kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін- ?зі тану п?нінен ашы? саба? "Отбасы- ба?ыт мекені"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін- ?зі тану п?нінен 5-сынып?а арнал?ан "Отбасы- ба?ыт мекені" атты ашы? саба?. Саба?ты Ел басыны? жары, ел анасы Сара Назарбаева Алпыс?ызыны? 75- жас?а тоуына арнап ?ткізілді. 

Саба?ты? ма?саты: с?йіспеншілік, сыйласты? ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту.

Саба?ты? міндеттері:

  • отбасы с?йіспеншілігі, сыйласты?ы туралы т?сінік ?алыптастыру;
  • отбасында?ы ?зара сыйласты? ?арым-?атынас да?дыларын дамыту;
  • отбасына с?йіспеншілікке т?рбиелеу;
  • Саба? мынандай т?рлерде ?ткізілді: Шатты? ше?бері,  «тілек шо?ы», ойын ойнату, «мен отбасымды жа?сы к?ремін..», отбасы м?шелеріні? орнын аны?тау, д?йек с?з, тынышты? с?ті, сыйлы? жасау, шы?армашылы? ж?мыс, ж?ректен ж?рекке, «сары тауы? пен балапандары» атты ертегіні сендерге ?сынамын. Осындай т?рде ?ткізілген саба?, ?зіні? ма?сатына жетті. 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін- ?зі тану п?нінен ашы? саба? "Отбасы- ба?ыт мекені"»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ

Т.ТОХТАРОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП - БАЛАБАҚШАСЫ









"Өзін-өзі тану" пәнінен


АШЫҚ САБАҚ





ТАҚЫРЫБЫ:










Мұғалім: А.Еркінбекқызы













Донское ауылы

2015-2016 оқу жылы

ОТБАСЫ- БАҚЫТ МЕКЕНІ

Сабақтың мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  • отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіңдерме балалар? Мен бүгін өздеріңді өзін- өзі тану сабағында, таза, әдемі, жарық сыныпта кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінде оқып жүрген өзін- өзі тану пәнін, рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасын бізге ұсынған Елбасымыздың жары «Бөбек » қорының президенті, ел анасы Сара Алпысқызы Назарбаева 75-жасқа толып отыр екен. Қане балалар мына ортаға шығып шеңбер жасап тұра қалайықшы.

Шаттық шеңбері: «Тілек шоғы»

Мұғалім балаларды шеңбер жасатып, қолдарына гүл шоқтарын ұсынады. Гүлдің сұлулығына тоқталып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назарларын аудартады.

Балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсына отырып, жылы сөздер айтады. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, шоқ гүлі «Тілек шоғына» айналы, мұғалімнің өзіне оралады. Көп рахмет сендерге, балалар. Егер біреуге жақсылық тілесеңде, жақсылық жасасаңдар ол осы гүл шоғы сияқты үлкейіп, өзіңе оданда үлкен жақсылық болып оралады.

Бүгінгі тақырыпты ашу үшін ребус ұсынылады. Оның жауабы «Отбасы». Олай болса балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы- бақыт мекені».

  • Бүгін біз «Өзін- өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз.

  • Қане, осы аялдамадағы суретке қарап, әңгіме құрастырып көрейікші!

(Балалардың жауаптары тыңдалады).

  • Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

  • Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

(Балалардың жауаптары тыңдалады).

Ойын ойнату.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, мұғалім кезек- кезек балаларға сұрақ қойып, қолындағы допты лақтырады. Балалар сұрақтарға жауап береді.

  1. Отбасы мүшелерін ата.

  2. Сен отбасыңда кімді жақсы көресің?

  3. Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

  4. Отбасыңда кімге сыйлық жасағың келеді?

  5. Өзіңнен кішілерге қандай көмек көрсете аласың?

  6. Атаң мен әжең саған не үйретеді?

(Балалардың жауаптары тыңдалады).

Сонымен балалар әр адамның өз отбасы - әкесі, анасы, атасы, апасы, ағасы, апкесі, бауыры, қарындастары болады екен. Үлкендерді құрметтеу, сыйлау, кішіге ізеттік көрсету бұл қасиеттердің бәрі отбасынның беріктігі.

Енді балалар өздері үйлерінен дайындап әкелген қабырға газеттеріне көңілімізді аударамыз.

«Мен отбасымды жақсы көремін.....» деп әр бала өз ойын жалғастырады.

Отбасы мүшелерінің орнын анықтау. Тақтада ілініп тұрған талға отбасы мүшелерін орнымен жапсыртады.

Әңгімелесу.

«Отбасы татулығы» аңыз әңгімені оқып, жұппен, топпен жұмыстар жасаймыз. Мына жерде сұрақтар жасырылған екі топтан бір- бір бала шығып таңдап сұрақ алады. Тобымен ақылдасып жауап береді.

  1. Аңыз әңгіменің маңызы неде? Отбасындағы әкенің рөлі қандай?

  2. Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Жұппен жұмыс жасау: Әке сөзіне классер жұмысын жасау.

Дәйек сөз: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

Тыныштық сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтері, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Казір мен сендерге «Анашым» әнін ойнатып қоямын, сендер үйлеріңдегі бақытты сәттерді ойлап, қуанышты кездерді естеріңе түсіріп отырасыңдар. Әсіресе анамыздың қуанышты кездерін елестетеміз. Анамызға сыйлық жасасақ ерекше қуанады. Өзінің қуанышты көңілін сендерді еркелетіп, искеп, жақсы жылы лебізімен білдіеді. Олай болса қанекей балалар анамызға қандай гүл шоғын ұсынатынымызды ойланып отырайық.

Сыйлық жасау (Оқушылар көздерін ашып, тыныштық сәтінен аналарына арналған құрметін қағаз бетіне түсіру):

- Қазір мен сендерге қағаз ұсынамын, осы қағазға анамызға қандай гүл шоғын ұсынғымыз келсе сол гүл шоғын саламыз.

Шығармашылық жұмыс

- Енді балалар сабақтың басында естеріңде болса Ел анамыздың 75-жасқа толатынын айтқанмын. Енді осы өзін-өзі пәнін енгізгені үшін рахметімізді, құттықтау ыстық лебізімізді білдіріп хат жазып, сыйлық жолдайық. (Оқушылар қағаз сүлгісінен гүл жасайды, Ел анасына арналған арнайы хат жазып, жолдайды)

Жүректен жүрекке:

- Сонымен балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылап, сабақта өздеріңе алған отбасы құндылықтарын, отбасына деген сүйіспеншіліктерін алдыларыңда тұрған кішкентай жүрекшелерге сыйғызып, жаксы бір жүректеріңе алған әдемі сөздеріңді айтып мына тақтада ілінген үлкен жүрекшеге сыйғызып, ілеміз. Рахмет балалар.

«Сары тауық пен балапандары» атты ертегіні сендерге ұсынамын










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?зін- ?зі тану п?нінен ашы? саба? "Отбасы- ба?ыт мекені"

Автор: Еркінбек?ызы А?ерке

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 287960


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1830 руб.
2620 руб.
1480 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства