Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту; Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру; ҰБТ-ге дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру; Оқушыларды ҰБТ тапсырудағы жетістікке жетуге арналған ситуациялармен таныстыру, оқушылардың емтихан алдындағы қобалжудың алдын алуға арналған жаттығулар сериясын меңгерту. ҰБТ-ға дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез – құлқын және эмоцияларын басқара алуын, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тренинг мақсаты: ҰБТ-ға дайындық кезіндегі оқушыларды өзінің психикалық және эмоционалдық күйін игере білуге үйрету.
Міндеті:
Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;
Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру;
ҰБТ-ге дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру;
Оқушыларды ҰБТ тапсырудағы жетістікке жетуге арналған ситуациялармен таныстыру, оқушылардың емтихан алдындағы қобалжудың алдын алуға арналған жаттығулар сериясын меңгерту.
ҰБТ-ға дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез – құлқын және эмоцияларын басқара алуын, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату.
Қатысушылар: 11 сынып оқушылары
Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, баяу орындалатын әуен, түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер, А4 қағазы, сағат суреті, шар, ватман, тест тапсырмалары, жұлдыздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушылық кезең
Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Сәлеметсіздерме оқушылар! Сіздердің алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Ол ҰБТ тапсыру. Ендеше бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «ҰБТ-125 кемесі» деп аталады. ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындаламыз. Бүгін тренинг-ойын сабағында біз
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті жолаушылар! Е.Бөкетов аралына саяхатқа шығатын «ҰБТ-125 кемесі» жайық жағалауына келіп тоқтады. Бортқа жолаушыларды отырғызу басталды. Құрметті жолаушылар кемеге отырар алдында «тексеруден» өтулеріңіз сұралады. Қолдарыңызда рұқсат қағаздарыңыз бен жеке басты куәландыратын құжаттарыңыз болуы тиіс.
Жолаушы азаматтар! «ҰБТ-125 кемесі жүргелі тұр. Шығарып салушылар, каютодан шығуларыңыз сұралады. Сақ болыңыздар! «ҰБТ-125 кемесі» Е.Бөкетов аралына қарай жүруге бет алды.
Құрметті жолаушылар! Сіздермен 45 минуттық саяхатта бірге болатын кеме капитаны педагог-психолог Қыдырмолдина Меруерт Еркінбекқызы. Кемеге қош келдіңіздер! Саяхатымызға тез жетуіміз үшін 11 аралдан өтуге тура келеді. Сапарлас болатын жолаушылармен танысайық (Әрі қарай оқушылармен тренинг өткізіледі).
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
Нұсқау: Сіздердің алдарыңызда жатқан сағатқа кез-келген уақытқа өз сыныптарыңдағы 1 оқушының атын жазыңыздар.
1 саны – бетінен сүйіңіз
2 саны – құшақтаңыз
3 саны – амандасыңыз
4 саны – жымиыңыз
5 саны – көзіңізді қысыңыз
6 саны – арқасын сипаңыз
7 саны – бетінен шымшыңыз
8 саны – басынан сипаңыз
9 саны – қол бұлғаңыз
10 саны – шақырыңыз
11 саны – жақсы сын айтыңыз
12 саны – қуанышты болып, шыңғырыңыз
(жаттығу аяқталған соң, пороходтың видеосын қосу)
2. «Шындығымды айтсам» жаттығуы
Мақсаты: Қоршаған ортаға топтың сенімін нығайту, ішкі кедергілерді жою. Аяқталмаған фразалар оқушыны шын мәнінде не қобалжытып, мазасыздандыратындығын анықтауына көмектеседі.
Шынын айтқанда, мен келе жатқан емтихан туралы ойлағанда...
Шынын айтқанда, мен емтиханға дайындалып жатқанда ...
Шынын айтқанда, мен келе жатқан емтихандық қобалжу туралы ұмытып кетемін ...
Шынын айтқанда, мен үйге келгеннен кейін ...
Шынын айтқанда, мен ата-анамның келе жатқан емтихан туралы уаймдауын ойлаған кезде ...
Шынын айтқанда, мен бос уақытым болған кезде ...
Шынын айтқанда, мен қыдырып жүрген кезімде ...
Шынын айтқанда, мен уайымдағанда ...
Шынын айтқанда, мен өз ойымды жинақтай алмасам ...
Шынын айтқанда, мен бұл емтихан туралы естігенде ...
Шынын айтқанда, мен консультацияға келген кезде ...
Шынын айтқанда, мен мектепке келгенде ...
Шынын айтқанда, мен болашағым туралы ...
Шынын айтқанда, мен ойша емтихан тапсырып жатқанда ...
Шынын айтқанда, мен адам жолы болғыш деп есептеледі, егер ол ...
Бұл суретте жар тас және құлап бара жатқан не секіріп бара жатқан адамның суреті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз бұл адамды құтқару, денесін жарақаттап алудан аман алып қалу. Бұны қалай жасайсыз өз еркіңіз. Суретті аяқтап салыңыз.
Тест кілті Бұл тест қиын жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай екендігін анықтауға арналған.
Ең алдымен сіз адамның секіріп не құлап бара жатқанын анықтап алуыңыз керек. Егер де секіріп бара жатса – бұл сіздің шешім қабылдай алатындығыңызды, белсенділікті білдіреді, ал құлап бара жатса – бұл сіздің сенімсіздігіңізді, пассивтілікті білдіреді және сіз барлығы өзі шешіледі деп ешқандай әрекет жасамайсыз.
Егер сіз суды салсаңыз (өзен, көл), сіз барлығына жай қарайсыз. Яғни, шешім қабылдайтын кезде сіз ешқандай әрекет жасамайсыз. Керісінше жағдайды күрделендіресіз. Барлығы өзі шешіледі деп сенесіз.
Егер сіз батут немесе матрац салсаңыз, сіз алдын ала ойластырып, әрекет жасайсыз және өзіңізге сенімдісіз.
Егер сіз адамды ұстап алатындай салсаңыз, сіз қиын жағдайда біреуге үміт артасыз, өзіңіз шешім қабылдамайсыз. Сіз адамдарға тым сенгішсіз.
Жар тас пен адамның ортасын қосатын сурет салсаңыз, сізде лидерлік қасиет ар және адамдарды өзіңізге бағындыра аласыз. Қиын жағдайда өз-өзіңізді басқара аласыз, барлығын дұрыс жасауға тырысасыз.
Егер адамға қанат салсаңыз, сіз қиын жағдайдан шығу шешімін қайткенде де таба аласыз.
5. Психологиялық кеңес.
«Үш криминалист» логикалық жұмбақ
Шерлок Холмс, Джеймс Бонд және майор Пронин бәстесті, кім жарықтың көмегінсіз, айсыз қараңғы түнде патша бағына түскен ұрыны тез арада ұстай алады. Сағат түнгі 12-ні күткен криминалисттердің әрқайсысы өз ісімен айналысып кетті: Холмс кітап оқыды, Бонд теледидар көрді, Ал Пронин көрші бөлмеге барып, жарықты сөндіріп, бір нәрсе жайлы ойланып кетті. Сағат 12-де ұры баққа кірді, криминалисттер көшеге жүгіріп шықты, ал майор Пронин оны ең бірінші ұстап алды. Ол неліктен бірінші ұстады, қалай ойлайсыңдар?
Жауабы: ол бұған дейін қараңғы бөлмеде болғандықтан, оның көздері қараңғыға бейімделген.
Бейімделу деп жатырмыз, сендер қалай ойлайсыңдар физиологиялық бейімделуден басқа психологиялық бейімделу де болады ма? Ол ҰБТ-ға қаншалықты қажет?
Біз бәріміз білеміз, емтихан бұл - лотерея билеті сияқты, яғни кейбіреулердің үнемі жолы болады, ал кейбіреулердің жолы болмайды.
ҰБТ-ға және емтиханға дайындықтағы пайдалы тәсілдерді екіге бөліп қарауға болады: физиологиялық және психологиялық блок.
Физиологиялық тәсілде – 40-50 минуттық дайындықтан кейін 10-15 минуттық сергіту жаттығуларын жасаңыз, кешкі серуенге шығыңыз. Ұйқы мен демалыс режимін сақтаңыз. Қатты шаршаған уақытта ұйқыңызды 1 сағатқа ұзартыңыз. Жатарда оқудың керегі жоқ, себебі бұл уақытта адам организмі, қабылдауы төмен болады. Ең дұрысы таңертен оқыған жөн. Мидың белсенді жұмыс істеуі үшін көбірек минералды су, көк шай ішу керек. Тамақтану өз режимі бойынша жүру керек, көбірек имунитетті көтеретін витаминдер, жеміс-жидектер, жаңғақ,мейіз т.б. жеу керек.
Психологиялық тәсілде – мазасыздану адамға кері әсерін тигізетін психологиялық күй. Бұл жағдайда адам өз-өзін басқара алмай, шатасуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен адам тынышталып, ойын жинақтау керек. Тынышталудың амалдары: көзіңізді жауып, 1-ден 20-ға дейін санау, терең дем алу, басқа көбірек массаж жасау керек. Су ішіп, 5-10 минутқа таза ауаға серуенге шығып келіп, бетті мұздай сумен жуу керек немесе күлкілі фильмдер көреу керек. Егер де сізде апельсинге аллергия болмаса, қабығын ашып хош иісін иіскеу пайдалы! Яғни психологиялық тәсілде көбірек жағымды эмоцияларды қабылдаңыз!
ҰБТ күнінде психологиялық кеңестер:
Таңертен тұрып тамақ ауыз тиіңіз, бірақ көп тамақтанбаңыз;
Егерде толқу мазаласа, онда қолыңызды қатты қысып, алақаныңызды жазыңыз, саусақтың ұшын уақатаңыз;
Тест кезінде барлық ақпаратты мұқият тыңдап алыңыздар (бланкты қалай толтыру керек, қандай шрифтпен жазу керек т.б.);
Емтихан кезінде тыныштық сақтаңыз!
Тек берілген тестқа ғана назар аударып, уақытты үнемдеңіз. Бар зейінінізді тестке бөліңіз!
Тесттің барлық сұрақтарына көз жүгіртіңіз, бұл жұмысқа бейімделуге көмектеседі.
Қате жіберіп алмау үшін, сұрақты мұқият аяғына дейін оқып шығыңыз!
Ең бірінші оңай, білетін сұрақтарға жауап беріңіз; қиын сұрақтарды кейінгі қалған уақытта шешесіз;
Егер білмеген сұрақ болып, уақытта аяқталса, онда өз интуицияңызға сеніңіз!
Тексер! Барлық тапсырманы орындап біткен соң, қайта тестке көз жүгіртіп, қарап, тексеріп шығыңыз!
Релаксациялық жаттығулар
Қолға арналған жаттығу:
Саусақтарды түйіп жұдырық жасаймыз. Қол саусақтарын барынша жазамыз.
Аяққа арналған жаттығу:
Өкшемізді еденге қойып тірейміз. Аяқ саусақтарын еденге қойып өкшемізді барынша көтереміз, жібереміз.
6. «Дыбыстық жаттығу»
Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді: өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:
А — барлық ағзаға жайлы әсер береді;
Е — қалқанша безге әсер етеді;
И — миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
О — жүрекке, өкпеге әсер етеді;
У — асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
Я — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
М — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
X — ағзаның тазаруына көмектеседі;
ХА — көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.
7. «Зәулім үй» аутогенді жаттығуы
Ыңғайлы отырып, көздеріңді жұмыңыздар...Өз денелеріңізді бос ұстаңыздар. Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқаңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!
Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтылып, сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.
Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер салынған. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсыз да, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...
Демалып болған соң, сіз зәулім үйден шығып, ҰБТ-ға байланысты өз қорқынышыңызды, үрейіңізді, сенімсіздігіңізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып жауып кетесіз. Енді міне сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан.. гүлдер... құстар ән салуда.
Сіз көңілді, қайратты және қажырлысыз. Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл-күйіңіз де жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз.
Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сіз өзіңізге сенімдісіз! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады! Сіздің қолыңыздан барлығы келеді!
Тамаша... Көзімізді ашамыз!
8. «Менің ішкі дүниемнің суреті» жаттығуы
Сіздер ішкі дүниеніздегі қорқынышыңызды суретпен қағазға бейнелеңіз. Ал енді сол салған суретіңізді басқа бейнеге өзгертіңіз. Бұл қорқынышыңызды басқа бейнеге өзгеруі үшін сізге қандай әрекеттер жасау керек немесе қандай мінез-құлық болуы керек?
Шарты: Берілген ақ параққа қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар. Әр саусақ сіздің көңіл-күйлеріңізді білдіреді.
Бас бармақ - мен үшін маңызды және қызықты болды.
Балан үйрек - мен нақты өзіме ұсыныс алдым.
Ортан терек - маған қиын болды, ұнаған жоқ.
Шылдыр шүмек - менің бағам көңіл күйім көтеріліп қалды.
Кішкене бөбек - мен үшін жеткіліксіз болды.
11. «Жұлдызды сыйлаймын»
Жұлдызды бір-бірімізге ұсына отырып, жылы тілек айтамыз. Жұлдыз алуымның себебі, жұлдыздар аспанда нұрын шашып, мейірімділік, достық, өзара көмек қолдау сезімдерін бойымызға ұялатады. Сіздің әрқайсыңыздың таңдаған жұлдызыңыз сізді білім жолында нұрландырып, емтихан мен өмірде сүйемелдеп жүрсін. Құрметті мектеп түлектері алдарыңызда үлкен сын, намысты дода күтіп, тұр, сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар Әрқашан болашақтарыңыз ашық та жарқын болсын! Сәт, сапар түлектер!
(Бір-бірінің қолдарынан ұстап, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлайды)
Қорытынды психолог сөзі:
Құрметті жолаушылар, «ҰБТ – 125 кемесі» жағаға жақындады. Бір – бірімізбен қоштасайық. Сіздерді жағада ата-ана, туған-туыс, құрбы-құрдас, ұстаздарыңыз күтіп отыр. Сапарымыз сәтті болды! Бәріміз ҰБТ-дан 125 ұпай жинадық. Келесі «Студент – 2015» кемесінің бортында кездескенше сау болыңыздар!