Просмотр содержимого документа
«Мұнай және газды сақтау және тасымалдау.»
Сынып:11
Мұғалім Игисенова У.С.
7.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Мұнай және газды сақтау және тасымалдау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Жаңа сабақты меңгертуде пәнаралық байланысты қолдана отырып ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағды қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу біліктіліктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Отын өнеркәсібіндегі экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу
Сабақтың типі:
Жаңа материалды меңгеру сабағы:
Сабақтың түрі:
Ашық сабақ
Сабақ әдісі:
Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:
Қима қағаздар, сызбалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:
әдебиет, химия, география, экология т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
Үй жұмысы: Грамматикалық ережені қайталау. Салалас құрмалас сөйлем.
Салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады.
Ағам келді, атам кетті.
Мен кітабымды бердім, бірақ ол алмады.
Жаңбыр жауады, немесе қар жауады.
Бірде қатты сөйлейсің, бірде жай сөйлейсің.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар, біздер енді мұнай және газ тақырыбына әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Инсерт кестесімен жұмыс
Білемін
Білдім
Білгім келеді
1-тапсырма
Мұнай. Мұнай-қошқыл қоңыр, қара көк, қоймалжың сұйық зат. Мұнайды еш уақытта шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеп 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар, оның ең соңғы қалатын қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады. 350 градус температурада қайнаған мұнайдан мазут бөлінеді, оны электр станцияларында, металлургия пештерінде отын ретінде пайдаланады.
Сөздік жұмысы
Мұнай- нефть
қошқыл қоңыр-темнокоричневый
Шикізат-сырье
Қоймалжың-нежидкий,густой
Өңдеп-переработать
химия өнеркәсібіндегі-химической промышленности
қайнаған-кипяченый
құрылыс-строительство
Газ. Газ-толық қалдықсыз жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр арқылы тасымалданатын газ пропан «СзН », метанды «СН » кейбір автокөлікті жүргізуге пайдалынады
Сөздік жұмысы
қалдықсыз -безотходный
ІІ. «Қызығушылықты ояту» • Қазақстанның мұнайға бай аймақтарын атаңыз? (Атырау,Ақтөбе,Орал,Маңғыстау,Ақтау) • Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?(бензин,лигроин,керосин,газойль) • Детонация деген не?(бензиннің қопарылыс түрінде жануы) •Мұнай өнімдерін жоғары температурада крекингілеу (пиролиз) • Мазуттың айдалмайтын бөлігі?(гудрон) • Газойлдан не өндіріледі? (дизель)
СЕРГІТУ СӘТІ
ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу
Ал балалар сендер мұнай туралы не білесіңдер? "Мұнайды білгің келе ме?" Мұнай - жердің бұлағы,
Мұнай - жердің құнары
Мұнай - өмірдің шырағы
Мұнай - қайрақ қайратқан
Мұнай - деген немене?
Мұнай - күші тасқын күш
Мұнай - өмірді жайнатқан
Мұнай - күші асқан күш авторы: Құмар Жүсіповтің
ІV.Мәтінді оқып, кластер жасаңдар. "Мұнай"-(персия тілінен нефт - тұтанатын жанғыш зат). Мұнай әр түрлі жағармай алынатын қара түсті сұйық, табиғи шикі зат. Ол автомобильдер мен ұшақтарға, пароходтарға мен тепловоздарға трактор мен комбайындарға электр станциялары мен заводтарға қажет. Олардың қозғалтқыштары пештері мен оттықтары бензинмен, мазутпен жұмыс жасайды.Олар мұнайдан алынады. Мұнай өндіретін адамды мұнайшы дейді.
V. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Мұнай өндіретін адамды мұнайшы дейді.Ол автомобильдер мен ұшақтарға, пароходтарға мен тепловоздарға трактор мен комбайындарға электр станциялары мен заводтарға қажет.
VІ. Қортынды.Біз бүгін қандай тапсырма орындадық?
Рефлексия
Мен Қазақстанның мұнай аймақтарын білемін.
Мен сұрақтарға жауап бере аламын.
Мен мұнай туралы әңгімелей білемін.
VІІ. Үй тапсырмасы : Мұнай тақырыбына презентация жасау.