kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ынтымақ түбі – береке.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Ынтымақ түбі – береке.
Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер татулық, ауызбірлік, достық 
Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері: 
1.Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру; 
2.Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету, 
3.Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу. 
Ресурстары :   (материалдар, дерекөздер) 
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық дайындық

Бүгінгі сабағымызға бір-бірімізге сәттілік тілей отырып, жүректен шыққан сезімдерімізді білдірейік.

(топтастыру)  • Топқа бөліну  «Менің қалаған түсім» 
Қобдишадан қалаған түстеріңді таңдап,әр түске сәйкес топқа бөлініңдер. 

• Есімдер аллитерациясы 
Мақсаты:Оқушыларды таныстыру. 
Шарты:Әр оқушы өз есімдерін айтып, есімдерінің бірінші әріпінен басталатын жағымды қасиетін айту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ынтымақ түбі – береке.»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Новоишимка ауылы №32 отра мектебі

Пәні: өзін-өзі тану

Оқытушы: Беркинбаева Карлигаш Жумамуротовна

Сынып: 6 «А» 16-сабақ күні:

Тақырыбы: Ынтымақ түбі – береке.
Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер татулық, ауызбірлік, достық 
Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері: 
1.Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру; 
2.Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету, 
3.Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу. 
Ресурстары :  (материалдар, дерекөздер) 
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Бүгінгі сабағымызға бір-бірімізге сәттілік тілей отырып, жүректен шыққан сезімдерімізді білдірейік.

(топтастыру) • Топқа бөліну «Менің қалаған түсім» 
Қобдишадан қалаған түстеріңді таңдап,әр түске сәйкес топқа бөлініңдер. 

Есімдер аллитерациясы 
Мақсаты:Оқушыларды таныстыру. 
Шарты:Әр оқушы өз есімдерін айтып, есімдерінің бірінші әріпінен басталатын жағымды қасиетін айту.

 Тыныштық әлемге (Сөзі Қ.Шаңғытбаевтікі. Әні: С.Мұхамеджановтікі)

Ежелден халықтар бостандық қалайды,

Ертеңгі күніне үмітпен қарайды.

Сондықтан әлемді аралап,

Тыныштық ұраны тарайды.

2. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты қорытындылау

Мақал: «Игілік-басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ»  Халық мақалы 

Демекші,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ынтымақ түбі - береке» болмақ.

Қарастырып отырған «ынтымақ» ұғымына байланысты оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтарға жауап берейік. 
• Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер? 
• Ынтымақ түбі-береке деп айтуда қандай мән бар? 
• Ынтымақтастық, татулық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде? 
Иә, адамдар арасындағы ұйымшылдық,береке-бірлік ынтымақ туғызады.Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп,бірлесіп әрекет етеді.Татулық орнайды.Ұжымдағы,ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа,достыққа жеткізіп,болашағымызды баянды етеді.

Ырыс алды – ынтымақ (аңыз әңгіме)

Баяғыда бір ақылды қария болыпты,оның тоғыз ұлы бар екен.Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай,әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады.Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді.Үлкен кішісін аямайды,кішісі үлкеніне ақшия қарайды.Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді,содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады.Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп,балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

-Қане,балалалрым,күштеріңді сынап көрейік,мына тобылғыны тобымен сындырыңдар,-дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды.Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай,әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

-Енді бір-бірден сындырып көріңдер,-дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

-«Міне,сындырдық»,-деп мақтанысады.Шал балаларын отырғызып қойып,нұсқалы сөзін бастайды.

-Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын.Дұшпандарың көп,ынтымағың жоқ болса,дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады.Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар,сендерді ешкім сындырмақ түгел,майыстыра да алмайды.Менің айтарым сол,-дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді.Балалары ақылға келіп,бірлесіп тіршілік етіп,кем-кетікке көмектесіп,ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды - ынтымақ»деген сөз содан қалған екен.

  • Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?

  • «Бірлік болмай,тірлік болмас»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

4. Оқиға айту (әңгіме). Мәтінмен жұмыс Ынтымақ (қазақ ертегісі)

Оқушыларға «ынтымақ» құндылығының жеке адам мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып ,талқылау. 
• Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде? 
• Ынтымақ болған жерге Қызырдың, Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер? 
• Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер? 
• «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» дегенді қалай 
түсінесіңдер? 

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз).
«Игілік – басы ынтымақ,ынтымақты елде күншуақ» халық мақалы.

Бұл дәйексөзді көзқарас,себеп,мысал,жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылау тапсырылады.

Көзқарас – Оқушы өз көзқарасын айтады. «Ынтымақты елде береке,бірлік,молшылық болады».

Себебі – Оқушы өзінің бұлай ойлауын түсіндіреді. «Себебі ынтымақ бар жерде адамдар арасында ауызбірлік,татулық болып игілікке жетеді».

Мысал – Оқушы мысал келтіреді. «Ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстанда әр түрлі ұлт пен ұлыстар бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр».

Жалпылау- Оқушы өз дәлелін талдап,қорытады. «Ынтымақтан биік,ынтымақтан күшті ештеңе жоқ.Сондықтан,лайым,ынтымағымыздан айырылмайық».

Тыныштық сәті:
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. 
Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. 
Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен. 
Барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді. 
Адамдардың мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді. 
Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай-бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды. 
Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі. 
Бірақ өз тұрған жеріңді осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші. 
Енді көз алдыларыңа елестетіңдер.Өздерінің елестетіп,армандаған,ойлаған ойларын баяндап беру.
Жанға жайлы музыка қоюға болады. 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтел айтып, гүл шоғын толтыру. 
1 тапсырма Мақалды жалғастыр:

1.Алтау ала болса, ........................ (ауыздағы кетеді)

Төртеу түгел болса, .............................. (төбедегі келеді)

2. Ынтымақ түбі – ..........., (игілік)

Тірлік,тірлік түбі – .......... . (бірлік)

3.Бірлік,ынтымақ – байлық,... .(татулық).

4. ... – табылмас бақыт (бақ).

5. Ынтымақ істі ... (бітірер)

6. Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң,кем ....(кесерсің)

2-тапсырма Терминнің анықтамасын сәйкестендір.

Тапсырма:Адамдардың бірлікке келуі, бірлесіп тірлік жасауы, татулығы үшін қандай қасиеттер қажет? (татулық, достық, ауызбірлік, бірлік) 
Осы сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер. 


Ұғым Анықтамалар



Татулық Адамдардың бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір

мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті



Достық Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.

Ауызбірлік Бірлікке келе, бірге тірлік жасаудын көрінісі,

татулықтың белгісі



Бірлік Мақсаты бір топ мүшелерінің тату – тәттілік,

ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білу.



Ынтымақтастық Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей

байланысты табиғи бір тұтастық



Тапсырманы сыныпта оқушылар жұптасып жұмыс істеп, әрбір сөздің өзіне сәйкес келетін анықтамасы көрсетілетіндей етіп белгілеуі тиіс. Мысалы: «Татулық- адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы». 
Тапсырма жұмыс дәптерге орындалады. Оқушылар сөз мағынасы мен анықтаманы дұрыс сәйкестендіруі тиіс. 
Жауаптары: 1- ә); 2-а); 3-в); 4-б); 5-г). 
Синквейн (Топпен жұмыс) 
Мына сұлба бойынша синквейн («бес тармақ»деген мағынаны білдіреді) жазыңдар. 
1) 1 зат есім (тақырыбы) Ынтымақ 
2) 2 сын есім___________________________ 
3) 3 етістік_____________________________ 
4) 4 сөзден тұратын сөйлем_______________ 
5) Түйін (1 сөз) _________________________ 


Оқушылардың ойларын мен сезімдерін білгеннен кейін оқулықта берілген Н.Шәкеновтің «Бейбітшілік сақталады» өлеңін айту. 
Тапсырма. 
Елімізге деген тілектерімізді жазайық. 
7. Үй тапсырмасы
«Ынтымақ түбі – береке» тақырыбына эссе жазу 
8. Сабақты қорытындылау сәті 
Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке-бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді. Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді. 
Позитивті күйге келу.(баяу әуен қойылады) 
Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзімізді ашайық. Енді,бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, көңіл күйлеріңді смайлик арқылы көрсетіңдер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ынтымақ түбі – береке.

Автор: Беркинбаева Карлигаш Жумамуротовна

Дата: 12.01.2017

Номер свидетельства: 378361

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?зін-?зі тану "Ынтыма? т?бі береке""
    ["seo_title"] => string(31) "ozinozitanuyntymaktubibieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "312823"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459405152"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?зін-?зі тану "Ынтыма? т?бі береке""
    ["seo_title"] => string(32) "ozinozitanuyntymaktubibieriekie1"
    ["file_id"] => string(6) "312824"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459405159"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "ЫНТЫМА? Т?БІ – БЕРЕКЕ"
    ["seo_title"] => string(20) "yntymaktubibieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "283787"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453887335"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ынтыма? т?бі – береке!"
    ["seo_title"] => string(21) "yntymaktubibieriekie1"
    ["file_id"] => string(6) "302553"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457206086"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "1 мамыр- Ынтыма? к?ні"
    ["seo_title"] => string(20) "1-mamyr-yntymak-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "326785"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463308528"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства