Психологиялық тренинг «Өз күшіңе сен!» (11-сынып оқушыларына арналған)
1.Тренинг мақсаты: Оқушылардың өзі-өзін бағалауын жоғарылату, коммуникативті дағдыларын әрі қарай өрбіту, кез-келген қиындыққа басқа көзбен қарап, өз мақсаттына жетуді көздеуге үйрету. 2.Құрал –жабдық: қағаз, қалам,екі түсті кәмпиттер, бейнеролик 3.Тренинг барысы: Оқушылармен сәлемдесу. Жүргізуші: Құрметті достар, бізде бүгін психологиялық тренинг. Мына бейдждерден алып өздеріңе тренингтік лақап ат ойластырасыздар. 4. Психологиялық ахуалды жақсарту «Өз күшіне сену!» деген ұғымға ассоциация айту Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады. Мысалы:
Жүргізуші шеңбер бойымен жүріп, кәмпит таратады: кызыл, жасыл.
Таңдап алған түске сай оқушылар топқа бөлінеді. Түстерге сипаттама беріледі.
Жасыл – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
Қызыл – адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар . Топ ережелері қабылданады — бір-бірін тыңдау — уақыт үнемдеу — белсенділік таныту — достық қарым-қатынас — жағымды эмоция тудыру 5. Топтық жұмыс
Екі топқа ватман мен фломастерлер ұсынылады. «Жетістікке жеткізетін қадамдар» тақырыбы бойынша постер салу тапсырылады.
Уақыт: 6 минут, қорғау әр топ 2 минуттан. 6. «Жағымды мінез» ойыны Ойынның шарты: оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады. 7. Сенімділік және өз мүмкіншілігіне көңілі толу
Ник Вуйчич туралы «Өзіне сену» атты видео ролик көрсету Топта талқылауға арналған сұрақтар: 1. Мына адам бойында қандай қасиеттер бар? 2. Оның жасаған істерін ерлік деп айта аласың ба? 8. «Досыма сыйлық» ойыны Тренинг қатысушысына дөңгелек суреті беріледі. Олар оған смайлик салып шеңбер бойымен бір-біріне сыйлап, тілек айтады. Мысалы: «Өз күшіне сен!», ал қалғандары үш рет қол соғады. 9. Қортынды-тренинг «С- фейервергі» Жүргізуші: Мен сендерге Сенімділік, Сүйіспеншілік, Сәттілік тілеймін!
10. «ҰБТ-да жетістікке жетейік» әні Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тренингке өз бағаларыңды беріңдер: жасыл стикер — оң баға,қызыл — теріс, тақтадағы ұнады, ұнамады жазуының астына жапсырыңдар. Назарларыңызға рахмет!