kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жалғау және оның түрлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Жалғау және оның түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қосымша туралы білімдерін кеңейте отырып, жалғаулар мен оның түрлері жөнінде нақты білім беру.

Міндеттері:

Білімділік: жалғау түрлерін жан-жақты меңгерте отырып, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының ерекшеліктерін таныту.

Тәрбиелік: сауаттылыққа баули отырып, ана тілін сүюге, туған жерді

қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: ойды жинақтау,есті жаттықтыру,ойлау, елестету қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жалғау және оның түрлері"»

Сабақтың тақырыбы: Жалғау және оның түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қосымша туралы білімдерін кеңейте отырып, жалғаулар мен оның түрлері жөнінде нақты білім беру.

Міндеттері:

Білімділік: жалғау түрлерін жан-жақты меңгерте отырып, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының ерекшеліктерін таныту.

Тәрбиелік: сауаттылыққа баули отырып, ана тілін сүюге, туған жерді

қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: ойды жинақтау,есті жаттықтыру,ойлау, елестету қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: қима қағаздар, кестелер, оқулық,семантикалық карта,суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу.

Оқушыларды топқа бөлу. Қызыл түсті стикерді таңдаған оқушылар жұрнақ тобы, ал жасыл түсті таңдаған топ жалғау тобы болып бөлінеді. Топ басшылары сайланады.

Сабақтың ережесін еске түсіру.

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтастық

Үй тапсырмасын сұрау: « Күн нұры » ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Смайликтер арқылы бағаларын беру.

  1. Сөз құрамына қандай бөлшектер кіреді? (түбір, жұрнақ, жалғау)

  2. Түбір сөз дегеніміз не? (сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі)

  3. Қосымша дегеніміз не? (Түбірге жалғанатын бөлшек)

  4. Қосымша нешеге бөлінеді? (жұрнақ және жалғау)

  5. Жұрнақ дегеніміз не және нешеге бөлінеді? (сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Олар сөз тудырушы және сөз түрлендірші болып екіге бөлінеді)

  6. Түбір сөздің, жұрнақтың, жалғаудың белгісін көрсет. (жұмысшылар, балықшылар)

Жаңа сабақ:

Жалғау және оның түрлері

Ал балалар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы жалғау және оның түрлері.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі жалғау деп аталады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді.

Көптік жалғауы.

Сөздер жекеше түрде де, көпше түрле де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар.

Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар,-лер, -дар, -дер,-тар, - тер

Көптік жалғауының басқа дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.

Тәуелдік жалғауы

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың бірінші меншікті болып тұрады. Сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.

Мысалы:

Жекеше түр Көпше түр

І жақ -м, -ым, - ім, І жақ, -мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ -ң, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, ІІ жақ –тарың,-терің,-дарың,-

-ңыз,-ңіз дерің,-ларың,-лерің,-тарыңыз,-

теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз,-

ларыңыз,-леріңіз

ІІІ жақ -сы,-сі, -ы,-і, ІІІ жақ –сы, -сі,-ы,-і

Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып, екіге бөлінеді.

Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.

Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы:

Оңаша тәуелдену: Ортақ тәуелдену:

Менің үй-ім, қалам-ым Біздің үй-іміз, қалам-ымыз

Сенің үй-ің, қалам-ың Сендердің үй-лерің, қалам-дарың

Сіздің үй-іңіз, қалам-ыңыз Сіздердің үй-леріңіз, қалам-дарыңыз

Оның үй-і, қалам-ы Оның үй-і, қалам-ы

Септік жалғауы

Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегінше:

Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сездердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.

Мысалы:

Жай септеу Тәуелді септеу

А. Үй А. Үйім

І.Үй-дің І.Үй-ім-нің

Б. Үй-ге Б.Үй-ім-е

Т. Үй-ді Т.Үй-ім-ді

Ж.Үй-де Ж.Үй-ім-де

Ш.Үй-ден Ш.Үй-ім-нен

К.Үй-мен К.Үй-ім-мен

Жіктік жалғау

Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді.

Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді. Тек адамның кім екенін қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады. (Мен оқушымын, сен ақылдысың, сіз үшіншісіз, мен кіммін? т.б.) Жіктік жалғауының да үш жағы бар, бірақ үшінші жақтың арнайы қосымшасы (зат есім, сын есім, сан есім және есімдікте) жоқ. Есім сөздің жіктелуі:

Жақ Жекеше Көпше

I Мен дәрігермін, оқушымын Біз дәрігерміз, оқушымыз

ІІ Сен дәрігерсің, оқушысың. Сіз дәрігерсіз, оқушысыз

Сендер дәрігерсіңдер, оқушысыңдар. Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар.

III Ол дәрігер, оқушы. Олар - дәрігерлер, оқушылар.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Оқушы... , күндер ..., шопан...., төл... .

... қозым, .... күртесі, .... дәптеріңіз, .... үйі.

3 жаттығу

Білім қымбат, білу қиын. Ата-баланың қорғаны. Отан отбасынан шығады.

1 жаттығу.

Мен жолдаушы ... . Сен студент...., Сіз мейірімді... .

Семантикалық картамен жұмыс

Сөздер

-лар, -лер

-дар, -дер

-тар, -тер

Сыйлық




Жел




Қырау




Қар




Шырша




Мұз




Аяз-ата




Кәмпит





ІҮ. – деңгейлік тапсырмалары

  1. Төлдерін табу.

  1. Қима сөздерге қосымша жалғау

Оқушы...., домбыра...., көлік...., кітап.... .

  1. Ламинатталған параққа сурет салу.

  1. Жаттығуды бастырып жазу.

Сабақты бекіту.

«Алма жинау» ойыны.

Ойынның шарты: Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді. Екі оқушы тақтаға шығып, көптік, септік тәуелдік, жіктік жалғауы жалғанған сөздері бар алма суретін себеттерге жинайды. Себетке жинаған алмаларын таратып беру.

Үйге: ереже жаттау, 2 жаттығу, 71 бет .Шарты: жіктік жалғауын жалғап жазу.

Қорытынды: Бағалау. Мақтау, мадақтау.






Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп интернаты











Ашық сабақ

«Жалғау және оның түрлері»

9 «Б» сыныбы












Қазақ тілі мұғалімі: А.Ж.Шынтореева







Тараз қаласы, 2017ж




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жалғау және оның түрлері"

Автор: Шинтореева Айгул Жолбарысовна

Дата: 28.09.2019

Номер свидетельства: 521170

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбиені? ?дістері мен т?сілдері ж?не оны? т?рлері "
    ["seo_title"] => string(56) "t-rbiienin-distieri-mien-t-sildieri-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "193617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427655199"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Буын ж?не оны? т?рлері.Ашы? саба?."
    ["seo_title"] => string(31) "buynzhnieonynturlieriashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "304041"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457634340"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "А?аш ?німдерін кептіру ж?не оны? т?рлері"
    ["seo_title"] => string(40) "agashonimdierinkieptiruzhnieonynturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "328406"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463632544"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "А?аш ?німдерін кептіру ж?не оны? т?рлері"
    ["seo_title"] => string(41) "agashonimdierinkieptiruzhnieonynturlieri1"
    ["file_id"] => string(6) "328407"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463632557"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "А?аш ?німдерін кептіру ж?не оны? т?рлері"
    ["seo_title"] => string(41) "agashonimdierinkieptiruzhnieonynturlieri2"
    ["file_id"] => string(6) "328408"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463632564"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства