kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әке- жауапты лауазым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы тәрбиесіндегі Әкенің рөлі,

баламен қарым-қатынасы туралы түсініктер беру ;

әке жауапкершілігін,

әкелік беделін арттыру; баланы теледидар және интернет /қалтафон/ тәуелділігінен қалай қорғануғу болатындығы туралы кеңес беру;

Ғаламтордағы  “Синий кит”, “Тихий дом”, “”Синий кой” деген хэштегтерден балаларын қорғауға,  баланы үнемі назарда ұстауға, сақтандыру шараларын жасауға бағыттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әке- жауапты лауазым»

ТРЕНИНГ

«Әке- жауапты лауазым »

Тренингтің мақсаты:

Отбасы тәрбиесіндегі Әкенің рөлі,

баламен қарым-қатынасы туралы түсініктер беру ;

әке жауапкершілігін,

әкелік беделін арттыру; баланы теледидар және интернет /қалтафон/ тәуелділігінен қалай қорғануғу болатындығы туралы кеңес беру;

Ғаламтордағы “Синий кит”, “Тихий дом”, “”Синий кой” деген хэштегтерден балаларын қорғауға, баланы үнемі назарда ұстауға , сақтандыру шараларын жасауға бағыттау.


1-жаттығу

“Сәлемдесу”

“Сізді мен ...теңеймін немесе ұқсатамын”

2-жаттығу

“Мектептің сенімді одақтасының бірі – отбасы”

3-жаттығу

“Жеті кеңес және үш “Б””

БІРІНШІ КЕҢЕС:

Сізге ең басты қажеттісі – балаңызға

көбірек көңіл бөліңіз.

Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

  • Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

  • Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын түсінесіз.

  • Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай, балаға бөлек уақыт бөліңіз.

  • Есте сақтаңыз: бала сіздің махаббатыңызға өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады (поляк ұстазы , жазушы Януш Корчак).

  • Егер балаңыз оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

ЕКІНШІ КЕҢЕС:
баланың бойындағы кез-келген талпынысын қолдаңыз,
оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз

  • Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.

  • Оның жетістіктерін атап оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз. Оның әрбір жұмысынан мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.

  • Есте сақтаңыз: («Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!») сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.

 ҮШІНШІ КЕҢЕС:
балаға жаңа өмір тәртібіне үйренуге көмек беріңіз

  • Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.

 Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз. Әр сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге , жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.

  • Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.

 Есте сақтаңыз: күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.

  • Компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.


Төртінші кеңес:
мектепте
гі оқуы мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз.

  • Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз. 

  • Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.

  • Баланың қателесуге құқы бар. Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық.  

  • Ата-ананың сабырлығы мен сенімділігін көріп бала

  • мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.

БЕСІНШІ КЕҢЕС:
балаға құрдастарымен қарым-қатнас құрып,
өзін сенімді сезінуіне көмек беріңіз

  • Баланы адамға үйірлігі үшін мақтаңыз, оның мектептегі жаңа таныстықтары үшін қуанғаныңызды айтып білдіріңіз.

  • Балаңызбен құрдастарымен қарым-қатынастың тәртібі жайлы сөйлесіңіз, өз балаңыздың өзгелерге көз тартарлық болып көрінуіне көмек беріңіз.

  • Жай ғана шай ішуге балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, ал кішкентай қожайын қонақ күтуді үйренеді.

  • Балаңыздың мектептегі жолдастарының назарын қымбат ойыншықтар мен киімдермен сатып алуға тырыспаңыз. Бұлай балаңыз өзгелерге керек болуды үйрене алмайды. Мұндай жағдайда қызыңыз немесе ұлыңыз сыныптастарының тарапынан қызғаныш пен көреалмаушылық сезімдеріне тап болуы ықтимал.

 

Өзіне сенімді және көпшіл бала кез-келген жағдайға тез бейімделеді.

АЛТЫНШЫ КЕҢЕС:
Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз

  • Өз балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз.

  • Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және ешқандай да жақсы баға балаңыздың бақытынан маңызды емес.

  • Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз.

  • Есте сақтаңыз:балаңызға

  • сіздің оған деген сеніміңіз,

  • көмегіңіз бен қолдауыңыз өте қажет.


ЖЕТІНШІ КЕҢЕС:
балаңызға шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге тырысыңыз.


  • Баланы мектептен келе үй жұмысын орындауға отырғызудың қажеті жоқ. Оған 2-3 сағат демалуға, егер мүмкін болса оның 1,5 сағат ұйықтап алуына мүмкіндік жасаңыз..

  • Бала үй тапсырмасын орындап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өзі жасағаны абзал. Сіздің міндетіңіз орындау емес көмек беру.

  • Сабақтардың уақыт бойынша және саны бойынша да тиімді дозасын табыңыз. Мұнда шектен шығу оңай. Ал бұдан қандай нәтиже шықпақ? Мұндай жағдайда бала кейде жаман қылықтарға бой алдырып барлық нәрсені, үлкендердің нұсқауымен баратын сабақтарды жек көре бастайды және ешкім кедергі жасамайтын көшеге қашқысы келіп тұрады.

  • Қарапайым жауап: оны мәжбүрлеп немесе күштеп емес еліктіруге және қызықтыруға тырысыңыз.


Үш «Б» заңы
Бейімделу, Бедел, Белсенділік


Баланың мектепте білім алуға БЕЙІМДЕЛУІ – ата-аналар міндеті: әр балаға эмоциялық және рухани қолдау көрсету; 

БЕДЕЛ– ата-аналар міндеті: ата-аналар беделін жаңа деңгейге дамыту және күшейту, мектеп пен мұғалімнің беделінің қалыптасуы.

БЕЛСЕНДІЛІК – ата-аналар міндеті: Оқытушымен тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктің әсерінен зиян шекпеуі үшін мектеп талаптарын алдын-ала талқылау, кеңестерге құлақ түру, жалпы жұмыстар мен мерекелік шараларды ұйымдастыруға көмек беруді тоқтатпау, себебі, үлкендердің мектеп өміріне көбірек қатысуы балаға оң әсерін береді. Осыдан кейін ғана ұлыңыз немесе қызыңыз өз ата-анасымен мақтана алады.


Екінші «Б» заңы Бедел
Ата-ана беделі

  • Балаңызбен тепе-тең құқықтағы серіктес деңгейінде сөйлесіңіз және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың, тілдесудің тәртіп үлгісін көрсетіңіз

  • Отбасы мүшелерінің баламен қарым-қатынастың біріңғай тактикасын таңдаңыз. Бала бар жерде көзқарастарыңыздың әрқилығын талқылаудың қажеті жоқ. Барлық келіспеушіліктер сыртта қалуы қажет.

  • Өз ойыңызды білдіріңіз, бірақ осы және басқа да мәселелерде балаға өз пікіріңізді таңбаңыз.

  • Ұмытпаңыз: бала өмірге деген өз көзқарасын сіздікінен қалыптастыруы мүмкін.

  • Балаға өз пікірін білдіру үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Оның ауызша айту белсенділігіне еркіндік беріңіз.

Баланың оқудағы жетістігі көбінесе отбасы мен мектептің ынтымақ-тастығына байланысты, сол себепті, кез келген уақытта өз шаруаларыңызды тастап баламен айналысуға дайын болыңыз.

Үшінші «Б» заңы БЕЛСЕНДІЛІК
Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы
Ата-аналар тарапынан жіберілетін негізгі қателіктер

  • Отбасы мен мектеп арасындағы әрекеттердің келісілмегендігі

  • Мектептегі келіспеушілікті бала бар жерде талқылауды доғарыңыз.

  • Мұғалімдер туралы теріс пікірлерге жол бермеңіз.

  • Мектеп әкімшілігі мен психологтардың, мұғалімдердің ұсыныстарын елеусіз қалдырмаңыз.

  • «Мектептен де басқа маңызды шаруалар бар» деген ұстанымды ұстанбаңыз.


4-жаттығу

“Ұқсастық шегі”

5-жаттығу

“Балаңызды қорғаңыз”

“Синий кит” “Тихий дом” /видео/

6-жаттығу

ТЕСТ

“Сіз қандай әкесіз?”


7-жаттығу

“Сынық құмыра” /видео/

8-жаттығу

“Әкелер ағашы” «Ой-пікір»








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әке- жауапты лауазым

Автор: Есимбекова Куралай Тлеутаевна

Дата: 23.01.2020

Номер свидетельства: 537077

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(213) "Халықаралық отбасы күніне арналған Отбасылық тәрбиеге-басты басымдылық тақырыбындағы Акцияның іс-шаралар жоспары."
    ["seo_title"] => string(80) "khalyk_aralyk_otbasy_kuninie_arnalg_an_otbasylyk_t_rbiieghie_basty_basymdylyk_ta"
    ["file_id"] => string(6) "413761"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1494245536"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Мемлекеттік билікті? конституциялы? органдары "
    ["seo_title"] => string(51) "miemliekiettik-biliktin-konstitutsiialyk-orghandary"
    ["file_id"] => string(6) "153972"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421083410"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сыныптан тыс шара.ЕЛІН С?ЙГЕН ЕЛБАСЫ"
    ["seo_title"] => string(40) "synyptan-tys-shara-ielin-suigien-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "263208"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449501767"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) ""Елбасы к?ні""
    ["seo_title"] => string(12) "ielbasy-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "290967"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455037493"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?лт ма?танышы-ЕЛБАСЫ"
    ["seo_title"] => string(20) "ultmaktanyshyielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "260900"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449046612"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства