Ма?саты: 1.О?ушыларды? бойына ?аза? хал?ыны? рухани байлы?ын сі?іру.?аза? хал?ыны? салт д?ст?рлері туралы білімдерін ке?ейту,?лтымызды? д?ст?рлерінен ?лгі алу.
2.Логикалы? ойлау ?абілеттерін,?аза? тілінде с?йлеу тілін дамыту,білім мен білік да?дыларын ?алыптастыру.
Просмотр содержимого документа
«Отбасында берілетін бата »
Сабақтың тақырыбы:Отбасында берілетін бата
Мақсаты: 1.Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіру.Қазақ халқының салт дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту,ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.
2.Логикалық ойлау қабілеттерін,қазақ тілінде сөйлеу тілін дамыту,білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.
3.Туған жерін,елін,қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.Еліміздің озық ойлы,кең өрісті азаматын тәрбиелеп,өнегелі,өнерлі болып өсуіне ықпал ету.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезені
2.Үй жұмысын тексеру
Тақырыпқа көніл аудару
Оқушылармен әнгімелесу
Бата дегеніміз не?
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әртүрлі.
1.Мәтінмен жұмыс
2.Мәтінді оқып шығу
Оқушылар------------------------------
3Сұрақ жауап
Мұғалім-----------------------оқушылар
Батаны кімдер береді?
Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді.