kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??діретті Жер-Ана

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 клас?а ?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба?. Саба? топты? ж?мыс т?рінде ж?ргізіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??діретті Жер-Ана»

Сабақтың тақырыбы: Құдіретті Жер-Ана

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік: «Жер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік: жерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, плакат, түрлі-түсті қағаздар, маркер, стикер.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка

Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелесу, пікірталас, сұрақ-жауап, сахналау.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөліну: «Ай», «Жер», «Күн»

Тыныштық сәті (музыкамен)

Жағымды жағдай туғызу.

Оқушылар бәріміз ыңғайланып отырып, көзімізді жұмамыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға  рахметімізді айтайық.

Ал балалар кім не сезінді, ойларымызды ортаға салайық.

2. Жұмбақ:

Көктемде көгереді

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды                  «Жер»

Әңгімелесу

Неліктен адамдар жерді анаға теңейді?

Жер деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді?

Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?

 Табиғаттың  басты байлығы – жер. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.

Адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады. 

Қасиетті Жер – Ана  - алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Адамның өмірі жермен тығыз байланысты. Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі. Адам өзінің туын - өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.

Мәтінмен жұмыс

Конфуцийдің «Атамекен» мәтін оқу. Әр топқа мәтін бойынша тапсырмалар беріледі.

1-топ: Мәтінді сахналау

2-топ: «Жер – қолқа жүрегің» деген сөздің мағынасын ашу

3-топ: постер қорғау «Атамекен» сөзінің мағынасын ашу.

Дәйексөз

Адамның су мен жер туралы ойлағаны - өзі туралы ойлағаны 

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

Тақтаға жасыл дөңгелек қағаз ілінеді. Бұл біздің жеріміз. Ал оқушылар жердің көркейіп, сұлуланып тіршілікке ену үшін жұмыла жұмыс жасаңдар. Ол үшін алдарыңда жатқан қағаздардан жерде тіршілік ететін, жерге көрік беретін тіршілік иесінің суретін салып, коллаж дайындаңдар.

Релаксия видео

Табиғат кереметтері - біздің ғажайып планета

Өсиет әңгіме

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты.Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.

Әрі ойланып,бері ойланып,ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болады.

Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан»,ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен,ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына риза болған қария,үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.

Қария бақытты да баянды,ұзақ ғұмыр кешіпті.

- «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Адамдар табиғаттың сырына назар аударған, емдік қасиетін де байқап, олардың науқастарды емдеуге көп көмегі бар екеніне көңіл бөлген. Мысалы: борсық майы өкпе ауруына, иттің майы суық тигенде, құрбақаны ағауыз деп атайтын жараға ем ретінде қолданған.

Шығармашылық жұмыс:

Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал - мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.
1- топ. мақал – мәтелдерді жинап жазады. 

1. Сулы жер - нулы жер

2. Бұлақ көрсең көзін аш

3. Су жүрген жер – береке,

Ел жүрген жер – мереке.

4. Аққу құссыз – көл жетім

Айтылмаған сөз жетім.

5. Бұлбұлға бау жақсы

Кекілікке тау жақсы.

6. Ауа - өмір тынысы.

7. Судың да сұрауы бар

8. Жер - қазына, су - гаухар.

Жарайсыңдар, мінекей табиғат туралы көптеген мақал - мәтел біледі екенсіңдер. Енді қандай тыйым сөздерді біледі екенбіз?
2-топ.  Тыйым сөздер.

Суға түкірме

Суды лайлама

Су ішетін құдыққа түкірме

Бұлақты былғама

Көкті жұлма

Орманды өртеме

Жалғыз ағашты кеспе

Құмырсқаның илеуін бұзба

Өрмекшіні өлтірме

Аққуды атпа

Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер

3-топ: Жұмбақтар

1. Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды. (Жер)

2. Қызығып әр адам,

Ұстап ап даладан.

Жүніңді жұлып ап,

Бесікке қадаған. Бұл қай құс? (үкі)

3. Қашаудай мықты тұмсығым,

Бәске тігем, бұл шыным.

Құрт - қоңыз, шыбын аулап жарысам,

Орман дәрігері болып табылам. (тоқылдақ)

4. Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай (қарлығаш)

5. Биікке салған ағаш үй

Сол ғой оның мекені

Жаздай сайран салып ап,

Қыста алыс кетеді. (қараторғай)

Үй тапсырмасы

«Қаңбақ» мәтін оқып келу.

Венн диаграммасы

Жер және ана сөзіне.

Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Балалар, мен сендердің барлық уақытта жарқыраған күн астында, құлпырған жер үстінде ер жетіп, бақытты өмір сүрулеріңе тілектеспін». Балалар көзімізді ашайық. Бүгінгі сабақ үшін бәріңе де рақмет.

 

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
??діретті Жер-Ана

Автор: Молдагазиева Сауле

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328170

Похожие файлы

object(ArrayObject)#942 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "??діретті жер-Ана"
    ["seo_title"] => string(18) "kudiriettizhierana"
    ["file_id"] => string(6) "299004"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456423057"
  }
}
object(ArrayObject)#964 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Құдіретті Жер-Ана"
    ["seo_title"] => string(24) "k_u_dirietti_zhier_ana_1"
    ["file_id"] => string(6) "384357"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485493409"
  }
}
object(ArrayObject)#942 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Құдіретті жер- ана""
    ["seo_title"] => string(42) "ozinozitanusabakzhosparykudiriettizhierana"
    ["file_id"] => string(6) "320187"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461042915"
  }
}
object(ArrayObject)#964 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Құдіретті - Жер Ана"
    ["seo_title"] => string(22) "k_u_dirietti_zhier_ana"
    ["file_id"] => string(6) "379900"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484552674"
  }
}
object(ArrayObject)#942 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?аза?ты? ?лтты? ою ?рнектері. Ою т?рлері ж?не дайындау реттілігі."
    ["seo_title"] => string(63) "kazaktynulttykoiuorniektierioiuturlierizhniedaiyndauriettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "319282"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460794166"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства