kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан  – ғасырлар арманы!

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі, ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтары мен  ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету. Желтоқсан  құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.  Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге және туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: ақпараттық-танымдық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:  бейнебаян,слайд, қобдиша,жалаулар,гүлдер, шарлар

Сабақтың барысы:

-Ұйымдастыру кезеңі:

                                                 «Қасиетті қазақ жері ата-бабаларымыздың

даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер».

                                                                                              Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқытушы:

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздік алғанына  25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіз Қазақстанғасырлар арманы!» атты, тәуелсіздік  күніне  арналған ашық  сабағымызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.       

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.

1.Бейнебаян. «Желтоқсан  көтерілісі» ( 7 мин.)

Ойларыңызды ортаға салыңыздар. 

Оқытушы:Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

2-тапсырма. Қобдишадағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.1723-1725 жылдары қандай тарихи оқиға болды?

1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

 2. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс қай жылдары болды?

1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

3.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қалай аталады?

 1837-1847 жылдар  Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

 4. Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай  жылы болды?

1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

 5.Ашаршылық жылдары қай жылдарды қамтиды?

1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

 6. 1936-1938 жылдары қандай кезең  болды?

1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

 7. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

 8. Желтоқсан оқиғасы қашан болды?

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

Оқытушы:

 Қазақ халқының ғасырлар бойы талпынып, аңсап келген асыл арманы – еркіндік, бостандық, егемендік, тәуелсіздік тері төгілмей, қан шашылмай,  өзінен өзі келе қалған жоқ.

3-тапсырма.Оқылым

1-тыңдаушы: Ежелден ата – бабалар аңсаған арманы 1986 жылы дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген оқиға болды. 1986 жылы желтоқсан айының 16 күні таңертең Қазақстанның астанасы Алматыда жаппай толқу басталды. Қазақ студенттерінің бұл көтерілісіне кеседегі суды тасытқан соңғы тамшы ретінде Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың қызметінен босатылып, оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы себеп болған еді.

2-тыңдаушы: Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген  ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

3-тыңдаушы: 16 желтоқсанда таңертеңгілік уақыт 7-8 аралығында Брежнев атындағы алаңға студенттердің алғашқы тобы шоғырлана бастады.Түске таман демонстранттар саны 5 мыңға жетті «Ұлт саясатының Лениннің принциптерін сыйлауды талап етеміз», «Әр республикаға өзінің басшысы», «Қазақстан жасасын» деген сияқты орыс - қазақ жазбаларын жайып ұстап, қыздар мен жігіттер өткінші жұрттың назарын өздеріне аударды.

4-тыңдаушы: Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  Мұхамеджанова тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды. Желтоқсанға қатысқан көптеген жастарымыз жазалаудың құрбаны болды. Олар бүгінгі күні біздің мақтанышымызға айналып отыр.

Оқытушы:

Бейнебаян. Әбиірбек және Майра- «Желтоқсан желі » (5 мин.)

4-тапсырма. Желтоқсан оқиғасының құрбандары жайында

мәлімет алыңыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы!»

5-тыңдаушы:

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтің ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу,Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

6-тыңдаушы:

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы  Панфилов ауданы Ақжазық ауылында.—25.12.86, Алматы)— Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Асановаға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды.

7-тыңдаушы:1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді .

8-тыңдаушы:

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970 ж. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылы – 26.12.1986 ж. Өскемен қаласы) 

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.

1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде  орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды.

Cыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы - 23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.

1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды. 
5-тапсырма. Қайрат Рысқұлбековтің ата-анасына жазған «Соңғы хаты»

9-тыңдаушы:

Желтоқсан оқиғасының құрбандарының бірі- Қайрат Рысқұлбековтің

 ата-анасына жазған «Соңғы хаты» мен сот залында айтқан әйгілі «Ақтық сөзі» һәм  өсиет-аманаты  кім-кімді де терең толғанысқа, тебіреніске қалдырары сөзсіз.

«…Иә, мен сiздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшiлiкпен бiрге. Барғанда да Қонаевтың күйiн күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебiм, бар мақсатым, бiрiншiден, ол жерде не болып, не iстеп, не қойып жатқанын өз көзiммен көру болды. Екiншiден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтiрiп жатыр дегендi елден естiген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, бүл бол» деп отыруға еркектiк ар-намысым еш жетпедi. Ер қатарында ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспiн, құдайға шүкiршiлiк, менiң де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.

Оның үстiне «қыздың жолы жiңiшке» деген.

10-тыңдаушы:

Менiң түсiнiгiмше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың еркегi де ұрғашысына мүйiз, я болмаса тұяғын көтермейдi. Ал, бiз бәрiмiз де аң емес, адамзаттың ұлы — адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтерiп, қол жұмсауға тиiс емес, әуелi еш құқығы жоқ. Мiне, қысқаша айтқанда, осындай түсiнiкпен, әйел затына ер болып өз қолұшымды берiп, көмектесуге, оларды арашалап-қорғау үшiн барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше бiр көмегiмдi бергенiм де рас. Ол үшiн әлi күнге дейiн еш өкiнбеймiн, керiсiнше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бiрақ та, бiр Құдай өзi куә, адам баласын еш өлтiргенiм жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзi, сормаңдай менiң қолымнан келмейдi. Еш уақытта, ешқашан да…

Ал, әйел затына айуандықпен қол көтерiп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегенi үшiн бiр милицияны ұрып-соққаным өте рас. Ол адам күнi бүгiнге дейiн аман-есен зыр жүгiрiп жүр. Өз қолыммен жасаған бар терiс қылық, бар қылмысым осы ғана».

Оқытушы:

6-тапсырма.Назарларыңызға Қайрат Рысқұлбековтің "Ақтық сөз" атты өлеңін ұсынамыз:

Ақтық сөз

1-тыңдаушы:

Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып,
«Ақ сауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр!»
2-тыңдаушы:

Ұлы Ленин бабамыз
Қатарға тең деп тартқан соң,
Компартия басқарып,
Достық отын жаққан соң,
Аға дедік орысты,
Әділдігі жаққан соң.
3-тыңдаушы:

Ал енді қазір неткен күн,
Орыстан ынсап кеткен күн.
Тізесі қатты батқан соң,
Шыдамастан ақыры,
Қарғыс атқан Алаңда
Қарғыс атқыр жеткен күн.
4-тыңдаушы:

Қаймана қазақ қамы үшін
Қарусыз шықтық Алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейтін
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой
Басты себеп жанжалға.
5-тыңдаушы:

Екі жүзің қырылып,
Екі жүзің ұрылып,
Екі жүзің сотталып,
Жоқтаусыз кетіп барасың!
Қатарым жусап қалғанда,
Қыршынымнан қиылып,
Солармен бірге өлсемші-ай!
Артта қалған ата-анам,
Арулап қолдан көмсеңші-ай!
6-тыңдаушы:

Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма.
Бара қалсаң, сәлем айт,
Сырттағы құрбы-досыма.

«Ақтық сөзің не?» деген
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма:
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
7-тыңдаушы:

Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Ел көркейтер азамат
Қызғаныштан тозбасын.
8-тыңдаушы:

Абай туған жерінде
Бомбасын атом жармасын.
Құлыптасты қиратып,
Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын.
Үміт еткен Мәскеуден
Қарадай көңілің қалмасын.

9-тыңдаушы:

Ленин салған сара жол.
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан
Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз
Туың болсын әрдайым.
Мойныма алып жаланы,
Мен болайын құрбаның.

10-тыңдаушы:

Бас-аяғы сол болсын
Басыңа түскен қатердің.
Ақтық сөзді енді мен
Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
11-тыңдаушы:

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген, қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
12-тыңдаушы:

Қош, аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!

7-тапсырма.Оқылым

1-тыңдаушы:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1996 жылы

9 желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

*Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Оқытушы:

8-тапсырма.Бейнебаян. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (5 мин.)

Бейнебаяннан көрген, ойға түйгендеріңізді ортаға салыңыздар.

Сабақты қорытындылау:

Оқытушы: 1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Мұз жастанып азаттықтын жолында, 
Тәуелсіздік туы тұрды қолында. 
Сойыл таяқ ойнаса да жанында. 
Отан үшін жанын қиды ұлдарың, 
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, 
Күйініштен ауырады жүрегім, 
Естігенде желтоқсанның ызғарын. 
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, 
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, 
Егемендік тиді бүгін еншіме, 
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке. 

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.  Сол желтоқсан  оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық. Енді көк байрағымыз желбіреп, бейбіт өмір сүріп жатырмыз.

Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Сау болыңыздар!

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы!

Автор: Қоқышева Ләззат Қабділмәжитқызы

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368572

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "«?ркенде, ?рлей бер Т?уелсіз ?аза?стан»"
    ["seo_title"] => string(36) "orkiendieorlieibiertuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "330468"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464266975"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Жасай бер,Т?уелсіз ?аза?стан!»"
    ["seo_title"] => string(27) "zhasaibiertuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "290458"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454953428"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тәуелсіз Қазақстанға – 25 жылІ"."
    ["seo_title"] => string(62) "t_rbiie_sag_atynyn_tak_yryby_t_uielsiz_k_azak_stang_a_25_zhyli"
    ["file_id"] => string(6) "366818"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1481100223"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Т?уелсіз ?аза?станны? білімді жастары» "
    ["seo_title"] => string(41) "t-uielsiz-k-azak-stannyn-bilimdi-zhastary"
    ["file_id"] => string(6) "147968"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419530555"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Сынып сағаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» 5 қазақ коррекциялық сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "synyp_sag_aty_k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_5_k_azak_ko"
    ["file_id"] => string(6) "384657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485542140"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства