Просмотр содержимого документа
«Тема урока: ?аза? ?алымдары 10 класс. »
Қазақ тілі сабағы
10 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ ғалымдары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсат: Қазақ халқының ғалымдарының еңбектерін зерттей отырып, ашып көрсету, оқушылардың білгенін толықтыру.
2.Дамытушылық мақсат: Сөйлеу мәнерін қалыптастыру,ой-өрісін дамыту ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсат: Ұлы ғалымдардың істерінен тәрбие ала отырып, құрметтуге, қадірлеуге, патриотизмге, тарихты ұмытпауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау,пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: М.М.Жанпейісованың модулдік оқыту технологиясын қолдану, топпен, жеке жұмыс, «Ең бастысы» («Негізін таңда» оқыта үйрету ойыны), сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, тіл дамыту, ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, ғалымдардың портреттері, кестелер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын (сұрау) тексеру.
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатпен
III. Ой қозғау. Уй «Бұл кім?» ойыны карточка таратамын. Мәтіндерде кім туралы айтылған?
1-карточка
Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш ғалым болды. Ол Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі еді. XX ғасырдың басындағы демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі екі рет жазықсыз жазаланды.
2-карточка
3- карточка
4-карточка
*Таратылған карточкалар арқылы оқушылар кім екенін тауып жауап береді.
Экранда слайдтар арқылы көрсетіледі, сабақтың аты слайдттан шығып отырады. 2м
Мұғалімнің сөзі
Бүгін өткен сабақтарда алған білімдерімізді пысықтаймыз, қайталаймыз.
«Қазақ ғалымдары», яғни халқымыздың әйгілі ғалымдарының өмірінен. Біз соның ішінде бесеуіне тоқталдық.
Слайдта тақырып және сөзі көрсетіледі.
Сабақтың эпиграфы: «Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді»
Мұғалімнің сөзі
Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?
*Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалімнің сөзі:
IV. Әр ғалымның өмірінен қысқаша мәлімет. (Портреттерін слайдпен көрсету) 8м
Оқушыларға өткен сабақтарда берілген қосымша тапсырмалар бойынша Әл-Фарабидің, А.Байтұрсыновтың, Ш.Уәлихановтың, Қ.Сәтбаевтың, Ә.Марғұланның, өмірлерінен, еңбектері туралы деректер, пікірлер.
Мұғалімнің сөзі
V.Ал енді балалар, осы білімдерімізді жүйелей отырып, бүгінгі сабағымызда тағы да мынандай тапсырмалар орындайық.
1.Тыңдап түсіну. Мәтінді тыңдаймыз. Алдын ала жазылып алынған мәтінді компьютерді қосып тыңдатқызамын. 2м
* тыңдап болған соң мәтінді таратамын.
Мәтін .....
2. Мәтінмен жұмыс.
«Ең бастысы» («Негізін таңда» оқыта үйрету ойыны арқылы жүзеге асырылады).
Ойынның барысы:
1.Қағаз бен қарындаш даярлаңыз.
2.Мәтінді жылдам, әрі мұқият, зейін қоя оқыңыз.
3. Тағы бір қарап өтіңіздер.
4. Мәтіннен негізгі ойды білдіретін «құпиясын», яғни онсыз мәтін мағынасыз болатын бір ерекшелігін табамыз.
Бәрін белгілейміз немесе жазамыз.
Оқушыларды екі топқа бөлемін.
Әр топ оқушылары мәтінді кезектесіп, мәнерлеп оқиды, бірегей, қызықты жауапты таңдайды.
(1 кезең –сөздер, 2 кезең-сөйлемдер, 3 кезең- «құпиясы»)
ең жақсы нұсқасын айтады. Жарыс қорытындысын шығарамыз, жүргізуші ең жақсы нұсқа ұсынған топ оқушылар атайды.
Мысалы:
Оқушылар өз абзацтары бойынша ең бастысын табады, мәтінге жоспар құрастыру.
Дәптермен жұмыс.
Грамматикалық жұмыс
IV. Әңгіме бойынша білімдерімізді бір жүйеге келтіріу үшін
«Қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойынын жүргіземіз. Төменгі сұрақтар бойынша жүзеге асырылады..
1. Мәтінді мәнерлеп және мұқият, жылдам бір оқып шығады.
2. Оқушылар кезегімен сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді.
3. Оқушылар кезегімен бір-біріне сұрақ қояды., бір оқушы оған қысқаша жауап береді.
Кім сұраққа жылдам, бірінші жауап берсе, сол жеңімпаз атанады.
Сұрақтар:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
V. Бекіту. Қазақ халқының ғалымдарымен таныстық, білімімізді бір жүйеге келтіру үшін «Блиц-турнир» ойынын жүргіземіз.