kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы сүйіспеншілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырып: Отбасы жарастығы 
Құндылық: Сүйіспеншілік 
Қасиеттер: шыдамдылық,сыйластық,қамқорлық,бауырмалдық 
сабақ мақсаты:Оқушыларға отбасы жарастығы туралы түсініктерін кеңейте отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу; 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы сүйіспеншілігі»

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шыдамдылық,сыйластық,қамқорлық,бауырмалдық

сабақ мақсаты:Оқушыларға отбасы жарастығы туралы түсініктерін кеңейте отырып ,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу;



Міндеттері:

1.Отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік беру;

2.Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;

3.Шыдамдылыққа,сыйластыққа,

қамқорлыққа,бауырмалдыққа тәрбиелеу;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Оқулық,

дәптер,

инт.тақта,қарындаштар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.Зейіндерін сабаққа аудару.

ә) 5- Т ережесін еске түсіру.

1. Татулық

2. Тыныштық

3. Тәртіп

4. Тазалық

5. Талап

ІІ.Тыныштық сәті.(Жағымды күйге ену)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашуда. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

• Балалар қандай әсерде болдыңдар?



III.Үй тапсырмасын тексеру:

Тақырыбы: «Отбасы татулығы» мәтінін оқып келу

Оқулық беті: 55

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп кен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келімісде,татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс- керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп,ауылға келеді. Ауыл тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таңғалып:

-Осы-ақ па?

-Иә,-деді ақсақал. –Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Қойылатын сұрақтары:

1 Әңгіменің мәні неде?

2.Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиет екен?

3.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

Ескертулер



1. Дәйексөз.

«Отбасы-адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы»

В.А.Сухомлинский Дәйексөзді хормен айтады.

Сонан соң ұлдар оқиды, сосын қыздар оқиды

Сұрақтар:Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Осы дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар

Мұғалім балалардың жауаптарын қорытындылайды.





















2. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы

Ғаламат

Ға

Сегіз жасар Салли ауруханаға жатқызылған інісі Жорж үшін қатты уайымдайтын. Ата-ана қолдарынан келгеннің бәрін жасап, Жоржды тек қана қымбат операция құтқара алатынын түсінеді. Алайда, ондай қымбат операцияға ақшалары жоқ еді. Салли әкесінің үмітсіз дауыспен анасына: «Оны тек бір ғаламат қана құтқара алады» дегенін естіп қалады. Мұны құлағы шалған Салли тыныш қана өзінің бөлмесіне барып, жинақтауышқа салған ақшаларын шығарып санайды. Қателесіп қалмау үшін тиындарын бір емес, екі рет санап шығады. Бәрін қалтасына салып, үйден шығады да, тіп-тіке үйдің жанындағы дәріханаға барады. Дәрігердің көңілін өзіне аудару үшін сабырмен күтеді. Дәрігер бір кісіге дәрінің қалай қолдану керектігін түсіндіріп жатыр екен. Кішкентай баланың сұрақтарына жауап беріп тұратындай оның уақыты жоқ еді. Саллидың жалықпай күтіп тұрғанын көріп: «Иә, қызым, не алайын деп едің, айта бер. Тездет, мына кісімен сөйлесіп тұрғанымды көріп тұрсыңғой», - деп, қасындағы қымбат бағалы киімдер киген бір кісіні көрсетеді. Салли: «Інім қатты ауырып қалды, бір ғаламат алғым келеді», - деді. Дәрігер Саллиге қарап: «Түсінбедім», - дегенде: «Былайғой, әкем: «Оған тек қана бір ғаламат көмектесе алады» дегенеді, бір ғаламат қанша тұрады?», - деп түсіндірмек болады. Дәрігер бұл жолы Саллиге жаны ашып қамқорлықпен қарады: «Өте өкінішті, қызым, бірақ біз мұнда ғаламат сатпаймыз, саған көмектесе алмаймын», - деді. Салли де мақсатынан тез қайта салғысы келмейтіндерден еді. Дәрігердің көздеріне тура қарап: «Оны сатып алатын ақшам да бар. Тек қана бағасын айтсаңыз болды», - деді. Дәрігер мен Саллидің осы сұхбатын тыңдап тұрған адам Саллиге бұрылып: «Інің үшін қандай бір ғаламат керек, қызым?» деп сұрайды. «Білмеймін», - деді Салли. Сосын көздерінен тамшылап аққан көз жасын сүрте беріп:

«Тек білгенім – інім ауруханада. Және анам оған операция жасалмаса, ауруханадан аман шыға алмайтынын айтады және олардың ондай операцияға ақшасы жоқ. Бірақ әкем:

«Оны тек қана бір ғаламат құтқара алады» дегенін естіп осында келдім», - дейді. Әлгі адамның: «Қанша ақшаң бар?» деген сұрағына: «Бір доллар мен он бір цент. Бар жинаған ақшам осы!», - деді Салли.

«Бұл өте жақсы, өйткені ініңді құтқаруға керек болған ғаламатқа бұл ақшаң тура жетіп тұр», - деді жаңағы кісі. Сөйтіп бір қолымен ақшаны алды да, бірқолымен Саллидың қолынан ұстап: «Кішкентай ініңмен, ата-анаңмен танысқым келеді» деп, Салли тұрған үйге апаруын сұрайды.

Жақсы киінген адам Карлтон Армстронг есімді дәрігер еді. Жорж үшін қажет операцияны жасай алатын атақты хирург. Операция сәтті өтті. Отбасы бұл операция үшін ешқандай төлем жасамады. Сол күні үйлеріне қайтып бара жатқанда, барлық нәрсенің қандай сәтті болғанына әлі де сене алмай қуанышы ішіне симай тұрған анасы:

«Әлі де сене алмай тұрмын. Бұл операция бір ғаламат! Кім біледі қандай қымбат болғанын» деді. Салли күлімдеді. Бұл ғаламаттың қанша тұрғанын ол жақсы біледі.

Тура бір доллар мен он бір цент!..



Қойылатын сұрақтары:

1.Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

2.Сендер отбастарыңда біреу аурып қалса не істер едіңдер?

3.Салии інісіне не үшін көмектескісі келді?

4.Бұл әңгімеден қандай сүйіспеншілік істерді көре алдыңдар ?



3. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топпен жұмыс:

1-топ «Бақытты отбасы моделін» салу. Постер қорғау

2-топ Бала болып ата-анасын құрметтеу. Көрініс қояды.

3-топ «Отбасы жарастығы» тақырыбына сурет салу



4. Топпен ән айту.

Ана Ернар Айдар

Сен маған көз ілмей жақсылық тіледің

Әнім, ақ тілегім ұсынған жүрегім

Ұл-қызың еңбегіңді жүз өтесін

Жел соқса керегемді түзетесің

Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей

Сен менің бақытымды күзетесің

Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей

Сен менің бақытымды күзетесің

http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен

Қ-сы

Ана сен асылым, ана жанашырым

Өмір шырағысың, мейірім бұлағысың

Ана данамыз да, ана панамыз да

Алла қуат беріп жүзге жет арамызда

Сүй дедің елімді құшағын жайды ұлың

Сен берген өнеге өмірлік байлығым

Садақа шуақ толы жанарыңнан

Ас өтпей алаңдайсың тамағыңнан

Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма

Анаға ұл-қызының хабарынан

Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма

Анаға ұл-қызының хабарынан



5. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы «Мен қазақ баласымын» өлеңін оқып, талдап келу.

57 беттегі 12- сабақ

«Отбасы жарастығы» тақырыбына коллаж құрастыру





6. Сабақтың соңғы сәтi.

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Отбасы сүйіспеншілігі

Автор: Хажиханова Муаттар Тухтамуратовна

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388734

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Отбасы ?мір аясы" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(29) "otbasy-omir-aiasy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "296166"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455950600"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Менің отбасым 1 сынып"
    ["seo_title"] => string(24) "mienin_otbasym_1_synyp_1"
    ["file_id"] => string(6) "405099"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490885026"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "?зін- ?зі тану п?нінен ашы? саба? "Отбасы- ба?ыт мекені""
    ["seo_title"] => string(57) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-ashyk-sabak-otbasy-bak-yt-miekieni"
    ["file_id"] => string(6) "287960"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454570085"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Отбасы д?ст?р ж?не даму"
    ["seo_title"] => string(25) "otbasy-d-stur-zh-nie-damu"
    ["file_id"] => string(6) "314603"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459726783"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Отбасы жарасты?ы "
    ["seo_title"] => string(18) "otbasy-zharastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "150648"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420539787"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства