Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы Мақсаты: Тарихи тағылым арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыру, ұлтжанды қазақ азаматын тәрбиелеу. Барысы: Туып-өскен ел қымбат, атақоныс жер қымбат» деп кіндік қаны тамған қасиетті өлкені, алтын бесік – ел үшін қастер тұтқан ата-бабаларымыз ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы мұқалатын сайын даланы ұрпағына аманат етіп қалдырды. Ер көңілді жомарт жандар Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-байтақ аймақты мекендеп, көшіп-қонып жүрді. Ізгі ниетпен келген ешкімді жатырқамады, құдайы қонағым деп төріне шығарды. Қуғын көргенге пана, шаршағанға сая, тарыққанға таяныш бола білді. Түгін тартса майы шығатын шұрайлы қоныстарымыз, бөкеннің көзіндей мөлдіреген айдын көлдеріміз бен төбесі көк тіреген асқар тауларымыз, сағым ойнаған сайын дала талайлардың көз құртына айналып, қаншама қырғын соғыс пен шапқыншылыққа себепші болды. Қаншама рет қазақ деген ғажайып ұлтымыз жер бетінен із-түссіз жоғалып, жойылып кете жаздады. Жойқын шапқыншылықтардың бірі, әрі елдің еңсесін езген Отан соғысы 1723 жылы басталды. Қазақпен ежелден аңдысқан жоңғарлар ел бірлігінің әлсіреген тұсын пайдаланып, жойқын шабуыл жасады. Күтпеген жерден қырғынға ұшыраған қалың ел атамекенінен ауа көшіп, кең байтақ қазақ жерінің түкпір-түкпіріне бас сауғалап шұбырды. Мал түгілі жаннан айырылып, тыныш күн кешу мұң болған жұртшылық кейіннен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған қиын-қыстау шақты бастан кешті. Естіген жанның төбе құйқасын шымырлататын сол аласапыран күндердің қайғылы «әнұраны» - «Елім-ай» әні халықтың мұң-зарын бізге жеткізді. Біз қазақпыз! Есігі ашық, төрі кең, Жылап өттік жылдар өмір өрінен Жетер енді, желпінейік, қарайық, Мына өмірге иегердің көзімен. Біздің халқымызға ХХ-ғасыр сыйлаған ғаламат оқиға – мемлекеттік Тәуелсіздік идеясының жеңуі. Кешегі ел бастаған Алаш ағалары Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Райымжан Мәрсеков, болашақ үшін жанын пида еткен Сәкен, Бейімбет, Ілияс, басқа да қазақ зиялыларының ұзақ жылдар аңсаған арманына бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Желтоқсан желі, Дәуірдің демі, Арайын шашқан таңғы үміт. Халықтың мұңы, Тарихтың үні, Желтоқсан желі – жаңғырық!
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда дағы қасиетті қазағым
Төл байрағын дұшпанына бермеген
Бабалардың ғасыр бойы арманы
Өткені мен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді тәуелсіздік алғалы. Тәуелсіздік үшін қаншама өмір қыршынынан қиылды. Тәуелсіздіктің дабылындай болып, Кеңестік жүйені дүр сілкіндіріп, халықтың қалғыған санасын оятқан 1986-жылғы 16-17 желтоқсан оқиғасы.
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным,
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Воспитательная работа "Желтоқсан жаңғырығы"»
Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Мақсаты: Тарихи тағылым арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыру, ұлтжанды қазақ азаматын тәрбиелеу.
Барысы:
Туып-өскен ел қымбат, атақоныс жер қымбат» деп кіндік қаны тамған қасиетті өлкені, алтын бесік – ел үшін қастер тұтқан ата-бабаларымыз ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы мұқалатын сайын даланы ұрпағына аманат етіп қалдырды. Ер көңілді жомарт жандар Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-байтақ аймақты мекендеп, көшіп-қонып жүрді. Ізгі ниетпен келген ешкімді жатырқамады, құдайы қонағым деп төріне шығарды. Қуғын көргенге пана, шаршағанға сая, тарыққанға таяныш бола білді.
Түгін тартса майы шығатын шұрайлы қоныстарымыз, бөкеннің көзіндей мөлдіреген айдын көлдеріміз бен төбесі көк тіреген асқар тауларымыз, сағым ойнаған сайын дала талайлардың көз құртына айналып, қаншама қырғын соғыс пен шапқыншылыққа себепші болды. Қаншама рет қазақ деген ғажайып ұлтымыз жер бетінен із-түссіз жоғалып, жойылып кете жаздады.
Жойқын шапқыншылықтардың бірі, әрі елдің еңсесін езген Отан соғысы 1723 жылы басталды. Қазақпен ежелден аңдысқан жоңғарлар ел бірлігінің әлсіреген тұсын пайдаланып, жойқын шабуыл жасады. Күтпеген жерден қырғынға ұшыраған қалың ел атамекенінен ауа көшіп, кең байтақ қазақ жерінің түкпір-түкпіріне бас сауғалап шұбырды. Мал түгілі жаннан айырылып, тыныш күн кешу мұң болған жұртшылық кейіннен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған қиын-қыстау шақты бастан кешті. Естіген жанның төбе құйқасын шымырлататын сол аласапыран күндердің қайғылы «әнұраны» - «Елім-ай» әні халықтың мұң-зарын бізге жеткізді.
Біз қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен
Жетер енді , желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.
Біздің халқымызға ХХ-ғасыр сыйлаған ғаламат оқиға – мемлекеттік Тәуелсіздік идеясының жеңуі. Кешегі ел бастаған Алаш ағалары Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Райымжан Мәрсеков, болашақ үшін жанын пида еткен Сәкен, Бейімбет, Ілияс, басқа да қазақ зиялыларының ұзақ жылдар аңсаған арманына бүгінгі ұрпақтың қолы жетті.
Желтоқсан желі,
Дәуірдің демі,
Арайын шашқан таңғы үміт.
Халықтың мұңы,
Тарихтың үні,
Желтоқсан желі – жаңғырық!
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда дағы қасиетті қазағым
Төл байрағын дұшпанына бермеген
Бабалардың ғасыр бойы арманы
Өткені мен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді тәуелсіздік алғалы.
Тәуелсіздік үшін қаншама өмір қыршынынан қиылды. Тәуелсіздіктің дабылындай болып, Кеңестік жүйені дүр сілкіндіріп, халықтың қалғыған санасын оятқан 1986-жылғы 16-17 желтоқсан оқиғасы.