Просмотр содержимого документа
«Туған жерімнің табиғаты»
Пәні: Қазақ тілі Сабақ №87 Сыныптар: 6 Күні: 15.02.18
Модульдің тақырыбы: «Табиғатты қорғайық!»
Сабақтың тақырыбы: Туған жерімнің табиғаты
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізуге үйрету, сөздік қорларын молайту;
2. Дамытушылық: Балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру; 3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және қамқорлық жанашырлық сезімге баулу;
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
-Бүгін нешесі? -Аптаның қай күні? -Қазір қай сабақ? -Жылдың қай мезгілі? -Қыс айларын атаңдар? -Бүгін ауа-райы қандай?
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздерді сұрау;
Постерлерін тексеру.
III. Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту. Бейнеролик арқылы сабақ тақырыбын ашу.
https://www.youtube.com/watch?v=zYVYxzKE4gc
Жаңа сөздермен жұмыс :1. Тыңдау-қайталау; 2. Сөйлем құру
Туған жер – родная земля
Айнала – кругом
Жазықтар – равнины
Сарқырау - грохотать; производить шум
Қызғалдақ – тюльпан
Мамық – пушистый
ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге ат қой.
Менің туған жерім - Қазақстан. Туған жерімнің табиғаты өте тамаша! Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап таңғаласың.
Мен туған жерімнің гүлдеген көктемін, жасыл жазын, сары алтын күзін, ақ мамық қысын сүйемін. Сол себепті мен туған жердің табиғатын көркейтуге көмектесемін.
Тыңдалым. Бейнеролик көрсету.
https://www.youtube.com/watch?v=1rmw5d2G7c0
3-тапсырма. Бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап бер
4. Грамматикалық тапсырма. Сөздерге сөз түрлендіруші жұрнақтарды жалға. Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрап жаз.
Жасыл, таза, лас, көне, әдемі, қала, үй.
IV Сабақты бекіту Суретке байланысты өз ойыңды білдір, мақалдың мағынасын ашып көр:
Y.Қорыту. Сұрақтарға жауап бер:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
YІ. Үйге тапсырма.
YII. Бағалау. Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай бағалау.