Просмотр содержимого документа
«ҚР қарулы күштері Жарғылары»
Тақырып№4. ҚРҚК жалпы әскери жарғылары, олардың мақсаты және маңызы
Әскери жарғы - әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы.
Жарғы арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы (ішкі, қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және карауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді
Жалпыәскерлік әскери жарғы ҚК-нің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды.
ҚРҚК әскери жарғылары ҚР Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 Жарлығымен бекітілді. Әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, сондай-ақ ҚР-ның басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының орындауы міндетті.
Ішкі қызмет жарғысы әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы және лауазымдық қызмет міндеттерін олардың, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез құлқын анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, бөлімнен олардың сйілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады.
Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзетпен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған.
Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, әскердегі белгіленген оның негізгі талаптары, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқықтары баяндалады.
Сондай-ақ, ол әскери қызметшілерден келіп тускен арыз-шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жузеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.
Горнизондық және карауылдық қызметтер жарғысында горнизондық және карауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және карауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.
Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдері орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.