Атырау облысы, Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта
мектеп психологінің
«ҰБТ – 125 кемесі» тақырыбындағы тренинг -сабағы
Ермекбаева Жұмагүл Ералықызы
«ҰБТ – 125 кемесі»
Видео көрсетіледі. Сол видео бойынша оқушыларды «ҰБТ – 125 кемесін» отырғызылады.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті жолаушылар! Шоқан Уәлиханов аралына саяхатқа шығатын «ҰБТ-125кемесі » Жайық жағалауына келіп тоқтады. Бортқа жолаушыларды отырғызу басталды. Құрметті жолаушылар кемеге отырар алдында «тексеруден» өтулеріңіз сұралады. Қолдарыңызда рұқсат қағаздарыңыз бен жеке басты куәландыратын құжаттарыңыз болуы тиіс.
Жолаушы азаматтар! «ҰБТ-125 кемесі жүргелі тұр. Шығарып салушылар! Каютодан шығуларыңыз сұралады. Сақ болыңыздар! «ҰБТ-125 кемесі » Шоқан Уәлиханов аралына қарай жүруге бет алды. (Параход дауысы шығады).
Құрметті жолаушылар! Жолымыз ұзақ, терең де тайыз жерлеріміз көп. Сіздермен 210 минуттық саяхатта бірге болатын кеме капитаны Ермекбаева Жұмагүл Ералықызы. Кемеге қош келдіңіздер! Құрметті жолаушылар, 3 сағат 30 минутқа созылған бұл саяхатымызға тез жетуіміз үшін 5 аралдан өтуге тура келеді. Әр аралдың тоқтау мерзімі 5 минут.
Сапарлас болатын жолаушылармен таныс болып отырайық. (Әрі қарай оқушылармен тренинг өткізіледі).
Мақсаты: амандасу арқылы оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Нұсқау: оқушылар ойын алаңында бейберекет бағытта жүре отырып,бір-бірімен жүргізушінің нұсқауымен үш тілде амандасады.Бір шапалақ ұрғанда-қазақ тілінде,екі шапалақ ұрғанда-орыс,үшінші рет шапалақ ұрғанда-ағылшын тілінде.Жүргізушінің нұсқауымен қолмен, содан соң шынтақпен,шынашақ саусақпен,құлақпен,тіземен,иықпен,т.б.амандасады.
Пікірталас сәті.
Емтиханға қалай әзірленген тиімді?
ҰБТ-ге әзірлену үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек?
Емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыру керек?
Емтиханды сәтті тапсыру үшін не істеу керек?
«Менің атым және қасиетім»жаттығуы
Қатысушылар шеңбер болып отырады,бір-біріне допты немесе ойыншық беріп,өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде,тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.
Жүргізуші жаттығуды қорытындылай келе,қатысушылардың қасиеттерінің бір-біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен де барлығы біріге жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді.
«Шынымды айтсам ...»жаттығуы
Мақсаты:Қоршаған ортаға топтың сенімін нығайту, ішкі кедергілерді жою.
Шынымды айтсам, мен алдағы емтихан туралы ойласам ...
Шынымды айтсам, мен емтиханға даярланғанда ...
Шынымды айтсам, мен алдағы емтихан туралы ұмытып кетсем ...
Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ...
Шынымды айтсам, менің ата-анамның алдағы емтихан туралы уайымы ...
Шынымды айтсам, мен емтихан туралы естісем ...
«Жарайсың!» жаттығуы
Мақсаты: стресс кезіндегі сенімді мінез-құлықты қалыптастыру.
Нұсқау: сіздерге топты мына ұстаным бойынша екіге бөлу қажет: сыртқы, ішкі. Енді сіздердің не істейтіндеріңізді айтамын. Екі сыртқы және ішкі шеңбер жасаңыздар. Ішкі және сыртқы топ қатысушылары жұбын тауып, менің белгі беруіммен кезектеп өз жетістіктері жайлы айтып,бір-біріңнен саусақтарымен есептеп, жетістік айтқан сайын «Сен жарайсың! Бір! Сен жарайсың! Екі!» деп ары жалғастырады. Сіз өзіңіз жайлы жаман ойласаңыз да, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Егер де кімде-кім өзін ыңғайсыз сезінсе, онда осы жаттығуды орындай барысында былай десін: «Мен өзімді жақсы көремін,мен қайталанбас дарамын!» сіздің ойыңызға өзіңіз туралы жағымсыз ойлар келгенде, өзіңізді дамыту қажет екеніңізді есте ұстаңыз.
Менің белгім бойынша ішкі шеңбердің қатысушылары орында қалып, сыртқы шеңбердегілер солға қарай жылжып, жұптарын өзгертеді. Ойын осы тәртіппен жалғасады.
Талдау: өзіңіз туралы көп нәрсе есіңізге түсті ме? Өз жұбыңыздан нені үйрендіңіз? Өзіңізге кейде «Мен жақсы жасадым» деп айтасыз ба? Қателік жіберсеңіз, өзіңізге не дейсіз? Не үшін өзіңіз туралы жақсы айту маңызды?
«Сілкіп таста» жаттығуы
Мақсаты:жағымсыз, қажет емес,кедергі жақтардан құтылу,сенімділікті орнату.
Нұсқау:мен сіздерге жағымсыз,сенімсіз сезімдерден арылып,өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күш алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: «Ойымызға тағы да жолым болмай қалды. ҰБТ-ға жақсы дайындала алмай қалдым. Жақсы тапсыра аламаймын, көп қате жіберіп, екі аламын» деген сияқты ойлар келеді.
Айналамызға орын қалдырып,еркін тұрып,алақаныңызды сілкіңіздер,иығыңызды сілкіңіздер, аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер,сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз,жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек,көңілді болудасыз немесе көңілді жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш,мен қиындықтан қорықпаймын,мен жаспын,мен әдемімін,менің қолымнан бәрі келеді,маған сенімділік күш береді,мен дайынмын.
Талдау:Көңіл-күйіңіз қалай?
«Мен саған сенімдімін»жаттығуы
Нұсқау:Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап,үндемей отырыңыз. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын,бірақ сіздер бір-біріңізді танисыздар.
Енді рет-ретіңізбен мынадай сөздерді аяқтайсыздар. Мысалы: «Мен саған сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің шебері боласыз», «Мен саған сенімдімін алдағы уақытта көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз», «Мен саған сенімдімін сен ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсың», т.б.
Бір-біріңізге бір-бірден жылы сөз айтып шығасыздар.
Сынақ басталды
Бүгін 6 маусым, мен таңертең 6.30-да тұрамын... Ары қарай оқушылар бір-бір сөйлемнен айтып, жаттығуды, жақсы жетістікпен аяқтайды. (Кешкі сағат 17.00, Алақай, мен 125 ұпай алдым! Барлығы аяқтарын көтеріп, тізелерін бүгіп, бірдей секіреді).
Тренингтен алған әсерім
Қолымызға жұлдызды ұстап, тренингтен алған әсерімізбен бөлісеміз. Содан кейін жұлдызды бір-бірімізге ұсына отырып, жылы тілек айтамыз. Жұлдыз алуымның себебі, Жұлдыздар аспанда нұрын шашып, мейірімділік,достық, өзара көмек қолдау сезімдерін бойымызға ұялатады.Сіздің әрқайсыңыздың таңдаған жұлдызыңыз сізді білім жолында нұрландырып, емтихан мен өмірде сүйемелдеп жүрсін. Әрқашан алдарыңыз ашық та жарқын болсын! Сәт, сапар түлектер!
«ҰБТ – 125 кемесі»
Құрметті жолаушылар, «ҰБТ – 125 кемесі» жағаға жақындады. Бір – бірімізбен қоштасайық. Сіздерді жағада ата-ана, тума-туыс, құрбы-құрдас, ұстаздарыңыз күтіп отыр. Сапарымыз сәтті болды. Бәріміз ҰБТ-дан 125 ұпай жинадық. Келесі «Студент – 2014» кемесінің бортында кездескенше сау болыңыздар!
Қазірден бастап өзіңе жеке жоспар құр.
Егер адам баласында өзіне деген сенім мен жігердің ұшқыны байқалмаса,ондай адамдар өз өміріне мақсат қоя алмайды.Сол себептен де адамзат баласының өзіне және болашақ өмірге деген сенім мен ынтасы болуы тиіс.Сонымен,біз өзімізге ант етеміз,санаулы күндеріміз қалды,әр күнімізді босқа өткізбей,уақытты ұтымды пайдалануға белсенді кірісуіміз керек.
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған әр күнді немесе сағатты бақытсыз сана» дейді Я.А.Коменский.
Ол үшін артық жүрістерді қысқарту ұялы телефоннан бас тарту,өзіңе қатаң талап қойып,күн демей,түн демей,оқу,іздену,қосымша сабақтарға қатысу,жалпы табандылықпен,қажырлықпен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу.
Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген –құл болмайды»,-деген қанатты сөзі әр уақытта жадыңда болғаны дұрыс.
Өзіңнің қажырлығыңның арқасында арманың мен еңбегіңнің жемісін көретініңе сеніміміз мол. Яғни нәтижелі еңбектің 98 пайызы еңбек арқылы,ал, 2 пайызы ғана дарын деген екен Томос Эдисон. Таланта еңбекпен,яғни ізденумен келетінін біл.
Емтиханға қалай дайындалу керек?
Қиын жағдайдан шығуда асығыстық жасамай,өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма.Жағдайдың қиындауын күтпе.
Емтиханға даярлықты ертерек баста;
Егер күшің мен ойыңды жинақтау қажет болса,алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс,содан соң қиын материалдарды зерделеуге кіріс.
Шиеленісті,шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.
Егер көзің талса:
Емтиханға дайындық кезінде көзге үлкен күш түседі.Егер көзің талса ағзаң да шаршайды.Емтихан тапсырмаларын орындауға күшің жетпеуі мүмкін.Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса:
Жоғары төмен кезек-кезек қара(25 сек.), оңға-солға (15 сек.)
Көзбен өз аты-жөніңді жаз; алыста тұрған затқа қарап (20сек.),содан соң алдыңдағы қағазға (20сек.) кезекпен қара.
Көзбен квадрат,үшбұрыш сыз,алдымен сағат тілі бағытымен,кейін қарсы бағытта.
Күнді үш бөлікке бөл:
8 сағат емтиханға дайындал;
Спортпен айналыс,таза ауада жүр,музыка тыңда;
8 сағаттан кем ұйықтама,түскі тамақтан кейін де ұйықтауға болады.
Сабаққа дайындалатын уақыт таңғы 11.00-ден және түстен кейін 16.00-ға дейін.Осы аралық оқыған материалдар есте сақтауға тиімді уақыттар.
Тамақтану:
3-4рет витаминге бай,құнарлы тамақ ішу керек.Грек жаңғағы,сүт тағамдары,ет,балық,көкөніс,жеміс,шоколад тағамдарымен тамақтан.
Сабаққа дайындалатын орын:
Өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр.Үстелге сары және сия түсті зат немесе сурет қой,бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.Демалыс,үзіліс сәттерінде жасыл,көгілдір түстердің болғаны пайымдау жасағанда жақсы.
Материалды қалай есте сақтауға болады?
Ең бірінші,есіңе түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды,дәлелдердің дұрыстығын тексер.
Оқулықты оқи отырып,ең негізгі пікірлерді бөліп ал-бұл жауаптың тірек бөлімдері.Жауаптың жоспарын құрып,жауабын кішкене қағаздарға жаз.
Есте сақтаудың тиімді түрлері:
Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек.Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде,үлкенінен бастаған дұрыс.
Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.
Бәрінен де тиімдісі саналы түрде есте сақтау.Сондықтан материалды ойланып,аздап оқу тиімді.
Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі,есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек.
Жұмыс қабілетін сақтау шарттары:
Ой және дене еңбегін алмастыру керек.Гимнастикалық жаттығулар жасағанда баспен тұру,тоңқалаң асу жаттығуларын көбірек жасау керек,бұл жаттығулар ми жасушаларына қанның құйылуын күшейтеді.
Көзді сақтау керек,әр20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек (Кітаптан көзді алып,алысқа қарау).
Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау.
Ойлау қабілетін қалай дамыту керек?
Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды,дұрыс жауап беруді үйрен.
Ойлау қабілетің болмаса білімің де болмайды.
Ойлау қабілетіңді дамытсаң санаңды біліммен толықтырасың.
Білім көзі-кітап,мектеп,теледидар,адамдар.Олар заттар,құбылыстар,адамдар туралы ақпарат береді.
Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады.Неге?Қалай?Оларға сұрақ қойып және жауап бере біл.
Ойлау қабілетін дамыту үшін затты,құбылысты жан-жақты тани,көре білу керек,жаңалықты бірден байқа.
Заттардағы әр түрлі белгі,құбылыстардың арасын салыстыру,байқауда да ойлау қабілеті керек.