kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мектеп ережелері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні: 23.11.2017ж.

Сыныбы: 6 «Г»

Мұғалімі: Рамазанова Б.З.

Сабақтың тақырыбы:  Мектеп ережелері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  Мектеп ережелері туралы түсініктерін кенейту,

 Білімділік: Септік жалғауларын дұрыс қолдана, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Берілген тақырып аясында оқушылардың білімдерін толықтыру, жүйелеу, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. 

Тәрбиелік: Мектепте өтіп жатқан өмірлерінің қызықты, әрі дәстүрлерге толы екендігін түсіндіру. Мектеп ережесімен таныстыру, оны сақтау керектігін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасап, сөздік қорларын толықтыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу, түгендеу.

2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақыру

Кәне,достар,тұрайық

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

Жақсылық тілеймін

Достарың көп болсын!

Бақыт тілеймін

Армандарың орындалсын!

Қуаныш тілеймін

Ақылды бол!

Жаңа жетістіктер тілеймін

Білімді бол!

Мықты денсаулық тілеймін

Болашағың жарқын болсын!

Сабағыңды «4» пен «5» ке оқуыңды тілеймін

Аспаның ашық болсын!

Жақсы көңіл күй тілеймін

 

3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою. Септіктерді сұрау. Жалғауларын атаңдар.

ІІ.Жаңа білімді меңгерту.

Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.

  • Балалар біз бүгін сендермен «Мектеп. Мектеп ережелері» атты жаңа модульді бастаймыз. Қане, кім айтады, мектеп дегеніміз не? 

Екінші үй, Алтын ұя, Мұғалім, сынып, сыныптастарым, алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау,

- Жақсы, сендер толтырып болсаңдар, мен мына қоржыннан алып тағы да сөздер қосайын. Жазғанымызды дауыстап оқиық. Сонымен біз мектеп сөзіне қысқаша анықтама бердік.

-Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

IY. Жаңа тақырып:

- Айтыңдаршы, мектепке қатысты тағы қандай сөздер білесіңдер? Ол үшін мына қоржыннан суреттерді алып, олардың атауларын айтып тақтада ілініп тұрған мектеп суретінің айналасына жапсырамыз. Сөздерді дауыстап оқып, дәптерімізге жазып отырайық.

(оқушы, мұғалім, журнал, кітап, дәптер, қалам, қарындаш, күнделік, пенал, сызғыш, өшіргіш, бор, тақта, парта, орындық, кабинет, спорт залы, акт залы, асхана, кітапхана, мұғалімдер бөлмесі, повяска, папка, кесте, сағат, қоңырау)

Мектеп ережелері

1.Мектеп формасын киіңдер

2.Сабаққа кешікпеңдер

3.Бір-біріңе достық, әдептілік қарым-қатынаста болыңдар.

4.Үлкен адамдарға жол беріңдер.

5.Сабақ үстінде шуламаңдар

6.Үзілісте жүгірмеңдер, бір-біріңді итермеңдер, заттарды лақтырмаңдар.

7.Тәртіп пен тазалықты сақтаңдар.

8.Мектеп мүлкіне зиян келтірмеңдер.

1. Сөздікпен жұмыс:

-Жақсы, ал қазір барлығымыз тақтаға қарайық, сабағымыздың жаңа сөздерін мұқият тыңдап, сөздік дәптерімізге жазып алайық.

-жаңа сөздердің оқылуымен, аудармасымен таныстыру.

-оқушыларға хормен оқыту.

-жекелеп кезекпе-кезек оқыту.

-осы сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрату.

дәстүр – традиция

заманауи- современный

шаралар – мероприятия

ұйымдастыру – организовать

2. Мәтінмен жұмыс:

-мәтіннің оқылуын аудиотаспадан тыңдату.

-оқушыларға кезекпен оқыту.

-мәтінді аударту.

Бүгін бізде бес сабақ. Бірінші сабақ -математика, екінші сабақ - қазақ тілі, үшінші сабақ - ағылшын тілі, ал төртінші, бесінші сабақ - дене шынықтыру. Қазақ тілі сабағы екінші қабатта, №16 кабинетте болады. Кабинет жақсы жабдықталған. Біз қазақ тілі сабағында жазамыз, оқимыз, аударамыз, сұраққа жауап береміз, диалог құрастырамыз, сурет бойынша әңгімелейміз, ереже жаттаймыз, жаңа сөздер үйренеміз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
-Мәтінге ат қою.

-Мәтіндегі 5-сөйлем септіктерді тауып көшіріп жазу.

ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

1) Кітап бойынша жұмыс.

1 тапсырма Мақал-мәтелдермен танысып, мағынасын түсіндіріңдер. (149 бет)

2 тапсырма Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін бойынша өз мектептерің туралы әңгімелеңдер.

1 тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер. Тәртіп ержелерін әрі қарай жалғастырыңдар.

2 тапсырма Мектептегі тәртіп ережелері (150 бет)

Сергіту сәті.

Біз мектепке барамыз, қолға қалам аламыз. 
Кітапты да оқимыз, суретті де саламыз.
Қалам, дәптер, өшіргіш, кітаптармен достасып, 
Жақсы оқып сабақты, кілең бестік аламыз

ІҮ.Сабақты қорытындылауСабақты қорытындылау мақсатында мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. Қандай тақырып өттік? Қандай жаңа сөздер үйрендік? Мәтінде не туралы айтылды? Мектеп ережесі қандай? Оны қалай сақтау керек? Септіктердің сұрақтарын, жалғауларын ата.

Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру.

4 тапсырма. Сабақ кезінде оқушы не істеу керегі туралы әңгімелеңдер. (151 бет)

Өз мектебің туралы шағын әңгіме жазу, әңгімені мазмұндау.

YII. Рефлексия:


 

YII. Рефлексия:

Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Мектеп ережелері"

Автор: Рамазанова Бибижар Закировна

Дата: 20.12.2017

Номер свидетельства: 445569

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(189) ""Мектеп. Мектеп ережелері" тақырыбына арналған қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (6 сынып)"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiep_miektiep_ieriezhielieri_tak_yrybyna_arnalg_an_k_azak_tili_p_ninien_k_ys"
    ["file_id"] => string(6) "373975"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482863606"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Мектеп ережелері."
    ["seo_title"] => string(25) "miektiep_ieriezhielieri_1"
    ["file_id"] => string(6) "457002"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518507095"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Мектеп ережелері"
    ["seo_title"] => string(17) "mektep_erezheleri"
    ["file_id"] => string(6) "510259"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1557852647"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "?ыс?а мерзімді жоспар "Мені? мектебім" О?ушы?а ережелер не ?шін керек? "
    ["seo_title"] => string(86) "k-ysk-a-mierzimdi-zhospar-mienin-miektiebim-ok-ushyg-a-ieriezhielier-nie-ushin-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "243736"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445793631"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Мектеп. Сан есім."
    ["seo_title"] => string(18) "miektiep-san-iesim"
    ["file_id"] => string(6) "290607"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455001681"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства