kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Уақытты дұрыс жоспарлау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Досытық үшін уақыт табыңыз- бұл бақыттың шарты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Уақытты дұрыс жоспарлау»

Сабақтың тақырыбы: Уақытты дұрыс жоспарлау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Уақыт өлшемдерін дұрыс айта білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып бойынша, сұраққа дұрыс жауап беруге сөздік қор жинап, тілдесім әрекетіне жетелеу;

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету;

Тәрбиелік: Уақытты дұрыс пайдалануға, бағалай білуге, үнемдеуге  тәрбиелеу;
Оқытудың әдістері: Әңгімелеу, сұрақ –жауап, талдау, сөйлесу, тыңдалым

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, слайд, мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы:

I. Амандасу.
ІІ.Психологиялық дайындық
ІІІ. Үй тапсырмасы
ІҮ. Жаңа сабақ
Ү. Топтық жұмыс
ҮІ. Қорытынды

VIІ.Үйге тапсырма 

VIІI. Бағалау
І. Амандасу.Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірімен әр халықтың сәлемін салып амандасады.Түстер бойынша (көк, сары, жасыл) топтарға бөлу

Түстер түріне қарай 3 топқа бөлінеді

1. Секунд тобы: Каролина , Ақнұр, Азамат

2. Минут тобы: Индира,, Алина, Абуталип, Махаббат

3.Сағат тобы: Юлия, Жансая ,Расул, Мария

ІІ. Психологиялық дайындық

Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым , дара тілім. Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі туған тіліміз қазақ тілімізді бастаймыз.

III. Үй тапсырмасы

І. «Кім жылдам?» тапсырмалары

3 қатардан  үш оқушы шығып, шардағы сұраққа жауап береді. Оқушы сұраққа дұрыс, әрі жылдам жауап беру керек.     
 1 -сұрақ. Қандай ақын-жазушылармен таныстық? Шығармаларын ата
2-сұрақ . Ақын сөзін септе

3-сұрақ. Көптік жалғауларын жалға.

Ақын, жазушы,өлең,шығарма,есім,аудармашы.
ІІ.Жұмбақ шешу

1.Сырт-сырт соғады                              

Уақыт озады. /сағат/                               

2.Тілдерімен жүреді

Уақытты біледі. /сағат/

3.Үш тілі бар, үшеуі де жүреді (сағат)

4. Тық-тық ұрып, 
Шегесін қадап. 
Мезгілді саған, 
Айтады санап. (сағат) 
3. Үй тапсырмасының сұрақтарына жауап берген кезде сағаттың суреті шығады.

- Балалар тақтада не  көріп тұрмыз?
- Бұл қандай сурет?

- «Уақыт » деген сөзді естігенде ойларыңа не  келеді?

- Уақыт мезгілдерін қалай білуге болады?
Оқушы: Уақыт мезгілдерін  күнтізбе, сағат арқылы білуге болады
-Механикалық сағаттың неше тілі болады?
Оқушы: Механикалық сағаттың 3 тілі болады.

-Ұзын , қысқа, жіңішке тілі нені көрсетеді?
Оқушы: Сағаттың  ұзын тілі-минутты, қысқа тілі сағатты, жіңішке тілі –секундты көрсетеді.

-Өмірімізде сағат не үшін қажет?

Оқушылар айтады, тірек сызбаны толтырамыз

Уақыт




Айлар,күнтізбе,тәулік ,минут ,секунд ,сағат, жылдар,  жыл мезгілдері,
апта,
мүшел, ғасыр.

ІҮ. Жаңа сабақ
Сағаттың шықылдағы емес ермек, 
Үнемі өмір өтпек- ол білдірмек. 
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, 
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. 
Сағаттың өзі ұры шықылдаған, 
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. 
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, 
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман,- деп Абай атамыз да өз өлеңінде уақыттың қайта айналып келмейтіндігін, шық-шық еткен сағаттың уақыттың ұрысы екенін тамаша бейнелеген.Сондықтан адам баласы «қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалануы керек.

Пенде баласы уақытқа тәуелді. Өйткені, оған шектеулі ғұмыр берілген. Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Еш нәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын – алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал, өткен уақыт қайта айналып келмейді 
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген. 

Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. 
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. 
Күләш Ахметова.

Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ жетуге асығамыз,
Жете салып кетуге асығамыз. 
Таңда балабақшаға асығамыз,
Түсте алар ақшаға асығамыз.
Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе жерлеуге асығамыз.
Таныса салып дайынбыз достасуға, 
Амандассақ даярмыз қоштасуға.
Үйлене сап жатамыз ажырасып, 
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Жағаласып, сандалып, сабылысып,
Жүгіреміз қашанда асығысып.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткенбе сағатша озып.
Уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз,
Осы біздер қай жаққа асығамыз?!..
ҮІ. Шығармашылық жұмыс 

Уақыт өлшемдерінің мағынасын ашып, бір уақыт өлшеміне мысал келтіру. 
Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем 
Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі 
Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт 
Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнайтындай мерзім 
Қайнам. Қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі 
Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем 
ҮІІІ. Экологиялық уақыт өлшемдері 
Ай туғанда -Тілеген тілектері қабыл болады деп есептеген
Алғаш қар жауғанда –Жан-жануарлардың өзгеруі, жаңаруы
Жұлдыздар өшкенде –Үлкендердің дүниеден өтіп, жас сәбилердің дүниеге келуі. Жұлдызым жоғары болсын.
Күн батарда – ұйықтауға болмайды, өйткені басыңыз меңзең болып ауырып қаласыз
Күн арқан бойы көтерілгенде – Таңның атуы
Күн төбеге көтерілгенде
 –Түс ауды, салқындық пайда болды
Қансонарда –жер бетіне ең алғаш қар түскен шақ
Таң бозарып атқанда –жер бетінің жаңаша кейіпке енетін кезі,

Шөп сарғайғанда –күз мезгілінің басталған кезі

Уақыттың жаулары:

Түсініксіз мақсаттар

Тыңдай білмеу

«Жоқ» деп айта алмау

Асығыс шешімдер

Бәрін бірден орындауға ұмтылу

Ұмытшақтық

Толық ақпараттың болмауы

Өзіндік тәртіптің жоқтығы

Жоспарлай білмеу

Тосын шешімдер

Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1 топ – Мәтінмен жұмыс (постер қорғау)

2 топ -  Диалогпен жұмыс

3 топ- Сандар сөйлейді

І топ. Мәтінмен жұмыс 
Уақыт құңдылығының мәнін түсіну үшін Ә. Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді берілген. Бұл мәтін арқылы оқушыларды әрбір жас кезеңінде уақытты тиімді пайдалана алуға үйретіп, уақыттың өткінші құбылыс екендігін түсіндіру мақсаты көзделеді. 
Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек. 
Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. 
Казіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің үзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шүбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз түсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. 
“Уақытты мәнді өткізу” дегенді қалай түсінесіз? 
Мәтіндегі ойлармен келісесіз бе? 
Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз? 
2 топ -  Диалогпен жұмыс. Уақыт туралы диалог құрастырады.

3 топ- Сандар сөйлейді

Бір жылда 365 күн бар.

Бір жылда 12 ай бар.

Бір айда 4 апта бар.

Бір аптада 7 күн бар.

Бір тәулікте 24 сағат бар.

Бір сағатта 60 минут бар.

1 ғасырда 100 жыл бар

1 мүшелде 13 жас бар

Біз 10 класс оқимыз

Сергіту. «Уақыт» видеосын көрсету. Бізге берілетін уақыттың әрсекундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз. 
1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың. 
1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың 
1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың. 
1 сағаттың қадірін білгің келсе бір- бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың 
1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың 
1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың 
1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың. 


4-тапсырма. «Адасқан сөйлемдер». Шашылған сөйлемдерді дұрыс құрастыру керек.
1 топ 1) Адам үшін ең қымбат нәрсе-уақыт
2 топ 1)Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес
3 топ 1)Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биіктерге жетеді
Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара. 
Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту. 
Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат. 
Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді. 
Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа! 
Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.

ІҮ. Қорытынды. «Ыстық орындық» әдісі

«Уақыт алтыннан да қымбат» эссе жазғызу. Әр топтан 3 оқушы шығып, жазғандарын қорғайды.

5.Үйге тапсырма. «Уақыт» туралы мақалдар жазу.

6.Бағалау








































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Уақытты дұрыс жоспарлау

Автор: Қылышбаева Гүлзира Жолдыбайқызы

Дата: 11.02.2018

Номер свидетельства: 456608

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "cынып са?аты Уа?ытты тиімді пайдалан"
    ["seo_title"] => string(38) "cynyp-sag-aty-uak-ytty-tiimdi-paidalan"
    ["file_id"] => string(6) "292647"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455300858"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Та?ырыбы: "Уа?ытты жоспарлау""
    ["seo_title"] => string(65) "k-azak-tili-p-ninien-sabak-zhospary-tak-yryby-uak-ytty-zhosparlau"
    ["file_id"] => string(6) "295346"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455804384"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "«Жоспар! Бос уақыт! Мен!» ұланбасылар арасындағы жоспарлау тренингі"
    ["seo_title"] => string(64) "zhospar_bos_uakyt_men_ulanbasylar_arasyndagy_zhosparlau_treningi"
    ["file_id"] => string(6) "575061"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1615354917"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Уақыттың күші" қазақ тілінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(46) "uak_yttyn_kushi_k_azak_tilinien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "373696"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482785072"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Орта мерзімді жоспарлау. ?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(37) "orta-mierzimdi-zhosparlau-k-azak-tili"
    ["file_id"] => string(6) "269226"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450788368"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства