Просмотр содержимого документа
«Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы»
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абайдың 1887ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол - қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған.
Шығарманың идеясы
Ең алдымен, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт- санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы - поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы - бәрі де өленді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің - имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлең сөз туралы жариялап отырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді. Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқан құранмен, пайғамбар айтқан хадиспен теңеуден артық дін бүзарлық болмас. Абай ол арасын жақсы ұғынса да, мына тұста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы- Поэзия властитель языка.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Абай Құнанбайұлы "Өлең -сөздің патшасы,сөз сарасы"
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. «Өлең- сөздің патшасы»
Сабақтың мақсаты: Абай шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.
«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінен ақынның өлеңге қояр биік талабы мен міндеттерін анықтату.
Ақынның өлеңді « өнер» деп түсінуі мен түйсінуіндегі парасаттылықты уағыздау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Пәнаралық байланыс. Әдебиет теориясы: өлең туралы ұғымдарын кеңейту, өлең құрылысы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі :
Жаңа білім беру кезеңі
1. Ақын туралы оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша оқушы түсінігін ортаға салу
2. «Абайдың істеп кеткен қызметі- әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуға лайық. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын белгі орнатты»,-деп айтқан М.Әуезов пікірінің дұрстығын қалай дәлелдер едіңдер?
3. Қосымша мәліметтермен толықтыру
Оқушылармен орындалатын ұжымдық тапсырмалар:
1. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы өлеңін мәнерлеп оқу
2. Өлең жолдарынан ақынның поэзияға қояр талабын анықтау
Ақынның поэзияға қояр талабы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тию, айналасы теп-тегіс, жұмыр, бөтен сөзбен былғанбау, өлеңмен қайыр тілемеу, мал үшін тілін безенбеу, т.б.
3. Абай «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз» деп нені айтқан? Мысалмен дәлелдеу
4. Оның «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деуінің мәнісі неде? Түсіндір
5. Абай өзінің биік мақсатын қалай түсіндірген? Дәлелдеу
6. Өлеңді неге үлкен өнер деп таниды? Сендерше өлең деген не? Қандай ерекшеліктері бар?
7. Өлеңнің құрылысына талдау жасау
8. Өлеңдегі көркем сөздердің түрлерін анықтау
Қорытынды
1. Өлеңнің тәрбиелік маңызы неде?
2. М.Әуезов қазақ ақындарының ішінен Абайды сүйемін десе, сендердің де жақсы көретін ақындарын бар ма?
Үйге тапсырма: 1. Алғашқы 7 шумағын жаттау 2.Ақын туралы реферат дайындау.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы- Поэзия властитель языка.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Слово – рыцарь Поэзии, мудрой Царицы! Сколько нужно уму и душе потрудиться, Чтоб в устах заиграло и в сердце запело. Слово – Чудо – перо заповедной Жар-птицы! Если речь у тебя чем попало грязнится, То какой ты поэт? Надо, братец, учиться. Соберутся профаны: стрекочут, гогочут... Эх, сверчки! Вам Поэзия вряд ли приснится...