Просмотр содержимого документа
«"Жол жүру ережесі бойынша"»
Сабақ № 1 Жол жүру ережесі бойынша
Өткізген:Жумашбекова.С.Т
Өткізу мерзімі: 07.09.2018ж. Топтың жас ерекшелігі: №9 ортаңғы топ
Тақырыбы:«Көшемен танысу»
Мақсаты: Қатан белгіленген орында, жүретін жолға шықпай, ойнау әдеттердің қалыптасуын бекіту.
Міндеттері:
БМ:Балаларды жолда жүру ережелерін сақтауға әрі қарай үйрету. Қатан белгіленген орында, журетін жолға шықпай, ойнау әдеттердің қалыптасуын бекіту;
ДМ:Байкампаздықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту; жолда қауіпсіз жүру дағдыларын дамыту
ТМ: Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жабдықтар: Көшедегі қауіпсіздік ережелеріне сәйкесті суреттер (жолдағы ойнап жүрген бала, келе жатқан көліктің алдында жолды жүгіріп өтіп бара жатқан бала, т.б.)
Сөздік жұмыс: Көше, жол жүру ережелері.
Сабатың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қол аласып, кәне біз,
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрындар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарынмен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Сабақтың негізгі бөлігі: -Балалар, біз сендермен жол жүру ережелерімен танысуды жалғастырамыз.Бүгін біз белгіленген орында, жүретін жолға шықпай, ойнау әдеттері жайлы әңгімелейміз.
-Балалар, айтындаршы, қай жерде ойнауға болады?
-Үйдің жанындағы аумағында, балаларға деп арналған әзірленген алаңында ойнау керек.
-Ал, қай жерде ойнауға болмайды?
-Көлік жүретін жолда, көлік жүретін жолдың жанында ойнауға болмайды.
Суретке назар аудартады.
-Балалар, мына бала не істеп жатыр? (балалардың жауаптары).
-Қалай ойлайсындар, ол дұрыс істеп жатыр ма? (Жоқ)
-Көлік жүретін жолға шығуға болама?
-Осындай жағдайда не болып қалуы мүмкін? (балалардың жауаптары).
-Ия, дұрыс айтасындар, оны машина немесе автобус қағып кетуі мүмкін.
-Ал,мына бала келе жатқан көліктің алдында жүгіріп өтпекші. Бұл дұрыс па?
-Жолды жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге бола ма? (Жоқ)
-Жолды қайда, қай жерден өту керек? (балалардың жауаптары
Рефлексия: -Балалар, біз бүгін жол жүру ережелерімен танысуымызды жалғастырып, не туралы білдік? (балалрдың жауаптары).
-Неге көлік жүретін жолға шығуға болмайды?(балалардың жауаптары)