kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Желтоқсан жаңғырығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1986  жылғы  желтоқсанда  орталықтың   әміршіл- әкімшіл  солақай  саясатына    қарсы  алғаш  рет  бас  көтеріп, демократия  жолында    құрбан  болған  ұл- қыздарымыздың  ерліктері  жайында   түсінік  бере  отырып, жастардың  алаңға  не  себепті,  қандай  мақсатпен  шыққандығын  жете  түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Желтоқсан жаңғырығы"»

«Өскемен қаласы әкімдігінің №39 орта мектебі» КММ
































Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Смагулова Н.Б.












2016 – 2017 оқу жылы

«Желтоқсан жаңғырығы»


Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның жүрегіне сол бір қасіретті күннің естелігің ұялату.

Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,

Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.

Тәрбие сағатының барысы:

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс – қараны «не болды» деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Аланның шеруі емес салтаннаты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

«Желтоқсан» жеті әлемді жалт қаратты.

«Желтоқсан желі» әні видео ойналады, зал қараңқыланады Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері тұрады.


1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты мерекелік тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


2 жүргізуші: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі.


1-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны! (ҚР Әнұраны орындалады)


1 жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.


2 жүргізуші: Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаеватарды ( проекторда олардың суреті көрсетіледі), тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымыз.

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруағы ағалардың ырза болсын.

Рахмет.

Видео «Желтоқсанның бас алаңы»

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.

(Ортаға Қайраттың анасы шығады)

Абылай: Апа Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па,әкелші,  өзін көрмесемде хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма? Анам туған-туыстарым.

Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды өлтірді деген  жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың, жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп қорлағандарын көріп шыдамадым. «Ереуілге қарулы» деп  мен де топ ішіне кіріп көмектесуге ұмтылдым. Менің де, сол күні алаңға шыққан қазақ жастарының да, еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз азаттық іздеп барғанымыз. Біз «ұлтшылдықтың» үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алатын күні алыс емес апа. Аман болыңдар.


Ана: Ұлым менің, сен әлі 21 десің. Аман болсаң бір жерден шығатын, алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анаң.


Кезекші –Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).


Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?


Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, мен емес.


Тергеуші. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.


Қайрат Рысқұлбеков: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!


Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный!


Қайрат Рысқұлбеков туралы видео


Көрініс. Сот залы.


Хатшы: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.


Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?


Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.


Прокурор: - Не мақсатпен ?


Қайрат Рысқұлбеков: Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.


Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?


Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.


Хатшы: Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!


Сот: Қазақ КСР жоғарғы сотының  сот мәжілісі  залындағы ашық сот отырысында  1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымға дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың ісін қарай келіп, Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодекісінің 287-299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын.

Қазақ КСР қылмыстық кодекісінің 173-1 бабы бойынша ең жоғарғы өлім жазасына, атуға кесілсін.


Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, бұл әділдік емес!


Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.


Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.


Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.


Анасы: Қайратты шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!


Қайрат:

Көтер ана, көтер ана басыңды.

Өтті, кетті жауынды күн жасынды

Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!

Кешір ана, жан едің ғой тамаша,

Арым үшін түстім, рас араша

Қалай ғана дәтім шыдап тура алам

Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,

Арым үшін түстім, рас, Араша! (Қайратты кісендеп алып кетеді.)


«Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалады.


Оқушы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.


1-жүргізуші:

Ия ақ найзаның ұшымен, Қайраттай қайсар рухты ерімнің күшімен жеткен еліміздің тәуілсіздігі бүгін де Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.


2-жүргізуші:

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.


1-жүргізуші: Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу, Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Оқушы:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Оқушы:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Оқушы:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырда.

Азаттық дейтін ұғымның,

Желтоқсан тұрар басында!


«Қазақстан бақытты» ән оқушылардың орындауында


1-жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Бүгінде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейде.


2-жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


Оқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Оқушы:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Оқушы:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Оқушы:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Оқушы:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

2-жүргізуші: Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

«Атамекен»


1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты мерекелік шарамыз өз мәресіне де келіп жетті.


2-жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


































Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.

(Ортаға Қайраттың анасы шығады)

Абылай: Апа Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па,әкелші,  өзін көрмесемде хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма? Анам туған-туыстарым.

Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды өлтірді деген  жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың, жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп қорлағандарын көріп шыдамадым. «Ереуілге қарулы» деп  мен де топ ішіне кіріп көмектесуге ұмтылдым. Менің де, сол күні алаңға шыққан қазақ жастарының да, еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз азаттық іздеп барғанымыз. Біз «ұлтшылдықтың» үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алатын күні алыс емес апа. Аман болыңдар.


Ана: Ұлым менің, сен әлі 21 десің. Аман болсаң бір жерден шығатын, алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анаң.


Кезекші –Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).


Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?


Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, мен емес.


Тергеуші. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.


Қайрат Рысқұлбеков: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!


Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный!
















Көрініс. Сот залы.


Хатшы: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.


Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?


Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.


Прокурор: - Не мақсатпен ?


Қайрат Рысқұлбеков: Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.


Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?


Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.


Хатшы: Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!


Сот: Қазақ КСР жоғарғы сотының  сот мәжілісі  залындағы ашық сот отырысында  1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымға дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың ісін қарай келіп, Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодекісінің 287-299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын.

Қазақ КСР қылмыстық кодекісінің 173-1 бабы бойынша ең жоғарғы өлім жазасына, атуға кесілсін.


Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, бұл әділдік емес!


Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.


Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.


Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.


Анасы: Қайратты шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!


Қайрат:

Көтер ана, көтер ана басыңды.

Өтті, кетті жауынды күн жасынды

Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!

Кешір ана, жан едің ғой тамаша,

Арым үшін түстім, рас араша

Қалай ғана дәтім шыдап тура алам

Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,

Арым үшін түстім, рас, Араша! (Қайратты кісендеп алып кетеді.)







Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.


Оқушы:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Оқушы:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Оқушы:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырда.

Азаттық дейтін ұғымның,

Желтоқсан тұрар басында!


Оқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Оқушы:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Оқушы:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Оқушы:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Оқушы:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Желтоқсан жаңғырығы"

Автор: Смагулова Нургуль Бакытбековна

Дата: 07.11.2018

Номер свидетельства: 483965

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Та?ырыбы: «Желто?сан жа??ыры?ы жадымызда» "
    ["seo_title"] => string(47) "tak-yryby-zhieltok-san-zhan-g-yryg-y-zhadymyzda"
    ["file_id"] => string(6) "194606"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427795903"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? т?рбие саба?ы "Желто?сан жа??ыры?ы" "
    ["seo_title"] => string(48) "ashyk-t-rbiie-sabag-y-zhieltok-san-zhan-g-yryg-y"
    ["file_id"] => string(6) "164643"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422682343"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? т?рбие са?аты "Желто?сан жа??ыры?ы" "
    ["seo_title"] => string(48) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-zhieltok-san-zhan-g-yryg-y"
    ["file_id"] => string(6) "164675"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422685618"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Желто?сан жа??ыры?ы"
    ["seo_title"] => string(21) "zhieltoksanzhangyrygy"
    ["file_id"] => string(6) "288986"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454698451"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Воспитательная работа "Желтоқсан жаңғырығы""
    ["seo_title"] => string(50) "vospitatiel_naia_rabota_zhieltok_san_zhan_g_yryg_y"
    ["file_id"] => string(6) "369389"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481656041"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства