1. Мақалды толықтырыңыз. Өнер алды - ... тіл. А) Ақ. В) Қызыл. С) Жасыл. Д) Көк. Е) Қара. 2. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз. А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы. В) Тіл қылыштан өткір. С) Әке-балаға сыншы. Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді. Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. 3. Отан тақырыбындағы мақалды табыңыз. А) Тәрбие басы - тіл. В) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. С) Ғылым - теңіз. Д) Еңбек түбі – зейнет. Е) Кітап – тілсіз мұғалім. 4. Достық туралы мақалды табыңыз. А) «Көп қорқытады» В) «Өнер алды-қызыл тіл» С) «Жаман жолдастан таяғым артық» Д) «Білім кілті-тіл» Е) «Сөздің көркі-мақал» 5. Туған жер - Отан туралы мақалды табыңыз. А) Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды. В) Жаман айтпай, жақсы жоқ. С) Өнер алды-қызыл тіл. Д) Сөз сүйектен өтеді. Е) Ештен кеш жақсы. 6. Мақалды толықтырыңыз. Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер. А) Басың В) Жолың С) Жүрегің Д) Гүлің Е) Кітап 7. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз. А) Қара жұмыс. В) Ескі үй. С) Күзгі орман. Д) Қалың кітап. Е) Сары бояу. 8.Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Үлкен мектеп В) Көрші ауыл С) Қызыл тіл Д) Жаңа қала Е) Жазғы кеш 9. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлемді табыңыз. А) Туды жоғары ұстау. В) Атасы баласын иіскеді. С) Ұлттық намысты жоғары ұстайық. Д) Адамгершілік туралы айту. Е) Әдеби кітаптарды оқу. 10. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз. А) Қабағын түйді В) Ақ жүрек С) Алтын ғасыр Д) Жарқын жүзді Е) Қызыл алма 11. Қара деген сөздің тура мағынасында қолданылған жерін көрсетіңіз. А) Қара қарындаш. В) Қара дауыл. С) Қара ниет. Д) Қара жүрек. Е) Қара тер. 12. Сөйлемді толықтырыңыз: Алматы ... жылдан астана болды. А) 1931. В) 1929. С) 1927. Д) 1930. Е) 1928. 13.Мемлекеттік тудағы көк түс ненің белгісі екенін белгілеңіз. А) Қуаныштың, бейбітшіліктің. В) Адалдықтың, тазалықтың. С) Жамандықтың, бейбітшіліктің. Д) Қуаныштың, жеңістің. Е) Еркіндіктің, бақыттың. 14. Ертеде қазақтар киіз үйдің ортасына қандай темір ошақ қойғанын белгілеңіз. А) Үш сирақты. В) Бес қанатты. С) Үш қанатты. Д) Алты сирақты. Е) Төрт сирақты. 15. Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілеңіз. А) Есіл. В) Қаратал. С) Тобыл. Д) Ертіс. В) Обаған. 16. Көктемгі мерекелерді табыңыз. А) Республика күні В) Жеңіс күні, Республика күні С) Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл Д) Конституция күні, Жеңіс күні Е) Жеңіс күні, Халықаралық әйелдер күні 17. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауын белгілеңіз. А) «Экология» В) «Жас-Алаш» С) «Жер Ана» Д) «Жасыл ел» Е) «Невада-Семей» 18. Киіз үй неден тұратынын белгілеңіз. А) Кірпіштен В) Балшықтан С) Қағаздан Д) Шүберектен Е) Киізден 19. Оқу жылы қай айда басталатынын белгілеңіз. А) Маусымда В) Қаңтарда С) Наурызда Д) Қыркүйекте Е) Қазанда 20. Тілдер мерекесі қай айда өтетінін анықтаңыз. А) Қыркүйек. В) Маусым. С) Қараша. Д) Қазан. Е) Мамыр. 21. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін көрсетіңіз. А) Алтыбақан, асық ойнау, тоғызқұмалақ . В) Бәйге, тұсаукесер. С) Арқан тарту, дойбы, шахмат. Д) Қыз қуу, шахмат, жүгіру. Е) Аңшылық , көкпар. |