А. Мен тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын ажыратып, сөз тіркестерін құрастыра аламын, шағын тапсырмаларды орындай аламын.
В. Жұппен, топпен жұмыс жасау барысында шағын диалогқа шыға аламын, орташа көлеміндегі әңгіме құрай аламын.
С. Тақырып бойынша әңгіме құрастыра аламын.
Кезең | Уақыт | Әдіс-тәсілдер | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин. | Шаттық шеңбері: | 1. Амандасады. 2. Психологиялық дайындық Балалар, көңіл күйлеріміз қалай ? /Өте жақсы/ Балалар, менің алақаным сондай жылы Бүгін сабақта Мен сендерге өз алақанымда бар жылулықты, жақсылықты, жақсы көңілімді беремін. / Қалай балалар , жылулықты сездік пе ? Солай болса, сабағымызды бастайық. | 1. Амандасады. 2.Тренинг | |
Білу Кіріспе бөлімі. Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпқа шығу | 3мин | Ребус | Бүгінгі сабақтың тақырыбы белгісіз, оны анықтау үшін сендер тақтаға назар аударып,ребусты шешіп көріңдерші. Ребуста қандай сөздер шықты екен? Қане, кезекпен оқып шығыңдар. Сондықтан бүгін сабақтың тақырыбы қандай, қалай ойлайсыңдар? Мақсатымыз қандай болады? | Ребусты шешіп, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. | ИБТ-да ребус |
Түсіну Мағынаны тану | 5 мин | Сөздікпен жұмыс | Жаңа сөздер: мектеп – школа білім беру – давать знания үзіліс – перемена жарық - светлый | Тақырыпқа қатысты сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып алып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды. | |
Қолдану | 15 мин | Постермен жұмыс | Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырады. Мәтіннен алынған мәліметтерді постерге салу. Мектебім. Біздің мектебіміз үш қабатты. Ұстаздар оқушыларға білім береді. Оқушылар үзілісте демалады. Мектептің спортзалы бірінші қабатта орналасқан. Мектептің кабинеттері жарық, таза. Мектеп қаланың орталығында орналасқан. | Сұрақтар құрасырады. Постерге салып, ортаға шығып қорғайды. | Постер, маркер |
| | Интерактивті тақта | Сергіту сәті. «Флешмоб» | Жаттығуды қайталайды | Моноблокта бейне ролик |
Талдау | 7мин | Кілті тақтада «Үздік аудармашы» әдісі Грамматикалық кезең | Әр топтан бір-бір оқушыны шығарып, мақал-мәтелдердің аудармасын сәйкестендіреді. Қазақша | Орысша | Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. | Жизнь самая большая школа | Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы | Учение – основа знания, знание – основа жизни. | Өмір үлкен мектеп | Нет жизни без знания, нет знания без учения. | Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрау. мектеп,орналасқан, көшесінде, біздің, Шевченко. бар, спортзал, мұражай, асхана, мектепте. қаланың, орналасқан, орталағында, мектеп. | ИБТ-ға шығып, мақал-мәтелдерді сәйкестендіреді.
Берілген тапсырманы орындайды. | ИБТ-да мақал-мәтелдер жазылады.
Дәптер |
Синтез | 10 мин | Диалог құру | Әр топтарға суреттер береді, сол суреттер бойынша диалог құрастырып, ортада қорғайды | Суреттеріне сәйкес диалог құрастырады. | Суреттер |
Үй тапсырмасы | | | «Менің сүйікті мектебім» деген тақырыпқа шағын эссе жазу. | Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады. | Күнделік |
Бағалау | 3 мин | Стикер | «Жетістік ағашы» арқылы сабақта қандай көңіл - күйіде болғанын білдіреді. | Сабақтан алған әсерін білдіреді. | Смайликтер, бағалау парағы |