Дара күрделі етістік дегеніміз не? Мысал айт. Мыс: кел, барып кел.
Көмекші етістік дегеніміз не? Негізгі мәнге ие бола алмайтын, қосымша мән үстейтін етістіктерді көмекші етістіктер дейміз. Мыс: ойнап отыр, жүгіріп жүр.
Болымсыз етістік жасайтын жұрнақтар? Ма, ме, ба,бе, па, пе
Етістіктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Сал және сабақты.
Салт, сабақты етістіктерді қалай ажыратасың? Сабақты етістік табыс септігін қажет етеді. Салт барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерін қажет етеді.
Етістің қанша түрі бар? 4
Көсемше мен есімшенің жұрнақтарын ата.
Өздік етіс жұрнақтары: ын,ін,н
Тұйық етістіктің жұрнақтары.
Ырықсыз етіс жұрнақтары? Ыл, іл, л, ын,ін,н
Ортақ етіс жұрнақтары? Ыс, іс, с
III.Жаңа сабақ.
Балалар, Мына суретке қараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, киносын да көріп жүрсіздер.
(Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»)Қожаның қай сәтінен көрініс бейнеленген?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз.(сөз табына талдату,таныс емес сөз табын табу)
1.Қожа сөмкеге бақаны лезде салды. (қалай ?) (сын-бейне)
2.Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не мақсатпен?) ( мақсат үстеуі)
3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.(неге?) ( себеп-салдар) үстеуі)
4. Қожа сөмкеге бақаны салып,кейін кетті. (қайда ?) (мекен үстеуі)
5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. (қашан?) (мезгіл үстеуі)
6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. (қаншалықты?) (мөлшер үстеуі)
7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды. (қандай?) (күшейткіш)
Не байқадыңыздар, оқушылар?
1.Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұр? (етістік)
2.Үстеулер дегеніміз не?
Етістіктің,яғни қимылдың,іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін,сипатын,жай-күйін білдіретін,өзгертуге,грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе бермейтін сөздер.
3.Түрленбейтіндігін мысалдағы лезде үстеуімен дәлелдеу.(жалғаудың түрлерін сұрау)
IV.Сайыс (Екі топқа бөлу). Ручкалар арқылы топқа бөлу.
Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгерту.(жетон арқылы бағалап отыру)
I деңгей Кітаппен жұмыс (265,266-жаттығу)
Сұрақ қою арқылы үстеулерді табу
Сергіту сәті. Жұлдызды сәт.
II деңгей Мақал-мәтелдерден,тыйым сөздерден,болжамдардан үстеулерді
табу. Үстеулі жұмбақтарды шешу.(екі топқа бөліп айту)
1.Қамшы жарасы тез бітер,
Сөз жарасы бітпес.
2.Еріншекке бүгінінен, ертеңі оңай.
1.Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
2.Қатты жауған күн
Тым тез ашылады.
Болжамдар
1.Қыстыгүні ит аунаса , боран болады.
2.Қарлығаштар жер бауырлап ұшса , ертеңіне жауын-шашын болады.
1.Тауық тым ерте қонақтаса,ертеңіне жауын-шашын болады.
2.Құстар төмен ұшса да, ауа райы бұзылады.
Тыйым сөздер
1.Түнде суға барсаң,кесек тастамай өтпе.
2.Аяқ киімді жоғары көтерме.
1.Кешқұрым ұйықтама.
2.Түнде терезеден қарама.
Жұмбақтар
1.Жылт-жылт етеді,
Әдейі тепшіп өтеді.(Ине)
2.Жардай дәулер соғысты,
Кезек-кезек оқ ұшты.(Бұлт пен найзағай)
1.Тақиям толы сөк,
Ерте тұрсам жоқ. (жұлдызды аспан)
2.Күндіз қашады,
Түнде аспанды басады. (жұлдыз)
4 тапсырма. «Бүгін» «Ертең» сөздерін қатыстыра отырып 4 жол өлең құрастыру.
Бекіту мақсатында
Тест жұмысы(1 нұсқа, 5 сұрақтан)
1 нұсқа.
Үстеу дегеніміз – қимылдың, іс-әрекеттің, сын –сапаның әртүрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін сөз табы. Иә Жоқ
Үстеулер өзгертуге келмейді, түрленбейді. Иә Жоқ
«Жақсы адам» тіркесіндегі жақсы сөзі үстеу ме? Иә Жоқ
«Лезде, шапшаң, тез» сөздері үстеу ме? Иә Жоқ
Үстеулер етістікпен тіркесіп келеді. Иә Жоқ.
ЙФ
V.Бағалау(жетон санын,тест ұпайын ескеру арқылы)
Рефлексия.
Бүгінгі сабақ_________________________________________________болды.