kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Бабалар сөзі - даналық көзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды даналыққа, ақылдылыққа жетелеу. Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Бабалар сөзі - даналық көзі»

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_№10 Мерзiм: 7.10.2016 жыл № 6сабақ

Тақырып: Бабалар сөзі-даналық көзі

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Сынып: 3 «А»

Сабақ мақсаты: Оқушыларды даналықа, ақылдылыққа жетелеу арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • балаларғаданалық, адалдық туралы ұғымдарын түсіндіру;

  • ойлау іскерліктерін дамыту;

  • сүйіспеншілік, мейірімділік, достыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Тыныштық сәтi. Орманға ойша серуен.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген өз қиялдарымен, өз армандары туралы эссе жазып келулерін тексеру.

  • Өз қиялдарыңнан пайда болған армандарың қандай?

  • Армандарың шындыққа айналады деп ойлайсыңба? Неліктен?

  • Арманымыз орындалу үшін не істеу қажет?


Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

Ата-бабалар сөзінен нені үйренуге болатынын ұғындыру мақсатында дәйексөзді түсіндіремін.

«Адамзаттың сан ғасырлық жинақтаған білімі мен тәжірибесі даналық» деп аталады.

Балалар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.


5. Әңгiмелеу (мұғалім сыйы)

Алпыстан асқанан ақыл сұра

Ертегі

Ерте, ерте, ертеде бір қатал патша болыпты. Олардан келетін ешқандай пайда жоқ деп, қарттарды ұнатпапты және «Кім де кімнің жасы алпыстан асса, оны балалары теңізге не таудың шатқалына апарып тастасын» деген жарлық шығарады.

Сол патшалықта өмір сүрген бір мейірімді бала әкесін өте жақсы көреді екен. Жасы алпыстан асып, жетпіске жетсе де, әкесін ешкімге көрсетпей жасырын ұстап, асырай береді. Күнде кешке даладан келгенде не болып жатқанын әкесіне айтып отырады екен. Бір күні қарт даладан күңіреген дауысты естіп, баласы келгенде оның мәнісін сұрайды.

  • Балам, жұрт неге күңіреніп кетті?

  • Әке, патша аң аулап жүріп, теңіздің жағасына барғанда, оның түбінен жарқыраған бір гауһар тасты көреді де, соны алып бер деп, уәзірлеріне бұйырады. Теңізге сүңгіп тасты таба алмағандардың басын ала береді.

Тіпті, ел ішіндегі талай жігітті жұмсап, олардың бәрі суға кетіп өлді. Сондықтан патшаның қатігездігін естіген ел күңіреніп кетті,-дейді баласы.

  • Балам, теңіз жағасында үлкен ағаш жоқ па екен? –деп қайталап сұрайды қарт

  • Иә, патша гауһар тасты көретін тұста теңізге төне тұрған үлкен бәйтерек бар, - дейді баласы.

  • Теректің басында құстың ұясы жоқ па екен? – деп қарт тағы да сұрайды.

  • Иә, бір қыран құстың ұясын көргенмін, - дейді бала.

  • Балам, тыңда, - дейді қарт сеніммен. – Асыл тас теңіздің түбінде емес, ұяның ішінде жатыр. Теңіздің түбіне оның сәулесі ғана түсіп тұр.

Келесі күні теңіздің жағасы тағы да у-шу, асыл тасты ешкім таба алмай жатады. Сол кезде бала патшаға жақындап барып:

  • Мәртебелі патша, гауһар тасты теңіз түбінен іздемей-ақ қойыңыз, ол ана бәйтерек басындағы ұяның ішінде жатыр, -дейді.

Бір уәзір сол заматта-ақ терекке өрмелеп шығып, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай гауһарды алып түседі. Патша қайран қалады.

  • Сендер ақылдымыз, білімдіміз деп бөсесіңдер. Шынында мына баладан ақымақ екенсіңдер, - деп уәзірлеріне ұрысады да, балаға қарап:

  • Бұл жайында саған кім айтты? – деп сұрайды.

  • Оны өзім ойлап білдім, - дейді бала.

Бұл жайға ыза болған уәзірлері қайтсе де баланы сүріндіріп, оның көзін жоюды қарастырады. Патшаға келіп мынадай кеңес береді:

  • Бала көп білемін деп, босқа мақтанады. Егер шын білгіш болса, сіз түр-түсі бірдей екі тай таңдаңыз да, оларды балаға алыстан көрсетіңіз. Қайсысының жасы үлкен қайсысы жас екенін бірден ажыратып берсе, сыйлығын алар. Ал таба алмаса, жазасын тартатын болсын.

Патша баланы шақырып алып:

  • Сен ертең таң азаңда осында келесің. Мен саған екі тай көрсетемін.

Сен олардың қайсысы жас, қайсысы үлкен екенін табатын боласың. Таппасаң, басыңды аламын,-дейді.

Бала үйіне мұңайып оралады.

  • Балам неге мұңлысың? – деп сұрайды әкесі. Баласы болған жайды баяндайды.

  • Балам, мұңайма, - дейді қарт.

  • Ол жұмбақтың шешуі қиын емес. Ертең саған тайларды көрсеткен кезде, сен олардың жүрістеріне мұқият қара. Жас тай жай жүре алмайды, әр қадамын ойнақшып басады. Жасы үлкендеуі сабырлы келеді. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.

Ертесіне бала патша сарайына келгенде уәзірлері екі тайды алып шығып, оларды балаға алыстан көрсетеді. Әкесі айтқандай, бір тай билей басып, екіншісі сабырмен келе жатады.

Бала олардың жас айырмашылығын патшаға дәл айтып береді.

Баланың тапқырлығына өшіккен уәзірлері тағы бір сұмдықты ойлап, патшаға былай дейді.

  • Мәртебелі патшамыз, бір талды кестіріп, оны ортасынан қақ бөліп, бірдей етіп аршытып, оны балаға көрсетіңіз. Сол кезде бала оның қайсысы жоғары жағынан, қайсысы төменгі жағынан кесілгенін табатын болсын. Таппаса, жазасын алатын болсын.

Патша арамза уәзірлерінің сөзіне еріп, баланы келесі күнге шақырады. Бала үйіне мұңая келіп, болған жағдайды әкесіне баяндайды. Әкесі ақылын айтады:

  • Қорықпа, балам, оны табу қиын емес. Ол үшін екі бөренені де суға салдыр. Сол кезде жоғары жағынан кесілген бөрене су бетінде түгелдей қалқып жүреді де, төменгі жағынан кесілген бөрененің бір жағы суға батыңқырайды. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.

Бала әкесінің айтқанындай, патша бөренелерді көрсеткенде, оларды суға салдыруын өтінеді. Осы кезде бала:

  • Тақсыр, бөрененің мына жағы ағаштың жоғары жағынан, ал мына жағы төменгі жағынан кесілген, - деп, дәл тауып береді.

Патша баланың бұл тапқырлығына қайран қалып:

  • Сен шыныңды айт, мұншама тапқырлық жасауға үлкен ақыл керек. Сен болсаң әлі жассың. Егер шындықты айтпасаң, жазаға тартамын, - дейді.

Бала тәуекел етіп, патшаға барлық шындықты айтыды.

  • Әкемді сондай жақсы көретін әрі қатты сыйлайтын едім. Сондықтан өлімге қимадым. Ал ол болса қиналған шақта әлгі ақылдарды айтып, жол тауып отырды.

Патша ойланып қалады:

  • «Алпысқа келгеннен ақыл сұрама» деген мақал қате екен, енді оны «Алпысқа келгенен ақыл сұра» деп өзгертейік, - деп, қарттарды жазалауға берген жарлығын қайтып алған екен.

  • Патшаның жарлығы дұрыс па?

  • Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма?

  • Қарттың даналығы неден көрінеді?

  • Даналық өздерден не үйренуге болады?

  • Сендер ата әжелеріңнен қандай ақыл үйреніп жүрсіңдер?



6.Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды даналық сөздерді білуге және өмірде қолдануға дағдыландыру, шығармашылық ойларын дамыту мақсатында қысқаша бейнеролик көрсету арқылы «Даналық сөздер» атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

Мысалы: «Ұ» «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». «А»«Ақыл-жастан, асыл-тастан», «Азға-қанағат» Ж. С.т.с.с.

7. Дәптермен жұмыс

Оқушылардың ата-бабалар сөзін тыңдап,жадында сақтап,өмірде қолдану қажеттігін түсіну мақсатында тапсырма беру: дәптерде берілген ақын М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазыңдар. Дәптерде берілген өлеңді жаттап алыңдар.

Атаның батасы.

Дер кезінде тамақтан,

Кешікпей кел....

Оқуда зейінді бол,

....бейімді бол.


8.Топпен ән айту.«Өміріңе немқұрайлы қарама»

Сөзі:С.Сейітман,

Әні:С.Дәрібаев

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң –дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақса басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де,досым,қанша шаттыққа.

Өміріңе немқұрайлы қарама.


Тұсау салып,бастатқызбай кеш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі,дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын,

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың,

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де,досым,қанша шаттыққа.

Өміріңе немқұрайлы қарама

( 2 рет қайталанады)



9.Үй тапсырмасы.

«Ата өсиеті» оқып келу.


10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,бүгінгі сабақтан түсінгендей ата-бабаның өнегелі, нақыл

сөздері бізге тәлім, білім беретіндіктен даналықтың көзі болып табылады.

Сондықтан да өшпес мұра. Оны оқып, біліп өскен әрі жақсы, әрі дана адам болып өсеміз.

Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Бабалар сөзі - даналық көзі

Автор: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Дата: 29.12.2016

Номер свидетельства: 374350

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Бабалар с?зі-даналар к?зі "
    ["seo_title"] => string(25) "babalar-sozi-danalar-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "202984"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429366123"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Балалар с?зі- .даналы? к?зі. "
    ["seo_title"] => string(25) "balalar-sozi-danalyk-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "202723"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429298351"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Өзін өзі тану пәні "Ата-баба өнері""
    ["seo_title"] => string(33) "ozin_ozi_tanu_p_ni_ata_baba_oneri"
    ["file_id"] => string(6) "486904"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1542811858"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?ош бол, бастауыш."
    ["seo_title"] => string(19) "k-osh-bol-bastauysh"
    ["file_id"] => string(6) "312972"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459422021"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tildierin_damytuda_auyz_diebiietinin_man_y"
    ["file_id"] => string(6) "399642"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489348888"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства