kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздігімізге - 25 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды Отанын сүйюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып,туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін,жерін,тілін,тарихын құрметтейтін жаны таза,адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып,патриоттық тәрбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздігімізге - 25 жыл»

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздігімізге – 25 жыл»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанын сүйюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып,туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін,жерін,тілін,тарихын құрметтейтін жаны таза,адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып,патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: ҚРрәміздері,суреттер,шарлар,қанатты сөздер,»Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік шежіресі».

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

  3. «Тәуелсіздік шежіресі»

Мұғалім:- Қай халық,қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен,тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Тәуелсіздігіме – 25 жыл» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын,ағайын! Егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл болыпты. Осы уақыттың ішінде елімізді танытып,еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен жолдарымызға қарасақ,әр жылдың өз шежіресі,сыры,тарихы,қасиеті бар.

Арайлым: Азаттық . Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді,кімдер құрбан болмады.

Аяулым: Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді,қаншама адам құрбан болды.

Болат: Абылай заманы-батырлар заманы. Найзаның ұшымен,қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

Аяулым: Ақтаңдық жылдарындағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Сабина: Намысқой,ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасты.

Арайлым: 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің көзі болды.

Аяулым: Бұл теңдік үшін,елдік үшін бас көтерген,жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының,көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

Бұл күн – халқымыздың қуанып,болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

Мұғалім: - Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген,қазына байлығын пайдалана білген,ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген,экономикасы,мәдениеті өркенднген азиялық айбынды мемлекетке айналды. «Болашақ барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап,әлем кеістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды.

  • Тәуелсіз ел- қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)

  • Сонымен,тәуелсіз ел- өз нышандары,жері дәстүрі,әдет-ғұрпы,тарихы,мәдениеті,өз ел басқарушысы бар еркін ел.

Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан,белгілерін – рәміздерін жақсы білуі қажет.

(Үш оқушы рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)

  • Балалар,біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай,оларды қастерлеуіміз керек. бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе,олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?

  • Көп ұлтты.

  • Ия, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

Болат: Еліміздің барлық жерінде қазақтардан басқа орыстар,ұйғырлар,өзбектер,корейлер,татарлар,украиндар,шешендер,дұнғандар, және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етуде.

Аяулым: Бұл халықтар түріне,нәсіліне қарамастан теңдей білім алып,Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп,беделін үстем етіп келеді емес пе.

  • Еліміздегі барлық халықтар Ата заңымыз – Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз – ереже. Ережені бұлжытпай орындау керек.

  • Ата Заңымызда әркімнің білім алуына,денсаулығын сақтауға,тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонымен қатар ,Отанды қорғау,мемлекеттік нышандарды құрметтеу,тарихи-мәдени ескерткіш- мұраларды қорғау,табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Осыны естен шығармау.

  • Отан деген не ?

-Ия, балалар,біздің туған жеріміз алтын бесігіміз – Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де,шегі де жоқ.

Отан деген не,кім қалай түсінеді?

Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға,түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Арайлым: Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері,туған-туыстарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекен. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамның Отаны – Қазақстан Тәуелсіз Республикасы. Еліміздің ертеңі,болашағы – біздің қолымызда. Сондықтан білімді,тәрбиелі,іскер,талапты бола отырып,еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.

Болат: Мен өзімнің Қазақстандай елде туып,осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін. Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып,Отаныма адал қызмет етіп,елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.

Ән: «Туған ел» Мақсұтқанова Аяулым,Жоламанова Арайлым.

Руфия: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер,атамекен,

Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.

Аяулым: Отан жерім,Отан суым,

Отан-қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата-анамды,

Мені өсірген елімді.

Сабина: Отан деген – атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан –ана,Отан – пана,

Қазақстан – туған ел.

Би: Қазақша би. ( қыздардың орындауында)

Аяулым: Ата,әжем,әкем,анам-

Төртеуі де « Отан» маған

Төртеуі де «Ботам» дейді

«Ер азамат атан !» дейді

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма «Ботамын» мен.

Болат: Тәуелсіздік – бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Бұл тәуелсіздік жолында қанша ғасырды бастан кешірдік. Туған жерімізде еркіндік орнату үшін бар жанымызды салып,болашаққа үлкен үмітпен қарадық.

Ән: «Желтоқсан» хор.

Көрініс : Қайрат Рысқұлбеков туралы.

Рөлдерде: Сот,тергеуші,милиция,хатшы,қорғаушы,Қайрат.

Руфия: Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Көрініс:Сабира Мұхамеджанқызы туралы.

Рөлдерде: Ұстаз,Сабираның анасы,Сабира.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз» Мақсұтқанова Аяулым.

Қортынды: - Міне ,балалар,бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді,яғни,нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Жолдарың ашық,жарқын болсын,Тәуелсіз елдің азаматтары!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздігімізге - 25 жыл

Автор: Бекбулатова Шынар Жанбаевна

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 380740

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Ел тәуелсіздігіне 25 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel_t_uielsizdighinie_25_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "375861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483689368"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Сынып сағаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» 5 қазақ коррекциялық сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "synyp_sag_aty_k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_5_k_azak_ko"
    ["file_id"] => string(6) "384657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485542140"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ел т?уелсіздігіне 24 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel-t-uielsizdighinie-24-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "266521"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450181605"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл."
    ["seo_title"] => string(56) "k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_2"
    ["file_id"] => string(6) "416725"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495122873"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«Т?уелсіздік бастауы»"
    ["seo_title"] => string(18) "tuielsizdikbastauy"
    ["file_id"] => string(6) "273353"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452188011"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства