пәні:Тұлғалық даму мен оқу жетістіктерінің мониторингі және түзету әдістемесі

Тобы: ӨБ-16-1

Күні:13.03.2019ж.

Сабақтың тақырыбы: Жағымсыз эмоция кезінде балаға көмек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Студентерге эмоциялардың түрлері туралы түсінік беру, күрделі эмоциялар туралы білім беру.

Дамытушылық: Студенттер арасында өзара жағымды қарым-қатынас орната отырып, оқу барысындағы эмоцияларды, еріктік, коммуникативті, мотивациялық және танымдық процестерді және де жаңа әлеуметтік жағдайдағы іс-әрекеттің дамытуын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: жағымды қарым –қатынас орнату арқылы студенттердің бойына рухани –адамгершілік қассиеттерді тәрбиелеу.

Ресурстар: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қағаздар, сұрақ-тапсырмалар, ұшақ, кеме, арал, смайликтердің суреттері.

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ.

Cабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: « Ұшақ әдісі» , «Кинометафора» әдісі, «INSERT» әдісі , «Сергіту сәті», «Уақыт шеңбері», «Аралға саяхат» (кері байланыс),әң шырқау.

Сабақтың технологиясы: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Білім алушының жас ерекшкліктеріне байланысты оқыту мен тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Психология, педагогика.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсат –міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру, топқа бөлу.

Студенттер смайлик арқылы топка бөлінеді.Топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасыни тексеру « Ұшақ әдісі»

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін талқылау, бақылау, пысықтау.

Шарты: Оқытушы топқа сұрақты тікұшақ арқылы жібереді, студенттер топпен орындайды және тікұшақты тапсырманы орындау үшін келесі топқа бағыттау қажет.

Қойылатын сұрақтар:

1.Тұлға дегенді қалай түсінесіз?

2.Адамның физиологиясы дегеніміз не?

3.Адамның дені сау болу үшін қандай әрекет жасау керек?

4.«Денсаулық зор байлық» деген мақалдың мағынасын ашыңыз.

II. Негізгі бөлім

«Кинометафора» әдісі

Мақсаты: Студенттің ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

«Бейнебаян»

Жағымсыз эмоция туралы бейнефильм көрсету арқылы топтарға ой салып, сұрақтар қойылады.

1. Бейнебаяннан не түсіндініз?

2. Қандай эмоциялар берілген?

«INSERT» әдісі Жаңа ақпарат

Мақсаты: Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды, қалыптастырады.

Оқытушы студенттерге эмоцияның түрлері туралы түсінік беруінің өтінеді.

Тапсырманы топқа беру.

1 топ. Көңіл күй адамның кейпіне қарап шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне темперамент қоршаған орта әсер етіп отырады.

2 топ. Аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бірақ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект жағдайында адам өз іс - әрекетін, айтқан сөзін бақылай алмай қалады.

3топ. Құмарлық адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеге, байлыққа, ойынға, ақшаға құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.

4 топ. Эмоция қандай қызметтерді атқарады.

Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң  қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады

Сергіту сәті: «Көңілді күй».

Мақсаты: Ойын сергіту, тыңдалымды дамыту, шапшаңдыққа үйрету.

«Шығармашылық жұмыс»

Мақсаты: Берілген жағдаятты тақырып бойынша топпен талдап, қорытындылап, қажетті психологиялық көмекті ұсыну.

1-топ: Мектепте оқушылар өте көп.Сіз сол мектептің бастауыш мұғалімісіз.Бірде сыныбыңызға кірсеңіз, бөтен оқушы жүр екен.Ол оқушыдан «мұнда қайдан келдің?»-деп сұрағанда,ол тоқтамай жылап жіберді. Сіз бұл жағдайдан қалай шығасыз?

2-топ: Бала мектепке газдалған баллончик алып келіп және онымен өзінің достарын қорқытады. Не істеу керек?

a) Балалардың мұндай еркеліктеріне жол бермеу;

b) Балаға жайлап түсіндіру, баллончик – бұл шұғыл жағдайларда өзін-өзі қорғайтын құрал, сондықтан оның орны мектеп емес, және оны сөмкеден шығармауын талап ету;

c) Баллончикті «тәркілеп» және сабақтан соң беру;

d) Баллончикті «тәркілеп», ата-аналарын шақыртып және алдын ала сөйлесіп, баллончикті соларға беру;

e) Сол мезетте баллончикті тартып алып, және мысалы қоқыс жәшігіне оны лақтырып жіберу.

3-топ: Сыныпта әлсіз бала бар, осылай деп оны сыныптастары атайды. Баланың дене және психологиялық әлсіздігіне олар күледі. Мұғалім ондай балаға қандай көмек бере алады?

А) мұндай жағдайда тек психолог көмектесе алады, онсыз өтуге болмайды;

Б)осындай әлсіз баланы күшті және жауыздардан қорғау керек;

В) бірінші осындай баланың ең болмаса бір күшті жағын табу қажет және осындай күшті жағымен оны балаларға көрсету керек;

Г) әлсізді күштіге айналдыру мүмкін болмас, сондықтан балаларды жинап алып, ол әлсіз қорғансыз адамдарды- жақсы көріп және қорғауымыз керек деп түсіндіру.

4-топ: Бірінші сыныпта ер балалар қыздарды жиі ренжітеді мұғалім оларды қорғауға ұмтылады. Ер балалар ренжиді: «Сіз бізден гөрі, қыздарды көбірек жақсы көресіз» оларға недеп жауап беру керек?

  1. «Сіздерді не үшін жақсы көру керек? Қыздарды ренжіткендерің үшін бе?»,

  2. «Әрине, жақсы көремін және оларды жақтаймын – сіздерге сенуге болмайды»,

  3. «Мен сіздерді бәріңді жақсы көремін, бірақ кімді ренжітсе соларды жақтаймын»;

  4. «Мен сіздерді де жақсы көрер едім, егерде қыздарды ренжітпесеңдер»;

Түсініксіз қалдыру

Оқытушы: келесі тапсырма:

«Уақыт шеңбері» әдісі.

Мақсаты: баланың эмоциясына назар аударып жағымды эмоциялар қалыптастыруға тырысу.

Балалармен жұмыс жасағанда қандай сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болмайды:

1.Саған тағы неше рет ескертуге болады...

2.Доғар, маған ешқашан...

3.Мен саған мың рет айттым...

4.Осы сен не ойласың...

5.Саған есте сақтау сондай қиынба...

6. Сенде басқалары сияқты...

Балалармен жұмыс жасағанда қандай сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады:

1.Сен менде ең ақылдысың!

2.Менде сенің барың қандай жақсы!

3.Сен өте жақсысың!

4.Мен сені қатты жақсы көремін!

5.Өте жақсы жасағансың, мағанда үйрете аласыңба?

6.Рахмет! Мен саған өте ризамын!

«Аралға саяхат»

Кері байланыс

«Аралға саяхат» және ББ (білдім, білгім келеді) әдісі бойынша студенттерден кері байланыс алу.

Рефлексия арқылы білімдерін тексеру.

Үйге тапсырма. «Жағымды эмоцияларды қалыптастыратын психологиялық ойындар дайындау»

Бағалау. Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.

Топпен ән айту: «Әсем ән»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жағымсыз эмоция кезінде балаға көмек

Автор: Мусрепова Хадича Культасовна

Дата: 29.04.2019

Номер свидетельства: 508727

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Жас?спірімні? ?БТ тапсыру?а дайынды?ы кезінде ата- аналар?а психологиялы? к?мек к?рсету"
    ["seo_title"] => string(98) "zhasospirimnin-u-bt-tapsyrug-a-daiyndyg-y-kiezindie-ata-analarg-a-psikhologhiialyk-komiek-korsietu"
    ["file_id"] => string(6) "303507"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457533953"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "психологиялы? тренингтер"
    ["seo_title"] => string(30) "psikhologhiialyk-trieninghtier"
    ["file_id"] => string(6) "263566"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449572871"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства