kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әке – балаға сыншы. Сабақ жоспары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Абайдың жасы он үшке келгенде әкесі оны асығыс ауылға алдырды. Ол балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде, Абайға тоқтады. «Әке – балаға сыншы» деген мақал бар. Оның үстіне Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Он үш жасар балаға үлкендермен келелі істерді кеңесу оңай ма! Бірақ ақылды бала тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны туралы алғашқы жазған жақын туысы Кәкітай: «Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, жұртты өзіне қаратып, әкесіне үлкен көмегі тиген.» - деп айтты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әке – балаға сыншы. Сабақ жоспары.»

Сыныбы: 7б

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Әке – балаға сыншы.

Реттік сан есім

Сабақтың мақсаты:  
Білімділік: Оқушылардың әке туралы түсініктерін кеңейту, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйрету; 
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетке, отбасындағы қарым - қатынасты бағалауға тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорлары молайту, ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Доп лақтыру» әдісі, ассоцация, мәтінмен және тапсырмалармен жұмыс, эссе

Сабақтың көрнекілігі:  үлестірмелі материал, аудиожазба, сан есім туралы плакат

Сабақтың барысы:

Кезекшімен сұхбат

«Доп лақтыру» әдісі арқылы (оқушылар шеңберге дөңгелене тұрады да, бір-біріне сұрақ қоя отырып, допты лақтырады. Допты ұстаған оқушы жауап береді де, келесі оқушыға сұрағын қояды) өткен сабаққа шолу жасау.

  1. Қызығушылықты ояту

  • Асқар тауың кім?

  • Отбасының отағасы деп кімді айтамыз?

  • Атаңның баласы саған кім болады?

  1. Мағынаны тану

  1. Сан есімнің мағыналық түрі – реттік сан есім жөнінде түсінік беру.

  2. Мәтінді түсініп оқыңдар.


Әке нұсқаған жолмен

Абайдың жасы он үшке келгенде әкесі оны асығыс ауылға алдырды. Ол балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде, Абайға тоқтады. «Әке – балаға сыншы» деген мақал бар. Оның үстіне Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Он үш жасар балаға үлкендермен келелі істерді кеңесу оңай ма! Бірақ ақылды бала тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны туралы алғашқы жазған жақын туысы Кәкітай: «Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, жұртты өзіне қаратып, әкесіне үлкен көмегі тиген.» - деп айтты.

Жиырма жасында Абай халық ортасында бәрінен озық шешен болған.

  1. Мәтіндегі сан есімдерді тауып, оларды реттік сан есімге айналдырып жазыңдар. Үлгі: он үш – он үшінші

  2. Мәтінге қарап сұрақ құрастырыңдар

  3. Тиісті сан есімдерді жазыңдар

1............ жылдың ................желтоқсаны – Қазақстан Республиксының тәуелсіздік алған күні.

2. Менің әкем .......... жылдың ...........айында дүниеге келді.

3............жылы Қазақстан Республикасы егемен ел болды, Президент сайланды.


  1. Топшамамен жұмыс (жұптық жұмыс)

Топшама 1

Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін бір бөлек топтастыр.
Бір, алтыншы, жеті, сегіз, бес, он алты, тоғызыншы, бірінші, төрт, жиырма, елу, екінші.

Топшама 2

Семантикалық карта
Сөздер ---------- есептік -------- реттік
алпыс
сегізінші
он алтыншы
отыз
қырық
үшінші
екі
үш


Топшама 3

Сұрақтарға жауап жаз

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Сен нешінші партада отырасың?

Сен нешінші жылы дүниеге келдің?

Бүгін аптаның нешінші күні?

Қазір жылдың нешінші айы?

Сергіту сәті

Танымал әнші Қайрат Нұртастың орындауындағы «Әке» әнін тыңдату


  1. Толғаныс.

«Әке, мен сізге ризамын» ойтолғау жазыңдар.




Сабақты бекіту.

  1. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз.
    A) Сан есім.
    B) Зат есім.
    C) Сын есім.
    D) Етістік.
    2. Мәтінде кездескен мақалды табыңыз.
    А) Туған жерге туың тік.
    В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
    С) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
    D) Әке – балаға сыншы.

    3. Реттік сан есімді белгілеңіз.
    A) Жүз.
    B) Тоғызыншы.
    C) Бесеу.
    D) Отыздаған.
    4. Реттік сан есімнің жұрнағын табыңыз.
    А) – ау, - еу.
    В) – тан, - тен.
    С) – ыншы, - інші.
    D) – шы, - ші.
    5. Абай Құнанбаев неше жасында ел басқару ісіне араласқан?.
    А) Бес
    B) Он үш
    C) Сегізінші
    D) Он тоғызыншы

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қай тапсырма ұнады?

Үйге тапсырма

Әке туралы 5 мақал-мәтел жазу, жаттау.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Әке – балаға сыншы. Сабақ жоспары.

Автор: Мусина Гулнур Жумабаевна

Дата: 09.11.2017

Номер свидетельства: 437951

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашық сабақ тақырыбы: "Менің атым-Қожа""
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk_sabak_tak_yryby_mienin_atym_k_ozha"
    ["file_id"] => string(6) "387463"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486140189"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "С. Ж?нісов «А?ыр?ы б?йге» "
    ["seo_title"] => string(27) "s-zhunisov-ak-yrg-y-b-ighie"
    ["file_id"] => string(6) "126658"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415203999"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Мені? с?йікті отбасым" "
    ["seo_title"] => string(22) "mienin-suiikti-otbasym"
    ["file_id"] => string(6) "189270"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426852339"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Менің жанұям"
    ["seo_title"] => string(18) "mienin_zhanu_iam_2"
    ["file_id"] => string(6) "417588"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495441291"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "?ыс?а мерзімді жоспар Ана тілі"
    ["seo_title"] => string(34) "k-ysk-a-mierzimdi-zhospar-ana-tili"
    ["file_id"] => string(6) "327805"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463498273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства