Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,Ембі қаласы № 3 орта мектептіің
өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сейлханова Гулшат Серікбайқызы
Сынып: 7
Тақырып: Тамырын жайып тереңге
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Ынтымақтастық, сыйластық, мейірімділік, татулық
Мұғалім: Сейлханова Гулшат Серікбайқызы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасылық өмірдің маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін шешу.
Міндеттері:
- отбасындағы ынтымақтастық пен сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу, сенімділік, татулық қасиеттері туралы түсінік беру;
- оқушылардың бойында ынтымақтастық, сыйластық дағдыларын дамыту;
- отбасының ынтымақтастығын нығайтуға, сүйіспеншілікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
Интербелсенді тақта, оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. 5Т-ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Баяу музыка қойылады
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықта П.Джон «Боз орамал» әңгімесі
Мәтін бойынша сұрақтар:
- Не себептен тақырып «Боз орамал» атанды?
- Жасөспірімнің ата –анасынан қол үзіп кетуінің себебі неде?
- Жігіттің түскен ортасы қандай болды?
- Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
- Ата–ана мен баланың арасындағы сағынышты қалай байқауға болады?
- Жігіттің отбасына деген сезімінен не байқалады?
- Сенің өміріңде отбасыңның алатын орны қандай?
3.Дәйексөз
«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый» М. Әуезов
Дәйексөзді ұлдарға 1 рет, қыздарға 1 рет оқытып, мағынасын ашу. Оқушыларға дәйексөзді дәптерге жазғызу.
4.Әңгімелеу Ақылды ана туралы өсиет әңгіме
Сұрақтар:
- Жас Ана өз балаларын неге үйретті?
2.Неге Періште «соңы басына қарағанда жақсы болады» деді? Онда қандай мән жатыр?
3.Балалар қиындыққа қалай төтеп береді?
4.Ер жеткен балаларының бойынан нені байқадыңыз?
5. Қарт анаға балалары өз ризашылықтарын қалай білдірді?
6.Сендер ананың бойынан қандай қасиеттерде көрдіңдер? Айтып берші.
7.Сендер аналарыңды қандай бейнеге ұқсатасыңдар? Ананың бейнесін сипаттаңыздар.
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар түсті дөңгелектер бойынша үш топқа бөлінеді.
1-топ: «Отбасы» деген сөзге сөзжұмбақ құрастыру.
2-топ: Адамның жақсы қасиеттері туралы 7 мақал-мәтел жазу.
3-топ: «Мейірімді бала» тақырыбында отбасындағы сыйластықты көрсететін, бір-біріне деген риясыз сүйіспеншілікті жағдаятты сахналау.
6. Топпен ән айту
«Анаға сәлем» Сөзі. О.Иманғалиев
Әні. Е. Хасанғалиев
7.Үй тапсырмасы. Оқып келу.
1. Оқулықтан Р.Акдемір «Ана махаббаты» әңгімесін оқып, түсінік айту.
8.Соңғы тыныштық сәті.
Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды.Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Сау болыңыздар!