kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасын түсіну үшін тарихи деректерге тоқтала отыра, тыңдаушылардың таным-түсінігін, ой кеңістігін арттырып,елдің тарихын еске салу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты»

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасын түсіну үшін тарихи деректерге тоқтала отыра, тыңдаушылардың таным-түсінігін, ой кеңістігін арттырып,елдің тарихын еске салу.

Сабақтың түрі: Интерактивті

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, анализ-синтез.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,үнтаспа,слайд.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар. Биылғы жылы Қазақ елінің Тәуелсіздік алуына 25 жыл толу мерекесіне орай "Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты" атты ашық сабағымызды бастайық.

2. «Қазақстан Мәңгілік Ел» атты видео көрсетіледі.

ІІ..Қазақ жеріне поэтикалық сипат беру.

"Киелі неткен жер" атты слайдты көре отыра, қазақ жерін поэтикалық сипаттау. («Адай күйі жіберіледі.)

Тыңдаушы: Алтайдан Атырауға дейін құс қанаты талып, ат тұяғы мүжілетін керіле көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз кермиық кербез Дала – ұлан ғайыр байтақ, шетсіз-шексіз кең жазира... Жасаған-ау, бұл не деген ғажайып кеңістік!

Тыңдаушы:

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер! Мұқағали Мақатаев



Тыңдаушы:

Анадан асып туған ақиық, ардагер ата-бабамыз ғасырлар бойы тыным таппастан, кірпік қақпастан, "ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып", ата-жұртымыздың өз атамекенін өзінен қызғанған, ұлтымыздың туған жерге дарыған киелі қасиетін қасіретіне айналдырмақ боп жан-жақтан аранын аша анталаған қара-құрым қалың жауға қасқая тұрып, бастарын бәйгіге тігіп, тырнағымен жер бүріп,отбасынан басталған Отан-ордасының ойы-қыры мен сай-саласын қанымен жуып, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп сақтап қалып бізге жеткізген Ұлы даланы - барлық Әлем - Қазақстан деп таниды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан!

Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл!

ІІІ. Қайсар қазақ.

1) Қазақ халқына тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Дербес ел болуды, ешкімнің қоласты құлы болмауды ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап өтті.

«Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын,ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен Алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды.

"Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек Мемлекет болар" Әлихан Бөкейхан, "Қазақ" газеті № 235, 1917 жыл.

2) Қазақ жерінде Кеңес үкіметі нық орнаған кезде Кеңес елінің басшысы Н. С.Хрущев еліміздің солтүстігіндегі 5 облысты біріктіріп, тың өлке құрып, Ресейдің бір аймағына айналдырмақшы болғанына қарсы шыққан

қайсар қазақтың бірі – Жұмабек Ташенов болды.

Сөйтіп,Қазақстан басшылығы мен оның халқының пікірімен Н.С.Хрущев та санасуға мәжбүр болып алғашқы ойынан қайтады.

3)

Тыңдаушы: Тәуелсіздікке қол жеткізудің шешуші кезеңі "Желтоқсан" оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына биыл 3О жыл толып отыр.
Сол Алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын - 1986 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік үшін күресе білді.

Тыңдаушы: Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары елге еңбек етуде. «Уақыт – емші» деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Тыңдаушы:

Қаһарлы желтоқсанның ызғарында

Мұз қатқан Алатаудың құздарында

Зорлыққа шыдай алмай болды қарсы

Қазақтың ұлдары мен қыздары да.

Бейнеролик Әлия Әбілқайырдың әні: «Қайсар қазақ».



Оқытушы:

Тәуелсіздік жолында қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік. Отырыңыздар, рахмет.

4) Азаттық жыры – Ұрпақ жалғастығында

Слайд. (М.Жұмабаевтың, Ж.Молдағалиевтің, Қ.Сариннің портреттері.)
Оқытушы: Анадан батыр да, ақын да туады демекші, қазақ анасынан елін жаудан қорғайтын батыры да, Азаттықты жырлайтын, өмірді сүюге шақыратын ақ иық ақындары да туған . Батыр бабаларымыздың арқасында ұлан байтақ жер қалса, ақын-жыршыларымыздан қасиетті сөз қалды. Ұрпақ жалғастығы ретінде үш кезеңде өмір сүрген сөз зергерлерін алсақ олар: ХХ ғ. басында «Тәуелсіздікті» армандап, «Мен жастарға сенемін» деп кеткен М.Жұмабаев, сол Алаш арыстарының арманы орындалғанына куәгер болған, бүкіл әлемге «Мен Қазақпын» деп жар салған Ж. Молдағалиев және тәуелсіздіктің төріндегі ерке ақындарымыздың бірі Қ.Сариннің «Еркіндік», «Тәуелсіздік» жайлы азаматтық ой толғауларына тоқталайық:

М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқыңыз.

Тыңдаушы:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қайратты.

Мен жастарға сенемін!

Тыңдаушы:

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!



Тыңдаушы:

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан

Мен жастарға сенемін!



Тыңдаушы:

Жұмсақ мінез жібектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер –

Мен жастарға сенемін!



Тыңдаушы:

Тау суындай гүрілдер,

Айбынды алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін!



Тыңдаушы:

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!..

Тыңдаушы:

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Тыңдаушы:

Мен сенемін жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!



Оқытушы:

Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңінен үзінді оқыңыз.

Тыңдаушы:

Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым, мұң тілімен

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.



«Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –

Айта бергім келеді, айта бергім!»



Оқытушы: Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» тақырыбына жазылған өлеңін мәнерлеп оқыңыз.

Еркіндігім,

Қасиеттім,

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!



Тыңдаушы:

Уа, Еркіндік,

Қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйімде өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

... Саған жету қиын болса қаншалық ,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!



Тыңдаушы:

Алла берген азаттықтың әр сәті –

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!



Тыңдаушы:

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?



Тыңдаушы:

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшенді,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын –

Құдай берген ғұмырымды өлшеулі!





5) Оқытушы: 2016 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді.

Құрметті тыңдаушылар! 25 жылда елдегі болған өзгерістер мен жетістіктерді Слайдта құрылған тапсырмаларға жауап беріңіздер.

Слайд. Бағындырған белестер, жеткен жетістіктер:





Оқытушы:

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.



  • Қазақстан көк байрағының, елтаңбасының, әнұранының автоларын атаңыздар.

  • Жауабы:Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы - белгілі суретші Шәкен Айманов.

  • Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары - белгілі суретшілер Жандарбек Мәлібек пен Шот-Аман Уәлиханов.

  • 2006 жылы жаңа Гимн қабылданды.

  • Жаңа Гимнің негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән- "Менің Қазақстаным болды.Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақсиан Гимнінің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор - еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті неше елдің қатарына енді?

  • Жауабы: Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.

  • Елорда Ақмола қаласына қай жылы көшірілді?

  • Жауабы: 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді.

  • Ақмола қаласы қай жылы «Астана» деген атқа ие болды?

  • 1998 жылы Ақмола қаласына«Астана» деген ат берілді.

  • Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа қашан енгізілді?

  • Жауабы: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның валютасы – теңге айналысқа енгізілді.

  • Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қанша жазғы Олимпиадаларға қатысты? Спортшыларымыз қанша медаль алды? Солардың ішінде неше алтын, неше күміс, неше қола медальдарға ие болды?

  • Жауабы: Қазақстан тәуелсіздіктен кейін 6 жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, 67 медаль, оның ішінде 19 алтын, 22 күміс және 28 қола жүлдеге ие болды.

  • Қазақстанның ЕҚЫҰ қатысы туралы айтыңыздар.

  • Жауабы:Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы болды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті.

  • БҰҰ на Қазақстан қай жылы мүше болып қабылданды?

  • Жауабы: 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

  • БҰҰ да Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қай тілде сөйледі?

  • 29. 09. 2015. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасады.

  • «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қай жылы халыққа таныстырылды?

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы

  • 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы

  • «Мәңгілік Ел» идеясы қашан айтылды?

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

  • Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

  • Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

  • Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

  • Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

  • Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

  • Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

  • Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Оқытушы:" Мәңгілік Ел" идеясының түп-тамыры қайда жатқандығын мына Видеодан көрелік.

Академик Мырзатай Жолдасбековтың сөзі.







Бұрынғы Түркі қағанаты дәуірінен бергі ата-бабаларымыздың арманы мәңгілік ел орнату еді. Бүгінде Елбасымыздың сол тарихты жаңғыртып, оны іс жүзіне асырып отыр, деді академик Мырзатай Жолдасбеков.

«Осыдан 13ОО жыл бұрын, алтыншы ғасырда кейін Дешті Қыпшақ аталған байтақ далада Түркі қағанаты дейтін мемлекет құрылды. Оның орталығы біздің Қазақстандағы Шу бойынан орын тепті. Елдің негізін қалаушы біздің Бумын қаған мен Естеміс қаған үлкен реформаторлар еді. Одан кейін екінші түрік қағанатын құрған Елтеріс хан мен ұлы Күлтегін де, одан қалды кемеңгер бабамыз Тоныкөктің де мәңгілік ел орнатуды мақсат еткені белгілі. Бұл тарихи дерек бүгінде осы күнге дейін тасқа қашалып жеткен. Елбасы осы ұлттық идеяны қайта тірілтіп отыр. Бұл Президентіміздің тарихты қайта жаңғыртуы,» - дейді академик.

Оның айтуынша, Мәңгілік ел орнату үшін бүгінгі ұрпақ ең алдымен осы ұлы далада бүгінгі таңда салтанат құрған Тәуелсіз Қазақстанды мекен еткен халықтың нәсіліне, дініне, ұлтына қарамай тең көруі керек.

«Ынтымақты сақтау керек. Екіншіден көршілермен тату болып, олармен дұрыс қатынас құруы керек» - деді ол.





2015 жылдың 30 қарашасында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында :

Қымбатты қазақстандықтар!

Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

Алға, Қазақстан!



Видео. Ән"Алға, Қазақстан!"

Бүгінгі «Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты» атты әдеби кешімізді аяқтаймыз. Жаса Қазақстан, Алға Қазақстан!!! «Жаса! Қазақстан» әнімен аяқтайық. (Салют!!!)

ЖАСА! ҚАЗАҚСТАН!

Ержан Серікбаев
Асқар Жүнісбеков

Жаса! Қазақстан!
Жаса, менің қазағым
Артта қалды қиындық пен азабың
Жаса! Қазақстан!
Жаса, менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың
Жаса! Қазақстан!
Алаш жұртым ардағым
Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым
Жаса! Қазақстан!
Ата мекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың

Жақын көңіл жайсаң ел қазағым
Өз ұраның айтылсын, өз әнің
Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін!
Батыр ұлдар ел көшін бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жас бала
Ашық аспан астында мәртебең
Артсын басқадан





(Қайырмасы)

Даламызға мұрагер халқымыз
Даламызда мақтаныш даңқымыз
Ұмытылмай ұрпаққа ұлассын
Дәстүр салтымыз
Ару қыздар аяулым, ақ гүлім
Шаңырақтың шырағын жақ бүгін
Думандатып тойласын әрқашан
Елім, шаттығын

(Қайырмасы)



Алға Қазақстан! Жаса Қазақстан!



Сау болыңыздар!

Назарларыңызға Рахмет!

От шашу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты

Автор: Мұқышева Теңдік Қайрбекқызы

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368697

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?уелсіздік – а?са?ан арман, ?ол жеткен м?рат "
    ["seo_title"] => string(50) "t-uielsizdik-an-sag-an-arman-k-ol-zhietkien-mu-rat"
    ["file_id"] => string(6) "180991"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425290161"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Ел тәуелсіздігіне 25 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel_t_uielsizdighinie_25_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "375861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483689368"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Сынып сағаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» 5 қазақ коррекциялық сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "synyp_sag_aty_k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_5_k_azak_ko"
    ["file_id"] => string(6) "384657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485542140"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) ""Т?уелсіздік тол?аулары" курсыны? о?у ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(52) "t-uielsizdik-tolg-aulary-kursynyn-ok-u-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "235548"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443727960"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(27) "atazanymtuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "291257"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455098915"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства