kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие саба?ы "Желто?сан жа??ыры?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:        Желто?сан жа??ыры?ы  

Ма?саты:  1986 жылы желто?сан о?и?асымен о?ушыларды  таныстыру. Желто?сан о?и?асыны? неден бастау алып, оны? не себепті ?анды о?и?а?а ?лас?анын ашып к?рсету. ?з отанын, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыра отырып, отаншылды??а, елжандылы??а, елімізді? р?міздерін ?астерлеуге т?рбиелеу. 

К?рнекілігі:  Кітап к?рнекілігі. Т?рлі ?анатты с?здер. «Желто?сан желі ыз?арлы», «16 желто?сан – Т?уелсіздік к?ні», «Т?уелсіздік монументіні? суреті» Желто?сан ??рбандарыны? слайдтары, клиптер.

І. Ж?ргізуші:

Ерлерді ?мытса да ел, сел ?мытпас,

Ерлерді ?мытса да ел , жел ?мытпас,

Ел ?шін жанын ?иып, жауды ?у?ан

Ерлерді ?мытса да ел, бел ?мытпас

Ел ?шін т?ккен ерлер ?анын ж?тып,

Ерлерді ?мытса да ел, жер ?мытпас

Ар?аны? селі, желі, ш?лі, белі,  

               Ерлерді ?мытпаса ел ?мытпас.

ІІ. Ж?ргізуші:

Казахстан – это край и отар, и пшеницы,

Край заоблачных пиков жайляу широких.

Неуемных и пенистых речек потоки,

Край батыров в легенды вложившие строки.

 

І. Ж?ргізуші:

- 16 желто?санда еліміз т?уелсіздігімізді?  23 жылды?ын тойлайды.

 

ІІ. Ж?ргізуші:

-16 декабря мы будем праздновать 23 годовщину независимости нашей республики.

 

 ?н?ран орындалады.

 

І. Ж?ргізуші:

16 желто?сан. 1986 жыл. Алматы ?аласы. ?аза?стан Компартиясы Орталы? Комитетіні? Пленумы болды,  онда Д. ?онаевты ?аза?стан Компартиясы Орталы? Комитетіні? бірінші хатшылы?ынан босатып, орнына Г.В. Колбинді сайлады. Міне, осы пленум шешіміне ?аза? жастары бейбіт т?рде наразылы? білдіріп, ала??а шы?ты. Б?л о?и?а тарихта «Желто?сан о?и?асы»  деген атпен ?алды.

 

ІІ. Ж?ргізуші:

Сегодня мы много говорим и  вспоминаем о тех людях, благодаря которым мы получили Независимость. Это Кайрат Рыскулбеков, Лаззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мухамеджанова и мн.др. Наша Родина – суверенное, независимое Казахское государство. Путь к независимости был  нелегок. Сейчас наше государство знают во всем мире. И мы гордимся этим!

 

І.Ж?ргізуші:

??рбандарым, жазы?сыз ??рбандарым

Бет ба?дарын ба?и?а б?р?андарым,

?аралы жылдардай боп ?арауытып,

Хал?ымны? м??гі есінде т?р?андарым

??рбандарым, жазы?сыз ??рбандарым,

Кеудемдегі ?оламта ?оздат?аным

Т?ншы?са да т?рмеде тозбапты ?нім.

Жазы?сыз жапа шегіп б?л жал?аннан,

Жалта?тап кете бар?ан бозда?тарым.

 

?айрат:    «Т?рме жыры»

Тор темір жамбасыма та?ылдайсы?,

?зіммен бірге ту?ан жа?ындайсы?.

Телміріп темір тор?а ?амат?анша

С?м д?ние, б?л жал?аннан неге алмайсы?,

Ауылда?ы жа?сы екен ?ой сал?ан ?нім

?у та?дыр татырды ?ой  т?рме д?мін,

?айда?ы п?ле?орлар жала жауып,

Жазы?сыз ?ылмыскер боп кетті с?нім

Тас т?бе, т?рт ?абыр?а, темір есік,

Ас берер ортасында жал?ыз тесік,

К?ніне ?статады ?ш тілім нан

?лмейтін са?ан ішер осы н?сіп

 

 

Насиба

«Шашу» биі 

 

М.Шахановты? «Желто?сан ала?ы» ?ле?і

 

Т?уелсіздікті? т?п тамырына желто?сан о?и?асыны? тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта ?оймас. Десек те, 1986 жылды? ?ай?ылы желто?саны бір к?нгі немесе бір жыл?ы наразылы?ты? к?рінісі болмаса керек.
Есті ерлер ж?рмейді желік ертіп,
Елеулі іске ?осар емірентіп.
Б?гінгі кеш ?она?ы
С?з с?йлесін баршаны тебірентіп,- дей отырып, б?гінгі кешімізді? ?она?ына  с?з береміз. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие саба?ы "Желто?сан жа??ыры?ы" »

Тақырыбы:        Желтоқсан жаңғырығы  

Мақсаты:  1986 жылы желтоқсан оқиғасымен оқушыларды таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. 

Көрнекілігі:  Кітап көрнекілігі. Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының слайдтары, клиптер.

І. Жүргізуші:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі,

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас.

ІІ. Жүргізуші:

Казахстан – это край и отар, и пшеницы,

Край заоблачных пиков жайляу широких.

Неуемных и пенистых речек потоки,

Край батыров в легенды вложившие строки.


І. Жүргізуші:

- 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіздігіміздің 23 жылдығын тойлайды.


ІІ. Жүргізуші:

-16 декабря мы будем праздновать 23 годовщину независимости нашей республики.


Әнұран орындалады.


І. Жүргізуші:

16 желтоқсан. 1986 жыл. Алматы қаласы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Г.В. Колбинді сайлады. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп, алаңға шықты. Бұл оқиға тарихта «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды.

ІІ. Жүргізуші:

-16 декабря 1986 года состоялся Пленум ЦК Компартии Казахстана, на котором освободили от занимаемой должности І сектетаря ЦК Компартии Казахстан и на его место был избран Г.В. Колбин. Казахстанская молодежь выражая свое недовольство вышла на площадь. Они требовали не искажать ленинскую национальную политику, уважать суверенность государства, обеспечить динамичное развитие языка и культуры, не препятствовать выдвижению политических деятелей из среды коренного населения.

16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы – нағыз көркі жерімнің!

Мәңгі болсын, баянды болсын

23 жылғы ғұмырың!

Құтты болсын, мықты болсын

Тәуелсіздік – тұғырың!


І. жүргізуші:

Моя родина – предков зовет,

Это будущее, принадлежащее нам.

Это грядущего века рассвет

Осветляющий путь городам.

Моя родина – Казахстан, ты велик и могуч,

Твоя слава не знает границ,

И скользит по тебе процветающий луч

Перед тобой я падаю ниц!


ІІ. Жүргізуші:

Настал декабрь. И первые метели,

Свистя, кружат над нашею страной.

Он – памятный декабрь, в самом деле,

Стал нашей гордостью и нашей судьбой.

Мы помним день, когда свершилось это,

На площадь вышла наша молодежь,

Чтоб продолжить дело наших предков

Отправилась под пули и под нож.


«Желтоқсан желі» клипін көру


Арсен:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан


Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады.

Сахна сыртынан: Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып

Ақсауыт киген темірден

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр! – деген

Қайраттың дауысы естілді.

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл

үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?

Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!

Қалай болып еді өзі?!

І. Жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.

(Ана ортадан ақырындап кетеді)


«Болмыс. 1986 жыл.» клипі көрсетіледі





Жангир

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.


Данил

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.


Диана

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн


Абушахмабек

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.







І. Жүргізуші:

Бүгін біз Желтоқсан оқиғасының және оның құрбандарын еске алудамыз. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Иә, тәуелсіздік оңай келе қойған жоқ. Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сынды ұл-қыздарымыздың арқасында Тәуелсіздік бізге ата тарихымызды, ана тілімізді қаз-қаз тұрғызғаны үшін бағалы. Тәуелсіздік үшін жандарын қиған жастардың ерліктерін бағалай білу – біздің борышымыз.


ІІ. Жүргізуші:

Сегодня мы много говорим и вспоминаем о тех людях, благодаря которым мы получили Независимость. Это Кайрат Рыскулбеков, Лаззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мухамеджанова и мн.др. Наша Родина – суверенное, независимое Казахское государство. Путь к независимости был нелегок. Сейчас наше государство знают во всем мире. И мы гордимся этим!


І.Жүргізуші:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.


Қайрат:    «Түрме жыры»

Тор темір жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,

Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім

Қу тағдыр татырды ғой  түрме дәмін,

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік,

Күніне ұстатады үш тілім нан

Өлмейтін саған ішер осы нәсіп


«Қара бауыр, қасқалдақ» әні


Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер- ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма, сорыма,

Біріншіден, мен анамды сағындым,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым,

Әкетай- ау, Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды- ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған,

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман – саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім

Өздеріңе тіл қата алмай достарым,

Қайғы мұңлы өмірімді бастаым..

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Көрініс
Сахнаға Қайраттың інісі Талғат жүгіріп келеді, қолында хат болады.
Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.
Осы кезде жарық түрмеде отырған Қайратқа түсіріледі. Хат оқылады.
Қайраттың хаты: 
Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма Сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес!Аман болыңдар!
Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...
Қарашығым, қайран балам-ай,

Құлыншағым, жаным-ай!

Құлағыма келеді

Алыстан айтқан зарың-ай!


Қорытынды

Оқушылар өлең оқиды 


Насиба

«Шашу» биі


М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңі


Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,- дей отырып, бүгінгі кешіміздің қонағына сөз береміз. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? т?рбие саба?ы "Желто?сан жа??ыры?ы"

Автор: Койшыбаева Жазира Тумакбаевна Нуспекова Назгуль Муратбековна

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164643


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства