kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вагоны и вагонное хозяйство

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқыту әдістері: түсіндірмелі - иллюстративті әдіс (баяндау, лекция, иллюстрация арқылы түсіндіру), интерактивтік әдістер (ой шақыру, рольдік ойын, топтық);

Сабақтың көрнектілігі: компьютер, проектор, слайдтар, интерактивті  тақта, флипчарт, макеттер, стендтер.

Пәнаралық байланыс: теміржолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вагоны и вагонное хозяйство»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



БЕКIТЕМIН”

Директордың оқу iсi

жөнiндегi орынбасары

_________ Ермұхан Б.Б.

«____»_______2016 ж




«Теміржолдың жалпы курсы »

пәні бойынша



АШЫҚ САБАҚТЫҢ

ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы: Вагондар мен вагон шаруашылығы




Оқытушы: Абуова Айжан Тұрашқызы.




Әдістемелік талдау «Теміржол мамандықтары пәндері» циклдық комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.




Хаттама №___ «___» __________ 2016 ж.


ЦӘК төрағасы _____________ Әбдіқадыр А.Т.


Колледж әдіскері_________ Аймбетова Э.С.







Қызылорда, 2016ж

Сабақ жоспары


Сабақ өтілетін күні: 3. 03- 2016ж


Оқу тобы: ТХ -15о


Сабақтың тақырыбы: Вагон және вагон шаруашылығы


Сабақтың түрі: теориялық


Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру


Сабақтың мақсаттары:


а) білімділік: оқушыларды жылжымалы құрамалардың түрлері, сипаттамаларымен, типтері, нөмірлеу және оларға қойылатын ТПЕ талаптарымен таныстыру.

б) тәрбиелік: оқушылардың жаңа сабақ тақырыбына қызықтыру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

в) дамытушылық: сабақ барысында проблемалық жағдайлар тудыру, деңгейлік тапсырмалар үлестіру, топтық жарыс өткізу сияқты әдістерді қолдану арқылы оқушылардың бойындағы мамандық бойынша қабілеттерді қалыптастыру және оны одан әрі жетілдіру.


Оқыту әдістері: түсіндірмелі - иллюстративті әдіс (баяндау, лекция, иллюстрация арқылы түсіндіру), интерактивтік әдістер (ой шақыру, рольдік ойын, топтық);


Сабақтың көрнектілігі: компьютер, проектор, слайдтар, интерактивті тақта, флипчарт, макеттер, стендтер.

Пәнаралық байланыс: теміржолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау.


Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру, олардың дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аудару.


II. Өткен тарау бойынша оқушылардың білімін тексеру.

Тақырыбы: Локомотив және локомотив шаруашылығы.


III. Өткен тарау бойынша оқушылардың білімін бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, оқытушының қорытындылау.


IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстыру.

Жаңа тақырыпты оқытушының түсіндірмелі-иллюстративті әдістерді (лекция, слайдтар, суреттер) қолдану арқылы түсіндіруі.


V. Жаңа тақырыпты бекіту.


VI. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.


VII. Үйге тапсырма беру.


VIII. Сабақтың аяқталуын хабарлау.


Өткен тақырыптар бойынша оқушылар білімін тексеру сұрақтары.

Сабақ топтық сайыс түрінде өткізіледі. 1-ші топ « Жүк поиыздары», 2-ші топ «Жолаушы поиыздары» деп бөлінеді. Ашық сабаққа келген оқытушылар сайыстың әділ өтуін бақылайды. Әрбір дұрыс берілген жауап 5 ұпайлық жетонға тең.


I – « Кім жүйрік» сайысы.

  • Сигнал нешеге бөлінеді және сигнал дегеніміз не?

  • Бағдаршам құрлысына байланысты нешеге бөлінеді?

  • Жолдың төменгі құрылысына не жатады?

  • Электровоздың негізгі типтері.

  • Тепловоздың негізгі типтері.

  • Жолдың үстіңгі құрылысы, қызметі және орналасуы.

  • Шпал дегеніміз не оның түрлері мен қызметі.

  • Бағаналы бағдаршамның қызметі мен орналасуы

  • Ергежейлі бағдаршамның қызметі және орналасуы.

  • Ағаш шпалдың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  • Темірбитонды шпалдың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  • Рельс типтері түрлері мен қызметі.

  • Жол шаруашылығының қызметі

Бағдаршамның қызметіне байланысты нешеге бөлінеді?

  • Бағдаршамның шартты белгісін салып көрсет.

  • Бағдаршам түстері мен атқаратын қызметі.

  • Көрінетін және дыбысты сигналдар.

  • Жасанды құрлыстар дегеніміз не?

  • Тасмал көліктерінің түрлерін ата?

  • Қазақстан теміржолы үш аймақты қамтамасыз етеді, ата?


ІI – « Топтық» сайыс. «Локомотив» делінген сканворд беріледі. «Локомотив»- жасырылған сұрақтарға, дұрыс жауап беру. Ал, жауабы толық болмаса келесі топ жауап бере алады. Бірінші жауап берген тобымыз 5 ұпай иеленеді.

Сканворд сұрақтары:

  1. Айнымалы тоқты электровоз алты біліктісі мен сериясы не деп аталады?

  2. ТЭП- деген қай поиыздың сериясын білдіреді?

  3. Тартым жылжымалы құрама берілісінің бір түрі?

  4. Қуаты аздау локомотив?

  5. Іштен жанатын қозғалтқышы бар дизель немесе карбюратор типті өзі жүретін вагон

  6. Қозғалтқышы газ турбинасынан тұратын локомотив не деп аталады?

  7. Маневрлік тепловоздың сериясы не деп аталады:

  8. Дизельді күш құрылғыларынан құрастырылған пойыз?

  9. Электрлі берілісті жылжымалы құрама қалай аталады?


2.1.«Карточка» төрт оқушыға беріледі олар ондағы сұрақтарға жазбаша немесе ауызша жауап бере алады.


2.2.Интерактивті тақтада бірнеше сұрақтар көрсетілген соның жауабын беруі қажет.


2.3. «Кім жылдам?» cайысы.

Топтарға өткен тақырыпқа сай тартым жылжымалы құрама көрсетіледі оқушы соны сипаттап анықтама беруі қажет. Бірінші жауап берген тобымыз 5 ұпай иеленеді. Мысалы:



Дизельді пойыз деп- бір немесе екі моторлы вагоннан және дизельді күш құрылғыларынан құрастырылған тұрақты құрамды айтады. Дизельді- моторлы вагонның қорабының астына орналастырылады, ол вагондағы жолаушы орындарын көбейтуге мүмкіндік береді.


Жаңа сабақ тақырыбы: «Вагон және вагон шаруашылығы».


Қаралатын сұрақтар:




  • Жүк және жолаушы вагондарының типтері, олардың сипаттамалары.

  • Вагондарды нөмірлеу.

  • Вагон шаруашылығы.












ДӘРІС


Жүк және жолаушы вагондарының типтері, олардың сипаттамалары.

Вагондар жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға арналған.

Жүк вагондары: жабық вагон, ашық вагон, жайдақ вагон (үсті ашық вагон), цистерна, хоппер-дозатор, изотермиялық және арнай вагондардан тұрады.

Жабық вагон- әртүрлі жүктерді тасымалдауға, өзара сақтауға және ауа-райының әсерінен қорғауға арналған. Жабық вагон металлдан және ағаштан жасалған болып келеді, әрі есіктері үлкен. Оның жүк көтерімділігі 68т, сыйымдылық көлемі 140м.куб.

Ашық вагон- жаппай ақтара тиелетін, әрі сусымалы жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады (көмір, руда, тас, ағаш, труба т.б). Вагонның екі қапталының ұзына бойындағы еденінде қақпақтары бар түсіру тесіктері жасалған. Оларды ашқан кезде жүктер ағылып төгіледі. Вагонның жақтауындағы есіктері өзі жүретін көлікпен ұзын жүктер тиеп түсіруге арналған.

Жайдақ вагонмен- ұзын, үлкен және ауыр салмақты жүктерді тасымалдайды. Жайдақ вагонның жүк көтерімділігі- 70, 72т. Ол аласа, ашпалы темір ернеулерімен және бөренелерді, бағаналарды т.б. тасымалдауға керекті тіректерді орнататын тетіктерімен жасайды.

Цистерна- цилиндр түрлі, арнайы дәнекерленген темір ыдыс. Оның жоғарғы жағында сұйық затты құюға, ішін тазалауға және жөндеуге арналған қақпақты тесіктері бар. Цистерналар- 4 білікті, сыйымдылық көлемі 72м.куб және 8 білікті сыйымдылық көлемі 134 м.куб түрде жасалады.

Хоппер вагон- өз бойынан шаң шығаратын жүктерді тасымалдауға арналған (цемент және құрылыстық заттар, астық, дәнді- дақылдар).

Изотермиялық вагондар- рефрижераторлы 5, 12 және 21 вагондардан тұратын секция немесе пойыз болып құрастырылады. Тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған, олар тоңазытқыш агрегаттар мен автоматты немесе қолмен басқарылатын дизель- генератор қондырғыларымен жабдықталған.


Арнайы вагондар- тасымалдауда ерекше жағдайды талап ететін жүктерді тасымалдауға арналған. Онда жеңіл көлікті, жолаушыларды т.б теміржолдың техникалық және тұрмыстық мұқтаждығын өтейтін вагондар, вагон шеберхана, қалпына келтіргіш және өрт сөндіргіш пойыздардың вагондары да жатады.


Жолаушы вагондары алысқа, облыстар аралығына және қала маңына қатынас жасайтын болып бөлінеді.

Алысқа қатынайтын вагондар жайлы және жай орынды, ал ішкі жоспарлануы бойынша купелі (екі немесе төрт орынды) және ашық орынды (плацкартты) деп бөлінеді.

Облыс аралығында қатынайтын кейбір вагондар отыратын жұмсақ креслолармен жабдықталынған.

Жалпы жолаушылар вагоны- төрт білікті. Олардың жабдықтары жолаушылар тасымалдауға ыңғайлы болуы қажет.


Вагондардың нөмірленуі- қызметіне байланысты вагондар әр түрлі жұмыс атқаратындықтан оларға әр түрлі нөмірлер беріледі.

Мысалы:

жабық вагонға -245 0397

Ашық вагон-681 0967

Цистерна-706 9729

Хоппер -530 9928

Арнайы вагон -951 6773

Рефрижератор -843 4379



Жаңа тақырыпты пысықтау.


ІІІ – Сергіту

3.1.Топтарға бүгінгі жаңа тақырыпқа сай «Вагон» делінген сканворд беріледі. Бірінші жауап берген тобымыз 5 ұпай иеленеді.

Сканворд сұрақтары:

  1. Тартым жылжымалы құрам

  2. Автокөлік және ұзын, салмақты, үлкен жүктерді тасымалдауға арналған вагон

  3. Жолаушының қол жүгі қалай аталады?

  4. Тез бұзылатын өнімді тасымалдауға арналған вагон?

  5. Сұйық жүктерді тасымалдауға арналған вагон?


3.2.Топтарға бүгінгі жаңа тақырыпқа сай «Жолаушы» делінген сөзжұмбақ беріледі. Бірінші жауап берген тобымыз 5 ұпай иеленеді.


Сканворд сұрақтары:

  1. Ауа райының әсерінен қорғауды талап ететін жүктер тасымалдайтын вагон?

  2. Өз бойынан шаң шығаратын жүктерді тасымалдауға арналған вагон?

  3. Жолаушының орынын және пойызда жүруге рұқсат беретін құжат?

  4. Шашылып төгілетін және ұзын жүктерді тасымалдауға арналған вагон?

  5. Қол сигналын беруде қолданатын құралдың бірі?

  6. Пойыздар қозғалысын реттеп отыратын және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылым?

  7. Жүк тиелген жылжымалы құрамдарды тартып жүретін машина


3.3.Топтар төмендегі жылжымалы құраманың түрлерін атап сипаттама беруі қажет. Бірінші жауап берген тобымыз 5 ұпай иеленеді.


IV - «Кім білгір?» cайысы. Топтар жасырылған сұрақтарға дұрыс жауап берсе тіккен ұпайын алады. Ал, жауабы толық болмаса келесі топ жауап бере алады.


Қорытындылау.

Жеңіске жеткен топты атап өту. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.



Үйге тапсырма беру. «Көліктану негіздері» - авторы В.Н. Соколов. Беттер 48-54-59

а) Бүгінгі лекциядан түсінік дайындау.

в) Қосымша әдебиеттерден осы тақырып бойынша мәліметтер жинау.


Сабақтың аяқталуын хабарлау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Вагоны и вагонное хозяйство

Автор: Абуова Айжан Турашовна

Дата: 13.01.2017

Номер свидетельства: 378796

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Здесь Родины моей начало."
    ["seo_title"] => string(28) "zdies-rodiny-moiei-nachalo-1"
    ["file_id"] => string(6) "259511"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448784618"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "История города Изобильный Ставропольского края"
    ["seo_title"] => string(50) "istoriia-ghoroda-izobil-nyi-stavropol-skogho-kraia"
    ["file_id"] => string(6) "259514"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448785187"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Конспект урока по окружающему миру на тему:"Что такое деньги?" , 3 класс "
    ["seo_title"] => string(79) "konspiekt-uroka-po-okruzhaiushchiemu-miru-na-tiemu-chto-takoie-dien-ghi-3-klass"
    ["file_id"] => string(6) "134430"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416747101"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Сценарий мероприятия Война и дети "
    ["seo_title"] => string(39) "stsienarii-mieropriiatiia-voina-i-dieti"
    ["file_id"] => string(6) "202016"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429170966"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Конспект урока на тему  "Деньги""
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekt-uroka-na-tiemu-dien-ghi"
    ["file_id"] => string(6) "248758"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446785414"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства