Поурочный конспект урока по казахскому языку в школе с неказахским языком обучения в восьмом классе по теме "?нерлі бала". Урок состоит из различных методов обучения: диалог, перевод, выразительное чтение, составление вопросов и ответов, Включает в себя знакомство с пословицами и поговорками казахского народа по теме.
Просмотр содержимого документа
«"?нерлі бала" саба? жоспары 8 сынып»
Сынып: 8
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Өнерлі бала
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: аталмыш мәтіннің мазмұнын түсіндіру,жаңа сөздерді меңгерту,
тілдесім әрекетіне жетелеу
Дамытушылық: жеке жұмыс істеу қабілетін арттыру,сөздік қорларын дамыту,өтілген грамматикалық тақырыптарды практикалық жолдармен меңгерту.
Тәрбиелік: адам өміріндегі отбасы мүшелерінің арасындағы татулық бірлік жөнінде тәрбиелік әңгіме айту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі : түсіндіру,оқыту,аудару,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : Мақал-мәтелдер,кесте,оқулық
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
З.Кезекшімен сөйлесу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Тапсырмаларды тексеру
2. – Мақалдарды жатқа айту,мағынасын
түсіндіру
III .Жаңа сабақ
А) Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
-Сөздікпен жұмыс
1.Мәтінмен жұмыс «Өнерлі бала»
-Мәтінді оқу,аудару ,мазмұнын айту,сұрақтарға жауап береді
2.Үш әйел қайдан келе жатты?
3 Бірінші әйел ұлы туралы не деді?
4. Екінші әйел ұлын қалай мақтады?
5. Ал үшінші әйел не деді?
6. Олардыі артынан кім келе жатты?
7. Неге қария үшінші әйелдің баласын өнерлі деді?
2/.Жазбаша жұмыс
1-тапсырма
Берілген сөздерге түбірлес сөздер жазыңдар
Өнер,өнерпаз,өнерлі; Отыр,отырды; Әңгіме,әңгімешіл,
3. Ауызша жұмыс Мақал-мәтелдерді оқып ,есте сақтаңдар.
V. Сабақты қорыту -Сұрақ-жауап
Қайырымды іс жасау үшін адамдарға қандай қасиет керек деп ойлайсыңдар ?
Осы баланың орнында сендер не істер едіңдер?
-Сабақта біз не туралы әңгіме жүргіздік?
VII.Үйге тапсырма:
-Мәтінді оқу,мазмұндау Өз ойларын жазбаша жазып келу
VIII Еңбектерін бағалау