Берілген с?здерді? ?ріптерін рет-ретімен ?ойып, ма?ыналы с?з шы?арып, сол с?зге байланысты с?йлем ??растыру.
?а?ита;
Робыйа;
Ы?тым.
??гімелеу: О?ушылар?а жа?а та?ырып?а байланысты с?ра?тар ?ойып, ?ызы?ушылы?тарын ояту.
Жасты? ша? дегеніміз ?андай уа?ыт?
Б?л кезде ?р адамда ?андай ма?сат болу керек?
Жасты? ша?та неге ?мтылу ?ажет?
О?ып ?йренейік. І. Омаров «Жастар?а хат»
?рбір екі о?ушы?а «Жастар?а хат» м?тінінен алын?ан ?зінді беріледі. Тапсырыл?ан ?зіндіге байланысты ?ажетті тірек с?здерді ?олданып, негізгі идеяны т?сіндіру ?сынылады.
Д?йекс?з: «Жасты? ша?ы? –жар?ын жазды? бейнесі,
??тты жазды? ала алса?, жо? бермесі.»
С.М??анов
5. Назар аудары?ыз!
Бір жылды? ішінде бір –а? жаз болады. А?аш, ш?пте, г?лдер, жапыра?тар,бір-а? рет жарасады.Осы секілді адам басына жасты? екі келмейді.
Жасты? бізді? ?мірімізді? жазы. Жаздан кейін к?з,?ыс келеді. Сол сия?ты жасты?тан со? к?рілік жетеді. Шаруасына жина?ы кісілер жазды? к?ні ?ысты? азы?-т?лігін даярлап ?ояды. Адам да жасында ?нер білім, жа?сы мінездерді бойына жинау?а тиіс. М?нсыз ол ?артай?ан ша?ында рахат тіршілік ете алмайды.
«Екі сөйлеу – ерге сын» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.
«Сөз ойла – тез ойла»
Берілген сөздердің әріптерін рет-ретімен қойып, мағыналы сөз шығарып, сол сөзге байланысты сөйлем құрастыру.
Қақита;
Робыйа;
Ықтым.
Әңгімелеу:Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, қызығушылықтарын ояту.
Жастық шақ дегеніміз қандай уақыт?
Бұл кезде әр адамда қандай мақсат болу керек?
Жастық шақта неге ұмтылу қажет?
Оқып үйренейік. І. Омаров «Жастарға хат»
Әрбір екі оқушыға «Жастарға хат» мәтінінен алынған үзінді беріледі. Тапсырылған үзіндіге байланысты қажетті тірек сөздерді қолданып, негізгі идеяны түсіндіру ұсынылады.
Дәйексөз:«Жастық шағың –жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі...»
С.Мұқанов
5. Назар аударыңыз!
Бір жылдың ішінде бір –ақ жаз болады. Ағаш, шөпте, гүлдер, жапырақтар,бір-ақ рет жарасады.Осы секілді адам басына жастық екі келмейді.
Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз,қыс келеді. Сол сияқты жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақы кісілер жаздың күні қыстың азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер білім, жақсы мінездерді бойына жинауға тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды.
М.Дулатов
Жастық шақ туралы мақал-мәтелдер
Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.
Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.
Жігітінде жігіт болмаған, Өмір есесінен құр қалған.
Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.
Нақыл сөздер
Зердесінде бары болса жігіттің,
Қалмас жатып, сыртқа шығар ол екпін
Мақтымқұлы
Жас мұраты, білім, тәлім – талабым...
Өнер, оқу – жастың қару жарағы
І.Жансүгіров
Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған уақыт...
Ж.Руссо
Тыныштық сәті.
Тыныштық сәті балалар ағзасына артық шиеленістен арылып, тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Шығармашылық жұмыс
«Жастық жігерім - жақсылыққа» тақырыбына оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыру.
Өлең жолдарын айту:
Жүректен жүрекке.
«Шақырады көктем» Сөзі: Т.Молдағалиев Әні: Ә.Бейсеуовтың әнін орындау
Үйге тапсырма:
Жастық шаққа байланысты дәйексөздер құрастырып келу.
Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамныңқоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда бақыт кілті – әр адамныңөз қолыңда.
Өмір жолы оңай жол емес. Әркімніңөз сүрлеуі бар. Бірақ та сол сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халықтың мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп - жұлып күн көру – адамгершілік жол емес.
_________________________________________________
Адамныңқоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылыққасиеттеріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білу керек. Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстыңұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір дем алады...» деген екен. Ал сол дем алудыңөмірде санаулы екенін ұмытпау керек.
_________________________________________________
«Мен әлі бұғанам қатпаған жаспын ғой», - деу балаларға келіспейді. «Болар бала он екісінде жастығын сылтау етпес, Жүз жасында кәрімін деп қапа шекпес», - дейді халық.
______________________________________________
Жас кездегі басты міндет – білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы атқарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді болсаң да, оған қанағат етпей, білген үстіне біле берген жөн.
________________________________________________
Өмірдегі ең жаман әдеттердің бірі – табысқа масаттану, менменсу. Халықәр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі.
Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болу керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейілділікпен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.
Адамныңқасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену. Музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәнін түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі. Мұндай адамдармен сөйлесудіңөзі бір ғанибет әрі қызықты.
Өмір жолы жеңіл жол емес. Бұл жолда кедір-бұдыр аз болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, қиыншылыққа мойымай, өзіңді-өзің ілгеріге тарту – адамшылық парызы.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болу қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деген Абай сөзін естен шығармаңыздар!!!